БЕКІТІЛГЕН
Абай облысының цифрлық
технологиялар басқармасы
басшысының
2026 жылғы ____ ___________
№ ___ бұйрығы
ЕРЕЖЕ
цифрландыру бөлімі туралы
«Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ
- Жалпы ережелер
- Цифрландыру бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының» (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
- Цифрландыру бөлімі:
1) бөлім басшысының;
2) бас маман;
3) бас маман;
4) бас маман.
- Бөлімнің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Мақсаты:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдеріне, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне, орталық атқарушы органдардың актілеріне, әкімдік қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне сәйкес экономиканың негізгі салаларын цифрландыру саласында қойылған міндеттерді тиімді әрі уақтылы шешу;
- Абай облысы әкімдігінің цифрландыру саласындағы инфрақұрылымын Басқармада, жергілікті атқарушы органдарда және өзге де органдар мен ұйымдарда қалыптастыру, дамыту және оңтайландыру;
- Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларындағы цифрландыру бағытын дамыту.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) Облыстық, аудандық және басқа да мемлекеттік органдардан Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату;
2) Тиісті басшылардың келісімімен цифрландыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін, сондай-ақ Бөлім өз құзыреті шегінде өткізетін іс-шараларды әзірлеу және іске асыру үшін басқа қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлерін тарту;
3) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
4) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;
5) Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
6) Цифрландыру бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізу;
7) Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
8) Басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізу.
9) Заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
10) Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларды басқаруға жіберілген өтініштерді қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беру;
11) Мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
12) Облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
13) Мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік, консультациялық көмек көрсету;
14) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» сәйкес қызметті жүзеге асыру;
15) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
16) Цифрландыру саласындағы бірыңғай талаптардың, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
17) Ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді қолдануды жүзеге асыру;
- Функциялары:
- цифрландыру саласындағы шарттардың орындалуына мониторинг жүргізу;
- цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша талдамалық материалдар мен ұсыныстар дайындау;
- цифрландыруды дамыту бөлігінде облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген цифрландыру жобаларын үйлестіру, бақылау және іске асыру;
- цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
- цифрландыруды және цифрландыруға байланысты нормативтік құқықтық актілерді насихаттау бойынша PR-стратегияны іске асыру.цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
- цифрлық жобаларды әзірлеуге қатысу;
- халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жағдай жасау және жұмысты ұйымдастыру;
- облыста цифрлық жобаларды дамыту және енгізу мәселелері бойынша материалдар мен ұсыныстар дайындау;
- цифрландыру саласындағы Жол карталарының орындалуын ұйымдастыру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту талаптарының, деректерді басқару талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
- келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын толықтыруды жүзеге асыру, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;
- салалық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау;
- ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
- өз құзыреті шегінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және шаралар қабылдау;
- цифрландыру жобаларын іске асыру;
- цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;
- облыстың атқарушы органдары мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттандыру саласындағы қызметін орталықтандырылған түрде жүргізу;
- цифрландыру саласындағы бірыңғай талаптардың, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту талаптарының, деректерді басқару талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Абай облысында іске асырылатын цифрландыру жобаларын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу;
- «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту талаптарының, «электрондық әкімдік» үлгілік архитектурасының, деректерді басқару талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- үлгілік архитектураға сәйкес «электрондық әкімдікті» дамыту;
- техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз ету және оларды «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына ұсыну;
- Абай облысында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, сондай-ақ мекеменің құзыретіне жататын бағыттар мен салалар бойынша Абай облысын дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;
- мекеменің құзыретіне жататын бағыттар бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүргізу үшін уәкілетті органға есептік ақпарат ұсыну, тиімділікті бағалау қорытындыларын талдау, көрсеткіштерді жақсарту бойынша жоспарлар әзірлеу және іс-шараларды іске асыру;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- қоғамдық қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобаларды үйлестіру және іске асыру;
- дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтініштерін қарау және тиісті шешім қабылдау;
- электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы Үлгілік ережеге қоса берілген алгоритмді сақтай отырып, барлық сот инстанцияларында мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына наразылық келтіру туралы өтінішпен жүгіну;
- Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот шешіміне апелляциялық шағымдану құқығын немесе сот актілеріне дау айту құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы Үлгілік ережеге қоса беріліп отырған алгоритмді сақтай отырып, тиісті лауазымды адамға позиция енгізу 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072;
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
- Бөлімді заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
- Осы мақсатта бөлім басшысы:
12.1 бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерін айқындайды.
12.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Цифрландыру бөлімінің
басшысы____________ Р. К. Жунусов