«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін

    уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.

    Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақыны жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жасқа, әйелдер – 2026 жылы 61 жасқа толғанда.

    БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

    БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарды тапсыра алады. Осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз, өйткені бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін аса маңызды. Оны тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі.

    Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін берілген жағдайда, өтініш берген күн зейнеткерлік жасқа толған күн болып есептеледі. Ал зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жүгінген жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтініштің тіркелген күні өтініш берген күн болып есептеледі.

    Сонымен қатар, телефон нөмірлері eGov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толуына 2 ай қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындату үшін жақын жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуге болатыны туралы ескертіліп, egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесінің сілтемесі көрсетіледі. Яғни зейнетақы төлемдерінің белгіленген мерзімде рәсімделуі үшін мемлекеттік органдар тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.

    Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша төлем алу үшін жүгінбеген азаматтарға қатысты Қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, осы азаматтарға жыл сайын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалған-тағайындалмағанын тексеру мақсатында салыстырып тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша БЖЗҚ төлемдерді проактивті форматта, яғни өтінішсіз жүзеге асырады.

    Бұдан бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап дәл осындай өтінішсіз тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қатысты да енгізілді. Бұл тәртіп зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға қолданылады.

    ЕЗЖ есебінен (болған жағдайда)зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі:

    ·зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;

    ·ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру.

    Мүгедектік белгіленуіне, 50 жасқа толуына байланысты ЕЗЖ есебінен төлем алу үшінБЖЗҚ бөлімшелеріне немесе ресми сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүгіну қажет.

    Мүгедектігі бар адамдар үшін БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес беріліп, қызметтерді қашықтан алу мүмкіндігі тексеріледі.

    enpf.kz сайтында зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған. «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

    Жүктеу
    84cfc591b2349f54892b62804281f356458b431cfb566b50ebb625387f4cde6f_original.59653.docx
    DOCX · 58 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы 29.10.2026 Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зе...

    Ақпарат

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kzинвестициялық порталына жүгінетін қазақстанд...

    Ереже

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағда...

    Ақпарат

    Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы...

    Ереже

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін ба...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері Бұрын қалай болд...

    Ақпарат

    ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

    Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы Келісімнің қабылдану тарихы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 ж...

    Ақпарат

    БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

    БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет? БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімд...