Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы

    Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1-тарау. Жалпы ережелер

    Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Болім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің актілерін, Басқарма туралы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.

    Бөлімнің құрылымы мен штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен штат санының белгіленген лимиті шегінде бекітіледі.

    Бөлімнің құрамына:

    1. бөлім басшысы – 1 бірлік;

    2.бас мамандар – 2 бірлік.

    2-тарау. Бөлімнің міндеттері, құқықтары мен міндеттері

    1. Негізгі міндеттері

    1.Басқарманың кадрлық жұмысын ұйымдастыру;

    2.Басқарма қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

    3.Басқарма қызметін әкімшілік сүйемелдеуді ұйымдастыру;

    4.мемлекеттік қызмет және еңбек қатынастары мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    5.жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысын ұйымдастыру;

    6.атқарушылық тәртіпті үйлестіру;

    7.құжаттарды мұрағаттық сақтауды ұйымдастыру;

    8.бөлімнің қызмет бағыттары бойынша талдамалық ақпарат пен есептілікті дайындау;

    8.бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу көрсету.

    2. Құқықтары мен міндеттері

    Бөлімнің құқықтары:

    1.қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;

    2. кадрлық, статистикалық және қызметтік ақпаратты сұратуға;

    3.Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;

    4.комиссиялардың, кеңестердің және жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;

    5.бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзари іс-қимыл жасауға.

    Бөлімнің міндеттері:

    5.Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

    6.тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;

    7.мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және еңбек заңнамасын сақтауға;

    8.дербес деректер туралы заңнама талаптарын сақтауға;

    9.кадрлық құжаттар мен қызметтік ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге;

    10.сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауға.

    3. Бөлімнің функциялары

    Кадр жұмысы саласында:

    1.кадрлық іс жүргізуді ұйымдастыру;

    2.қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, еңбек демалыстарын және іссапарларын ресімдеу;

    3.мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлердің жеке істерін жүргізу;

    4.жеке құрам бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау;

    5.әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

    6.мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды, аттестаттауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

    7.кадрлық есептілікті қалыптастыру;

    8.мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізу.

    Әкімшілік және жалпы жұмыс саласында:

    1.Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚазақстанRepublicсы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің Бөлімнің құзыретіне жататын тапсырмалары мен актілерінің, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттардың және мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын құжаттардың берілген өкілеттіктер мен белгіленген рұқсат шеңберінде орындалуын қамтамасыз етеді;

    2.жеке және заңды тұлғалардың Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды;

    3.Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

    4.Бөлімге келіп түскен өтініштерді, тапсырмаларды және өзге де құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды, қарауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

    5.Бөлімнің бақылауындағы тапсырмалардың, өтініштердің және өзге де бақылаудағы құжаттардың белгіленген мерзімдерде орындалуына мониторинг жүргізеді;

    6.келіп түскен өтініштерге, тапсырмаларға және өзге де құжаттарға талдау жүргізеді, жүйелі мәселелерді анықтайды және оларды шешу бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді;

    7.Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес тиісті іс жүргізуді, құжаттардың есебін жүргізуді және сақталуын қамтамасыз етеді;

    8.e-Otinish,eGov,Documentologжәне басқа ақпараттық жүйелерде жауаптар дайындау;

    9.Қазақстан Республикасының заңнамасына, Басқарманың ережесіне және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.


    3-тарау. Бөлім қызметін ұйымдастыру

    Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.

    Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және қызметінен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    Бөлім басшысы:

    1.бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

    2.бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын ұйымдастырады;

    3.Басқарма басшылығының тапсырмаларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

    4.бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;

    5.атқарушылық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізеді;

    6.бөлім қызметі үшін дербес жауапты болады.

    Бөлім басшысы Басқарма басшысына:

    1.бөлім қызметін жетілдіру;

    2.бөлімнің құрылымы мен штат саны;

    3.кадрлық және әкімшілік жұмысты жетілдіру;

    4.бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

    Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде оның міндеттерін Басқарма басшысының бұйрығымен айқындалған бас маман орындайды.

    Бас маман:

    1.өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    2.бұйрықтардың, хаттардың, талдамалық материалдар мен есептердің жобаларын дайындауға қатысады;

    3.өзіне берілген өкілеттіктер шегінде бөлім басшысының міндеттерін орындайды.

    Бөлімде дайындалған құжаттарға бөлім басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

    Бөлім өз құзыреті шегінде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігмен, жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекемелермен өзарі іс-қимыл жасайды.


    4-тарау. Жауапкершілік

    Бөлім:

    1. өзіне жүктелген функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуына;

    2.ұсынылатын кадрлық және қызметтік ақпараттың дұрыстығына;

    3.Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

    4.құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуына;

    5.мемлекеттік қызмет туралы және еңбек заңнамасының сақталуына;

    6.кадрлық құжаттар мен қызметтік ақпараттың сақталуына;

    7.дербес деректер туралы заңнама талаптарының сақталуына;

    8.сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына;

    9.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы облысы әкімдігінің және Басқарма басшылығының тапсырмаларының орындалуына жауапты болады.

    Жүктеу
    ПОЛОЖЕНИЕ об Отделе административной и кадровой работы
    DOCX · 29 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    Стационарлық көмек бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Стационарлық көмек бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Бөлім өз қызм...

    Ереже

    Алғашқы медициналық-санитариялық көмек, амбулаториялық-емханалық көмек, қоғамдық денсаулық сақтау, дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    1-тарау. Жалпы ережелер Алғашқы медициналық-санитариялық көмек, амбулаториялық-емханалық көмек, қоғамдық денсаулық сақтау, дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денс...

    Ереже

    Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі туралыЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлі...

    Ереже

    Бухгалтерлік есеп, экономика, мемлекеттік сатып алу және құрылыс бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    1-тарау. Жалпы ережелер 1.Бухгалтерлік есеп, economic, мемлекеттік сатып алу және құрылыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табыл...

    Конкурстар

    Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу конкурсы

    «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне ведомстволық бағынысты келесі ұйымдардағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың байқау кеңестерінің мүшелерін ірі...

    Ақпарат

    2026 жылдың 09 ақпанындағы №27-Ө «Алматы облысының 2026 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын айқындау туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    2026 жылдың 09 ақпанындағы №27-Ө «Алматы облысының 2026 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде стационарлық және (немесе) стац...

    Хаттама

    № 6 конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    Протокол заседания конкурсной комиссии № 6

    Басқа

    № 5 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    № 5 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы