Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңрарын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен штат санының белгіленген лимиті шегінде бекітіледі.
Бөлімнің құрамына:
1.бөлім басшысы – 1 бірлік;
2.бас мамандар – 2 бірлік кіреді.
2-тарау. Бөлімнің міндеттері, құқықтары мен міндеттері
1. Негеізгі міндеттері
1.Әйелдерге, жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге, балалар мен
жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды және үйлестіруді
қамтамасыз ету.
2.Ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша медициналық
ұйымдардың қызметін үйлестіру.
3.Ана, нәресте және бала өлімінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу.
4.Босандыру қызметі мен балалар денсаулығын сақтау қызметін жетілдіру
жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
5.Репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру.
6.Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.
7.Медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету.
8.Басқарма басшылығына талдамалық ақпараттар, есептер және ұсыныстар дайындау.
2. Құқықтары мен міндеттері
Бөлімнің құқықтары:
1.Қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға.
2.Статистикалық, медициналық және талдамалық ақпаратты сұратуға.
3.Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге.
4.Комиссиялардың, кеңестердің және жұмыс топтарының жұмысына қатысуға.
5.Өз құзыреті шегінде мемлекеттік орындармен, медициналық ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға.
Бөлімнің міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау.
2.Жүктелген тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау.
3.Денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарын сақтау.
4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.
5.Қызметтік ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету.
3. Бөлімнің функциялары
1.Ана денсаулығын сақтау саласында:
2.Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету.
3.Ана өлімінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және оны төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
4.Перинаталдық орталықтар мен босандыру ұйымдарының қызметін үйлестіру.
5.Жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің мониторингін жүргізу.
6.Ана өлімі мен ауыр акушерлік асқынулар жағдайларын талдауды ұйымдастыру.
7.Әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру.
Бала денсаулығын сақтау саласында:
1.Балаларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіру.
2.Нәресте және бала өлімінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу.
3.Нәресте және бала өлімін төмендету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
4.Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізу.
5.Балалар стационарларының, балалар емханаларының және мамандандырылған қызметтердің жұмысын үйлестіру.
6.Нәресте және бала өлімі жағдайларын талдауды ұйымдастыру.
Қызметті ұйымдастыру саласында:
1.Ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу.
2.Бейінді комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру.
3.Медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу көрсету.
4.Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметінің көрсеткіштерін талдау.
5.Медициналық көмекті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Жалпы функциялары:
1.Бұйрықтардың жобаларын дайындау.
2.Хаттардың жобаларын дайындау.
3.Талдамалық материалдарды, анықтамалар мен есептерді дайындау.
4.Жеке және заңды тұлғалардың Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.
5.e-Otinish,eGov,Documentologжәне басқа ақпараттық жүйелер арқылы келіп түсетін құжаттарды қарау және жауаптар дайындау.
6.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрліге және өзге де мемлекеттік органдарға есептілікті дайындау.
7.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкиматінің Бөлімнің құзыретіне жататын тапсырмалары мен актілерінің, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттардың және мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын құжаттардың берілген өкілеттіктер мен белгіленген рұқсат шеңберінде орындалуын қамтамасыз етеді.
8.Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
9.Бөлімге келіп түскен өтініштерді, тапсырмаларды және өзге де құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды, қарауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
10.Бөлімнің бақылауындағы тапсырмалардың, өтініштердің және өзге де бақылаудағы құжаттардың белгіленген мерзімдерде орындалуына мониторинг жүргізеді.
11.Келіп түскен өтініштерге, тапсырмаларға және өзге де құжаттарға талдау жүргізеді, жүйелі мәселелерді анықтайды және оларды шешу бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді.
12.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті іс жүргізуді, құжаттардың есебін жүргізуді және сақталуын қамтамасыз етеді.
13.Қазақстан Республикасының заңнамасына, Басқарманың ережесіне және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Бөлім қызметін ұйымдастыру
1.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
2.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және қызметінен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Бөлім басшысы:
1.бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2.бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын ұйымдастырады;
3.Басқарма басшылығының тапсырмаларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
4.бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;
5.атқарушылық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізеді;
6.бөлім қызметі үшін дербес жауапты болады.
7.Бөлім басшысы Басқарма басшысына бөлім қызметін жетілдіру; құрылымы мен штат санын жетілдіру; аналар мен балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру; бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
8.Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде оның міндеттерін Басқарма басшысының бұйрығымен айқындалған бас маман орындайды.
Бас маман:
1.өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді;
бұйрықтардың, хаттардың, талдамалық материалдар мен есептердің жобаларын дайындауға қатысады;
2.өзіне берілген өкілеттіктер шегінде бөлім басшысының міндеттерін орындайды.
3.Бөлімде дайындалған құжаттарға бөлім басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
4.Бөлім өз құзыреті шегінде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен, медициналық ұйымдармен, ғылыми ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
4-тарау. Жауапкершілік
1.Бөлім өзіне жүктелген функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуына; ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына; Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына; құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуына; қызметтік ақпараттың сақталуына; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына; мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына; жоғары тұрған органдар мен Басқарма басшылығының тапсырмаларының орындалуына жауапты болады.