Интернет желісімен қамтамасыз ету
Абай облысында 326 елді мекен бар (4 қала және 322 ауыл), 322 ауылдық елді мекеннің 80%-ы, яғни 260 елді мекен сымды және мобильді интернетке қолжетімді.
«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен «Қазақтелеком» АҚ арасында ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз ету бойынша инвестициялық келісімге қол қойылған болатын. Бұл жоба аясында 2026-2027 жылдар аралығанда Абай облысының 160 ауылдық елді мекені талшықты-оптикалық байланыс желілері қосылып, аз қоныстанған 18 ауылдық елді мекен спутниктік байланыс арқылы интернет желісімен қамтылатын болады. Қазіргі уақытта бұл бағытта Абай облысы бойынша қарқынды жұмыстар жүруде.
Бұдан бөлек Абай облысы бойынша республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойынан интернет желісімен қамтамасыз ету үшін 40 антенна діңгек құрылымын салу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын «Транстелеком» АҚ тарапынан жүргізілетін болады.
Биылғы жылы Аягөз ауданы бойынша Карыағаш, Сарыарқа, Ақши ауылдары интернет желісіне қосылса, Жаңасемей ауданы бойынша Каштак, Талица, Гранитное ауылдары 4G технологиясымен жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді.
Облыс орталықтарын 5G технологиясымен қамтамасызету тапсырмасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде, атап айтатын болсақ, Семей қаласында 2026 жылы жиыны 73 базалық станция жұмыс істеп тұр. 2027 жылдың соңына дейін 116базалық станцияны іске қосу жоспарланған.
Бұдан бөлек Аягөз қаласы бойынша да 2026 жылдан бастап 5G технологиясымен қамтамасыз ету басталды.
Алакөл туристік аумағында мобильді байланыс пен интернет сапасын арттыру
Алакөл туристік аймағында ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту мақсатында байланыс операторлары мен жергілікті атқарушы орган тарапынан бірнеше жобаларды іске асыру көзделген болатын.
Алакөл жағалауына алғаш рет талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы іске асырылды. Аталған жоба «Қазақтелеком» АҚ-ның жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып, қажетті құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 165-демалыс үйіне талшықты-оптикалық байланыс желісі қосылды.
Сонымен қатар, облыстық бюджет қаражаты есебінен көл жағалауында қосымша 2 антенна-діңгек құрылымы салынып, нәтижесінде, көл жағалауы мобильді байланыс және интернет желісінің сапасы арттырылды.
Сонымен қатар, Қабанбай ауылында интернет желісінің сапасын жақсарту мақсатында «Кар-Тел» ЖШС («Beeline» сауда белгісі) тарапынан және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС («Tele2» сауда белгісі) тарапынан антенна-діңгек құрылымдарының құрылысы аяқталып, 4G технологиясы іске қосылды.