Цифрландыру

    Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Қазақстандағы цифрландыру денсаулық сақтаудың, білім берудің, мемлекеттік басқарудың, мәдениеттің және басқалардың негізгі салаларын қозғайды. Цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамытудың2023 - 2029 жылдарға арналған Тұжырымдамалары сияқты бағдарламалар мен бастамалар тиімді цифрлық инфрақұрылымды құруға, қызметтер сапасын жақсартуға және елдің барлық азаматтары үшін технологиялардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Цифрландыру экономикалық өсуге ықпал етіп қана қоймай, адамдардың өмірін жақсарту, бизнес мүмкіндіктерін кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өткен жөн.

    Қазіргі уақытта облыс аудандарында жедел басқару орталықтарын қосу, бейнебақылау жүйелерін орнату және нысандарды талшықты-оптикалық байланыс желілерімен (ТОБЖ) қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

    Аталған іс-шараларды іске асыру жедел басқару орталықтардын тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, бейнеағындарды орталықтандырылған түрде қабылдау және мониторинг жүргізуге, сондай-ақ жедел ден қою тиімділігі мен аудандардағы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

    Облыста мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін арттыру бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша edu.astanahub.com білім беру платформасында жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 3341 мемлекеттік қызметшісі оқуды және қорытынды тестілеуді сәтті аяқтады.

    Оқу барысында қызметшілер жасанды интеллект технологиялары мен заманауи цифрлық құралдарды жұмыс процесінде тиімді қолдануға бағытталған модульдерді меңгерді. Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті электрондық сертификаттар берілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламасымен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

    2026 жылғы туристік маусымға дайындық шеңберінде Абай облысының Мақаншы ауданында орналасқан Алакөл көлінің жағалауында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және туристік инфрақұрылымды цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл шаралар өңірге келетін туристер ағынының тұрақты өсуіне байланысты іске асырылды.
    2026 жылдың 10 айында бірыңғай байланыс орталығына (109) жалпы 16457 өтініш түсті.

    2026 жылдың 10 айында«Таза Қазақстан» платформасына 631 өтініш түсті, оның ішінде: орындалуда – 0, орындалған – 586, жойылған – 45, мерзімі бұзылған - 3.

    Қала және аудандар бойынша:

    1.Семей қ. – 329 (315 орындалған, 14 жойылған, мерзімі бұзылған - 3),

    2.Курчатов қ. – 23 (23 орындалған),

    3.Абай ауданы –24 ( 19 орындалған, 5 жойылған ),

    4.Ақсуат ауданы – 24 (2 3 орындалған, 1 ж ойылған ),

    5.Аягөз ауданы –20 ( 2 0 орындалған),

    6.Бесқарағай ауданы –37 ( 34 орындалған, 3 жойылған),

    7.Бородулиха ауданы – 12 ( 11 орындалған, 1 жойылған),

    8.Жаңасемей ауданы –49 ( 47 орындалған, 2 жойылған),

    9.Жарма ауданы –32 (2 4 орындалған, 8 жойылған),

    10.Көкпекті ауданы – 14 (1 4 орындалған),

    11. Мақаншы кенті –19 ( 15 орындалған, 4 жойылған),

    12. Үржар ауданы –48 ( 41 орындалған, 7 жойылған).

    2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде «Біріккен байланыс орталығы – 109» қызметкерлері «Сергек» жүйесінің бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы Семей қаласында абаттандыру және қоғамдық қауіпсіздік бағыттары бойынша 1 803 оқиғаны анықтады.

    2026 жылы өңірде IT-саланы дамыту, цифрлық технологияларды ілгерілету және инновациялық жобаларды қолдау бағытында жұмыстар жүргізілді.

    Аталған бағытта Семей қаласындағы Semey Hub IT-хабының қызметін дамытуға басымдық берілді. Хаб өңірдегі IT-мамандарды, жас кәсіпкерлерді және инновациялық жобаларды әзірлеушілерді біріктіретін алаң ретінде IT-кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

    Есепті кезеңде Startup Orda бағдарламасын іске асыру аясында стартап-жобаларды дамыту, бизнес-жоспар әзірлеу және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытында жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, хаб алаңында IT-саланы дамытуға, инновациялық идеяларды қолдауға және цифрлық кәсіпкерлікті ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

    Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы аясында Абай облысының әкімдігі мен шетелдік компаниялар арасында су ресурстарын цифрландыру, цифрлық трансформация және аталған бағыттарға инвестициялар тарту салаларындағы ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қою жоспарлануда.

    Отырысқа қатысу және келіссөздер жүргізу үшін Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Эльдар Құсманұлы Бақпаевтың Израильге сапары жоспарланған. Сапар барысында су ресурстарын есепке алу мен мониторинг жүргізудің цифрлық жүйелерін енгізу, оларды басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ өңір экономикасының салаларында заманауи технологиялық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылау көзделуде.

    Сонымен қатар Freedom компаниясымен Абай облысының аумағында деректерді өңдеу орталығын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, деректерді сақтау және өңдеу қуаттарын ұлғайтуға бағытталған жобаны іске асыру мүмкіндігі мен ынтымақтастық шарттары қарастырылуда.

    Семей қаласында Astana Hub филиалы — Semey Hub ашылғаннан бері өңірдің ақпараттық технологиялар саласын дамытуға, стартаптарды қолдауға және қатысушылардың цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған 30 іс-шара өткізілді. Технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға, ақпараттық технологиялар мамандары, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер және бизнес өкілдері арасында өзара байланыс орнатуға ерекше назар аударылды. Өткізілген іс-шаралар жергілікті ақпараттық технологиялар қауымдастығының қалыптасуына және инновациялық жобаларды әзірлеу мен ілгерілетуге жағдай жасауға ықпал етті.

    Жүктеу
    Цифровизация
    Цифровизация
    DOCX · 2 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда не істеу керек?

    Сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда не істеу керек? Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтардың әл-ауқатына және өскелең ұрпақтың болашағына елеулі қауіп төндір...

    Ақпарат

    Интернет желісімен қамтамасыз ету

    Интернет желісімен қамтамасыз ету Абай облысында 326 елді мекен бар (4 қала және 322 ауыл), 322 ауылдық елді мекеннің 80%-ы, яғни 260 елді мекен сымды және мобильді интернетке қолжетімді. «Қолжетімді интернет» Ұлттық жоб...

    Ақпарат

    КИБЕРБУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ!

    КИБЕРБУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ! Әр экранның ар жағында сезімі мен эмоциясы бар адам отырғанын ұмытпайық! Кибербуллинг — интернет арқылы адамды қорлау, мазақ ету, қорқыту немесе ол туралы жалған ақпарат тарату. Бұл жай ғана әзіл...

    Ереже

    «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жасанды интеллект бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    1-қосымшаАбай облысының Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының20__ жылғы « » __________ № ___ бұйрығына «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жасанды интеллект бөлімі туралы ЕР...

    Ереже

    ЕРЕЖЕ цифрландыру бөлімі туралы «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ

    БЕКІТІЛГЕН Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының2026 жылғы ____ ___________ № ___ бұйрығы ЕРЕЖЕ цифрландыру бөлімі туралы «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ Жалпы ережелер Цифрл...

    Ақпарат

    Цифрлық технологиялар басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері