Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

    Ақпараттық хабарлама

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға

    сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері

    Бұрын қалай болды?

    2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді.

    2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс бұл мүмкіндікті кеңейтті. Атап айтқанда, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігіне ие болды.

    Қазір не өзгерді?

    2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын да толық көлемде жеке басқаруға бере алады.

    Бұл өзгеріс қандай мүмкіндік берді?

    Аталған жаңашылдық салымшылар үшін өз жинақтарының инвестициялық кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Енді әрбір салымшы өзінің зейнетақы активтерін кім және қандай инвестициялық стратегия бойынша басқаратынын дербес таңдай алады. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы мен инвестициялық портфель арасында бөліп орналастыруға болады. Бұл зейнетақы капиталын басқарудың баламалы жолдарын көбейтіп, салымшыларға өз мүддесіне сай шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы тек сырттай бақылаушы рөлін атқаратын үлгіден адамның ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде өзінің қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда.

    Инвестициялық портал туралы

    Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімді бола түсуі салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауына белсенді қатысуына жағдай жасайды.

    Осы мақсатта 2026 жылдың басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) invest.enpf.kz арнайы инвестициялық порталын іске қосты. Портал зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға бергісі келетін салымшыларға дұрыс шешім қабылдап, жинақтарын жедел аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, зейнетақы активтерін басқаруға қатысты негізгі мәліметтер біртұтас цифрлық кеңістікке жинақталған. Соның арқасында салымшылар қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралға қол жеткізді.

    Инвестициялық портал пайдаланушылары:

    ·инвестициялаудың негізгі ұғымдарымен таныса алады;

    ·басқарушы компаниялардың әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілігін салыстырып, оның өзгеру динамикасын бақылай алады;

    ·инвестициялық портфельдердің құрылымын зерделеп, зейнетақы активтерінің қандай қаржы құралдарына орналастырылғанын біле алады;

    ·инвестициялық декларациялар мен стратегияларды зерттеп, олардың өз мақсаттары мен мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетінін бағалай алады.

    Деректер талдамасынан салымшылардың инвестициялық құралдарға деген қызығушылығы артып, өздерінің зейнетақы жинақтарын саналы түрде басқаруға ұмтыла бастағанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, invest.enpf.kz порталы іске қосылған сәттен бастап оның бірегей пайдаланушыларының саны тұрақты түрде өсіп, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шамамен 82 мың адамға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілген қыркүйек айында тіркелді.

    Статистика не дейді?

    Статистикалық деректер салымшылардың зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару белсенділігі де айтарлықтай артқанын көрсетеді.

    Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 6 қыркүйек аралығында зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударған салымшылар саны 44 167 адамды, ал аударылған қаражаттың жалпы сомасы 69,1 млн теңгені құраса, 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 14 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 32 921 салымшының аударған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 92,2 млн теңгеге жетті.

    Жүктеу
    44f8e1006eb91df8a289973061765a4ae46a1d95785440ea6c06f140a12bc53e_original.73456.docx
    DOCX · 72 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы 29.10.2026 Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зе...

    Ақпарат

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kzинвестициялық порталына жүгінетін қазақстанд...

    Ереже

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағда...

    Ақпарат

    Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы...

    Ереже

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін ба...

    Ақпарат

    ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

    Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы Келісімнің қабылдану тарихы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 ж...

    Ақпарат

    БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

    БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет? БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімд...

    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебін...