АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында
invest.enpf.kzинвестициялық порталына жүгінетін
қазақстандықтардың саны артып келеді
2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатын толық көлемде жеке басқаруға бере алады.
Осылайша, салымшылардың басқарушы компанияны таңдау және зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктері кеңейді. Енді жинақтарды бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) мен инвестициялық портфель арасында бөлуге болады. Бұл азаматтарға өздерінің зейнетақы капиталын басқарудың түрлі нұсқаларын пайдалануға жол ашады.
Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға беру мүмкіндігі инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) жасалатын аударымдар санының өсуіне ықпал етті. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында жалпы сомасы шамамен 66,7 млрд теңгені құрайтын 73 456 аударым жасалса, 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 56 956 аударым жүзеге асырылып, олардың жалпы сомасы шамамен 92,0 млрд теңгеге жетті.
Зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары ерекше белсенділік танытып отыр.
Аталған кезеңдер бойынша өңірлер бөлінісіндегі толық статистикалық мәліметтер төменде келтірілген.