Сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда не істеу керек?

    Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда не істеу керек?

    Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтардың әл-ауқатына және өскелең ұрпақтың болашағына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның маңызды міндеті болып табылады.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір азамат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауға, сондай-ақ оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге құқылы.

    Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдардың қорғалуына кепілдік береді.Мұндай адамдар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғалады.

    Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда жүгінуге болады?

    Егер Сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының куәгері болсаңыз, пара талап ету жағдайына тап болсаңыз немесе ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, төмендегі тәсілдердің бірі арқылы хабарлай аласыз:

    1.1424 тегін нөміріне қоңырау шалу.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің байланыс орталығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарламаларды қабылдайды. Мамандар қажетті түсіндірмелер беріп, одан әрі қандай әрекеттер жасау керектігі туралы ақпарат ұсынады.

    2.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіненемесе оның аумақтық бөлімшелеріне жазбаша өтінішпен жүгіну.

    3.Электрондық өтініш жолдау.Электрондық үкіметтіңeGov.kz порталы арқылы e-Otinish электрондық өтініштер сервисін пайдаланып, өтініш беруге болады.

    4.Мемлекеттік органдардың ресми электрондық арналары арқылы жүгіну, оның ішіндеeOtinish.kz платформасын пайдалану.

    Өтініш берген кезде болжамды құқық бұзушылықтың мән-жайларын барынша толық баяндау, оқиғаның орны мен уақытын, оған қатысы бар адамдарды көрсету, сондай-ақ растайтын материалдар болған жағдайда оларды қоса ұсыну ұсынылады.

    Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін сыйақы қарастырылған ба?

    Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу шаралары көзделген.

    Көтермелеу біржолғы ақшалай сыйақы беру, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

    Көтермелеуге негіз болатын жағдайлар:

    • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жасалғаны туралы хабарлау;
    • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған іздеудегі адамның орналасқан жері туралы ақпарат беру;
    • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге ықпал еткен өзге де жәрдем көрсету.

    Ақшалай сыйақының мөлшері қандай?

    Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының санатына және ауырлық дәрежесіне байланысты белгіленеді.

    Егер параның, келтірілген залалдың немесе ұсынылған жеңілдіктер мен көрсетілген қызметтердің құны 1 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспаса не залал болмаса, мынадай сыйақы мөлшерлері көзделеді:

    • 30 АЕК– сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;
    • 40 АЕК– онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша;
    • 50 АЕК– ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша;
    • 70 АЕК– ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша;
    • 100 АЕК– аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша.

    Егер параның, келтірілген залалдың немесе ұсынылған жеңілдіктер мен көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен асса, сыйақы мөлшері тиісті соманың 10 пайызын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен аспайды.

    Сыйақы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар сақталған жағдайда төленеді.

    Сыйақыны қалай алуға болады?

    Заңнамада көзделген сыйақыны алу үшін:

    1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысында жәрдем көрсетілген уәкілетті органға жүгіну;

    2.Тиісті өтініш беру;

    3.Қажетті құжаттарды, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және банк шотының деректемелерін ұсыну;

    4.Ұсынылған құжаттардың қаралуын және уәкілетті органның тиісті шешім қабылдауын күту қажет.

    Көтермелеу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларына» сәйкес, кейінгі өзгерістер ескеріле отырып айқындалады.

    Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды қорғау

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің қорғауында болады.

    Уәкілетті органдар тиісті мәліметтердің қорғалуын және заңнамада белгіленген кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз етеді.

    Әрбір азамат заңдылық, әділдік, ашықтық және адалдық қағидаттарына негізделген қоғамды қалыптастыруға өз үлесін қоса алады.

    Сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейжай қарамаңыз!

    Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 нөміріне хабарлаңыз!

    Сыбайлас жемқорлықты бірге жояйық!

    Жүктеу
    Что делать, если вы столкнулись с коррупцией?
    Что делать, если вы столкнулись с коррупцией?
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Интернет желісімен қамтамасыз ету

    Интернет желісімен қамтамасыз ету Абай облысында 326 елді мекен бар (4 қала және 322 ауыл), 322 ауылдық елді мекеннің 80%-ы, яғни 260 елді мекен сымды және мобильді интернетке қолжетімді. «Қолжетімді интернет» Ұлттық жоб...

    Ақпарат

    КИБЕРБУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ!

    КИБЕРБУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ! Әр экранның ар жағында сезімі мен эмоциясы бар адам отырғанын ұмытпайық! Кибербуллинг — интернет арқылы адамды қорлау, мазақ ету, қорқыту немесе ол туралы жалған ақпарат тарату. Бұл жай ғана әзіл...

    Ақпарат

    Цифрландыру

    Қазақстандағы цифрландыру денсаулық сақтаудың, білім берудің, мемлекеттік басқарудың, мәдениеттің және басқалардың негізгі салаларын қозғайды. Цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауі...

    Ереже

    «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жасанды интеллект бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    1-қосымшаАбай облысының Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының20__ жылғы « » __________ № ___ бұйрығына «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жасанды интеллект бөлімі туралы ЕР...

    Ереже

    ЕРЕЖЕ цифрландыру бөлімі туралы «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ

    БЕКІТІЛГЕН Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының2026 жылғы ____ ___________ № ___ бұйрығы ЕРЕЖЕ цифрландыру бөлімі туралы «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ Жалпы ережелер Цифрл...

    Ақпарат

    Цифрлық технологиялар басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері