Бухгалтерлік есеп, экономика, мемлекеттік сатып алу және құрылыс бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1.Бухгалтерлік есеп, economic, мемлекеттік сатып алу және құрылыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.

    3.Бөлімнің құрылымы мен штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен белгіленген штат санының лимиті шегінде бекітіледі.

    4. Бөлімнің құрамына:

    бөлім басшысы – 1 бірлік;

    бас мамандар – 5 бірлік кіреді.

    2-тарау. Бөлімнің міндеттері, құқықтары мен міндеттері

    1. Негізгі міндеттері

    1.Басқарманың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу.

    2.Басқарманың бюджетін қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету.

    3.Қаржылық-экономикалық қызметті жоспарлау.

    4.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және үйлестіру.

    5.Денсаулық сақтау объектілерін салу, күрделі жөндеу және реконструкциялау мәселелерін үйлестіру.

    6.Бюджет қаражатының игерілуіне және мемлекеттік сатып алудың орындалуына мониторинг жүргізу.

    7.Қаржылық, бюджеттік және талдамалық есептілікті дайындау.

    8.Қарасты ұйымдарға бөлім құзыреті шегінде ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету.

    2. Құқықтары мен міндеттері

    Бөлімнің құқықтары:

    1.Қажетті ақпаратты, құжаттарды және мәліметтерді сұратуға және алуға.

    2.Қаржылық, бухгалтерлік, экономикалық және статистикалық есептілікті сұратуға.

    3.Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге.

    4.Комиссиялардың, кеңестердің және жұмыс топтарының жұмысына қатысуға.

    5.Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзари іс-қимыл жасауға.

    Бөлімнің міндеттері:

    1.Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау.

    2.Жүктелген тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

    3.Бюджет заңнамасының талаптарын сақтау.

    4.Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау.

    5.Бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың талаптарын сақтау.

    6.Қаржылық құжаттар мен қызметтік ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету.

    7.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.

    3. Бөлімнің функциялары

    Бухгалтерлік есеп саласында:

    1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу.

    2.Қаржылық есептілікті қалыптастыру.

    3. Жалақыны және өзге де төлемдерді есептеу.

    4.Активтердің, міндеттемелердің және мүліктің есебін жүргізу.

    5. Бастапқы бухгалтерлік құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылау.

    6.Бухгалтерлік есептілікті дайындау.

    Экономика саласында:

    1.Басқарманың бюджетін жоспарлау.

    2. Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру.

    3.Қаржылық-экономикалық есептеулерді дайындау.

    4. Бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізу.

    5.Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді талдау.

    6.Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

    Мемлекеттік сатып алу саласында:

    1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

    2.Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру.

    3. Конкурстық құжаттаманы дайындау.

    4.Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сүйемелдеу.

    5.Мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына мониторинг жүргізу.

    6. Мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті дайындау.

    Құрылыс саласында:

    1.Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын үйлестіру.

    2.Медициналық ұйымдардың күрделі жөндеу жұмыстарын үйлестіру.

    3.Инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

    4.Құрылыс және жөндеу жоспарларының орындалуын бақылау.

    5.Объектілерді салу мен реконструкциялау қажеттілігін талдау.

    6.Құрылыс мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және мердігер ұйымдармен өзари іс-қимыл жасау.

    Әкімшілік және жалпы жұмыс саласында (жаңа өзгерістермен):

    1.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің Бөлімнің құзыретіне жататын тапсырмалары мен актілерінің, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттардың және мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын құжаттардың берілген өкілеттіктер мен белгіленген рұқсат шеңберінде орындалуын қамтамасыз етеді;

    2.жеке және заңды тұлғалардың Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды;

    3.Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен өзари іс-қимылды қамтамасыз етеді;

    4.Бөлімге келіп түскен өтініштерді, тапсырмаларды және өзге де құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды, қарауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

    5.Бөлімнің бақылауындағы тапсырмалардың, өтініштердің және өзге де бақылаудағы құжаттардың белгіленген мерзімдерде орындалуына мониторинг жүргізеді;

    6.келіп түскен өтініштерге, тапсырмаларға және өзге де құжаттарға талдау жүргізеді, жүйелі мәселелерді анықтайды және оларды шешу бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді;

    7.Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес тиісті іс жүргізуді, құжаттардың есебін жүргізуді және сақталуын қамтамасыз етеді;

    8.Бұйрықтар мен хаттардың, талдамалық материалдардың, анықтамалар мен есептердің жобаларын дайындайды, сондай-ақe-Otinish,eGov,Documentologжәне басқа ақпараттық жүйелерде жауаптар дайындауды жүзеге асырады;

    9.Қазақстан Республикасының заңнамасына, Басқарманың ережесіне және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    3-тарау. Бөлім қызметін ұйымдастыру

    1.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.

    2.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және қызметінен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    3. Бөлім басшысы:

    1.бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

    2.бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын ұйымдастырады;

    3.Басқарма басшылығының тапсырмаларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

    4.бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;

    5.атқарушылық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізеді;

    6.бөлімнің қызметі үшін дербес жауапты болады.

    4.Бөлім басшысы Басқарма басшысына бөлім қызметін жетілдіру, бөлімнің құрылымы мен штат санын жетілдіру, бухгалтерлік есепті, қаржылық-экономикалық қызметті, мемлекеттік сатып алуды және құрылыс қызметін жетілдіру, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

    5.Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде оның міндеттерін Басқарма басшысының бұйрығымен айқындалған бас маман орындайды.

    6.Бас маман өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді; бұйрықтардың, хаттардың, талдамалық материалдар мен есептердің жобаларын дайындауға қатысады; өзіне берілген өкілеттіктер шегінде бөлім басшысының міндеттерін орындайды.

    7.Бөлімде дайындалған құжаттарға бөлім басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қолқояды.

    8.Бөлім өз құзыреті шегінде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен, медициналық және мердігер ұйымдармен белсенді өзари іс-қимыл жасайды.

    4-тарау. Жауапкершілік

    Бөлім мыналарға жауапты болады:

    1.өзіне жүктелген функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуына;

    2.ұсынылатын қаржылық, бюджеттік және бухгалтерлік ақпараттың дұрыстығына;

    3.Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

    4.бюджет заңнамасының талаптарының сақталуына;

    5.мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына;

    6.бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың сақталуына;

    7.құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуына;

    8.қаржылық құжаттар мен қызметтік ақпараттың сақталуына;

    9.сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына;

    10.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, 11.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан 12.Республикасы Қаржы министрлігінің, Алматы облысы әкімдігінің және Басқарма басшылығының тапсырмаларының орындалуына.

    Жүктеу
    ПОЛОЖЕНИЕ об Отделе бухгалтерского учета, экономики, государственных закупок и строительства
    DOCX · 30 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    Стационарлық көмек бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Стационарлық көмек бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Бөлім өз қызм...

    Ереже

    Алғашқы медициналық-санитариялық көмек, амбулаториялық-емханалық көмек, қоғамдық денсаулық сақтау, дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    1-тарау. Жалпы ережелер Алғашқы медициналық-санитариялық көмек, амбулаториялық-емханалық көмек, қоғамдық денсаулық сақтау, дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денс...

    Ереже

    Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі туралыЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлі...

    Ереже

    Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Болім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі бо...

    Конкурстар

    Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу конкурсы

    «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне ведомстволық бағынысты келесі ұйымдардағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың байқау кеңестерінің мүшелерін ірі...

    Ақпарат

    2026 жылдың 09 ақпанындағы №27-Ө «Алматы облысының 2026 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын айқындау туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    2026 жылдың 09 ақпанындағы №27-Ө «Алматы облысының 2026 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде стационарлық және (немесе) стац...

    Хаттама

    № 6 конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    Протокол заседания конкурсной комиссии № 6

    Басқа

    № 5 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    № 5 Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы