1-қосымша |
«Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жасанды интеллект бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Жасанды интеллект бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, облыс әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысымен бекітіледі.
- Жасанды интеллект бөлімі мыналардан тұрады:
1) бөлім басшысы;
2) бас маман;
3) бас маман;
Бөлімнің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
- Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, Үкімет пен Премьер-Министрдің өкімдері, орталық атқарушы органдардың актілері, облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері негізінде экономиканың негізгі салаларында жасанды интеллект саласындағы қойылған міндеттерді тиімді әрі уақтылы шешу.
2) Абай облысы әкімдігі жүйесінде, Басқармада, жергілікті атқарушы органдарда және өзге де органдар мен ұйымдарда жасанды интеллект саласындағы инфрақұрылымды қалыптастыру, дамыту және оңтайландыру.
3) Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында жасанды интеллект саласын дамыту.
- Құқықтары мен міндеттері:
Құқылы:
1) бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді басқа мемлекеттік органдардан сұратуға;
2) жасанды интеллект мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Бөлім құзыреті шегінде өткізілетін іс-шараларды әзірлеу және іске асыру үшін тиісті басшылардың келісімімен басқа қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға;
3) басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, аудан және қала жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;
5) өз құзыреті шегінде кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
6) Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының, аудан және қала әкімдіктерінің жасанды интеллект бөлімі құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметіне талдау жүргізуге;
7) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
8) басшылықтың қарауына басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге.
9) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
10) басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді өз құзыреті шегінде қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларға жауап беруге;
11) Абай облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;
12) облыс атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
13) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге;
14) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаға сәйкес қызметті жүзеге асыруға;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға;
16) жасанды интеллект саласындағы бірыңғай талаптардың, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту талаптарының және деректерді басқару талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
- 7. Бөлімнің функциялары:
- жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік сатып алулар бойынша техникалық шарттар мен техникалық тапсырмаларды әзірлеу;
- жасанды интеллект саласындағы шарттардың орындалуына мониторинг жүргізу;
- жасанды интеллектті дамыту мәселелері бойынша талдамалық материалдар мен ұсыныстар дайындау;
- облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында жасанды интеллектті дамыту бөлігінде үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында көзделген жасанды интеллект жобаларын үйлестіру, бақылау және іске асыру;
- жергілікті атқарушы органдарға жасанды интеллектті дамыту мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
- мемлекеттік орган құзыреті шегінде жасанды интеллект саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
- жасанды интеллект жобаларын және оған қатысты нормативтік құқықтық актілерді насихаттау жөніндегі PR-стратегияны іске асыру;
- жасанды интеллект мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар өткізу бойынша ұсыныстар дайындау;
- жасанды интеллект мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
- жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
- жасанды интеллект жобаларын әзірлеуге қатысу;
- халықтың жасанды интеллект технологияларын қолдану бөлігінде цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жағдай жасау және жұмыстарды ұйымдастыру;
- облыста жасанды интеллект жобаларын дамыту және енгізу мәселелері бойынша материалдар мен ұсыныстар дайындау;
- жасанды интеллект саласындағы жол карталарын орындау жұмыстарын ұйымдастыру;
- жасанды интеллект жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді қолдануды жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде жасанды интеллектті қолдану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және шаралар қабылдау;
- халықтың мемлекеттік органдармен және ұйымдармен цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
- жасанды интеллект жобаларын іске асыру;
- жасанды интеллект саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;
- қоғамдық қауіпсіздік саласындағы жасанды интеллект жобаларын үйлестіру және іске асыру;
- жеке және заңды тұлғалардың жасанды интеллект саласына қатысты өтініштерін қарау және тиісті жауаптар мен ұсыныстар дайындау;
- жасанды интеллект саласындағы бірыңғай талаптардың, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту және деректерді басқару талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- «электрондық әкімдікті» жасанды интеллект технологияларын енгізу бөлігінде дамыту;
- «электрондық үкімет» сервис интеграторына жасанды интеллект жобалары бойынша техникалық құжаттаманы және бағдарламалық шешімдерді сақтау және беру;
- жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
- жасанды интеллект бағыттары бойынша есептік ақпаратты дайындау және іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін талдау;
- Абай облысы аумағында «Бірыңғай байланыс орталығы - 109» жобасына жасанды интеллект технологияларын енгізу, бірыңғай байланыс орталығын сүйемелдеу және дамыту, көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Tomorrow School» білім беру орталығының қызметін үйлестіру;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «TUMO» білім беру орталығының қызметін үйлестіру;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Цифрлық трансформация картасын» іске асыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Planka» жобасы бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Smart City» жобасы шеңберінде іс-шараларды үйлестіру;
34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
35) қоғамдық қауіпсіздік саласындағы жасанды интеллект жобаларын үйлестіру және іске асыру;
36) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның мүддесіне қарсы шығарылған сот актісіне барлық сот сатыларында уақтылы апелляциялық тәртіппен шағым жасау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 қаулысымен бекітілген Орталық және жергілікті атқарушы органның заң қызметі туралы Үлгілік ережеге қоса берілген алгоритмді сақтай отырып, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына наразылық келтіру туралы өтінішпен жүгіну;
37) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігімен көзделген сот актілеріне апелляциялық шағым беру немесе сот актілеріне дау айту туралы өтініш беру құқығын келісу туралы сұранысты қарау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 қаулысымен бекітілген Орталық және жергілікті атқарушы органның заң қызметі туралы Үлгілік ережеге қоса берілген алгоритмді сақтай отырып, тиісті лауазымды тұлғаға ұстаным білдіру.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- 8. Бөлім өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қажетті өкілеттіктерге ие.
- 9. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
- 10. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, сондай-ақ оның функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
- 11. Бөлім басшысы Басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
- 12. Осы мақсатта бөлім басшысы:
12.1. бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
12.2.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бөлім атынан өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Жасанды интеллект
бөлімінің басшысы____________А.Ж. Жаркын