Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    ·

    Атырау облысы Мәдениет

    және тілдерді дамыту

    басқармасы басшысының

    2026 жылғы « » мамырдағы

    №_____ бұйрығына

    1-қосымша

    Атырау облысы Мәдениет

    және тілдерді дамыту

    басқармасы басшысының

    2026 жылғы « » мамырдағы

    №_____ бұйрығымен бекітілген

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімі туралы ереже

    (06-01-14-04)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының бекітілген лимиті шегінде басқарма басшысы бекітеді.
    4. Бөлім:

    1) бөлім басшысынан;

    2) 3 (үш) бас маманнан тұрады.

    2-тарау. Бөлімініңмақсаттары, құқықтары мен міндеттері

    1. Мақсаты:
    • Өңірде мәдениет, өнер, тарихи-мәдени мұраны қорғау, ономастика және тіл саясатын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету;
    • Мемлекеттік тілдің және өңірдегі этностар тілдерінің қолданылу аясын кеңейту, тілдерді оқыту инфрақұрылымын дамыту және тілдік кемсітушілікке жол бермеу;
    • Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендер мен нысандарға атау беру және қайта атау процесінің заңдылығын, тарихи негізділігін және ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету.
    1. Құқықтары мен міндеттері:

    Құқықтары:

    • Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағыныстағы мекемелерден, сондай-ақ қалалық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардан бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, есептер мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
    • Мемлекеттік шығармашылық, әлеуметтік тапсырыстарды орындайтын өнім берушілерден және ҮЕҰ-лардан көрсетілетін қызметтердің сапасы, мазмұны мен орындалу шарттары бойынша заңнама аясында есептілікті талап етуге;
    • Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасының сақталуы мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерде, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде заңмен белгіленген шекте мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға және анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды үйлестіруге;
    • Бөлім құзыретіне жататын мәселелер, оның ішінде ономастика, тіл саясаты және мәдениет саласы бойынша кеңестер, отырыстар, семинарлар, жұмыс топтары мен алқа мәжілістерін ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
    • Басқарма басшылығына мәдениет және тілдерді дамыту мекемелерінің қызметін жетілдіру, тарихи-мәдени мұраны қорғау және бюджет қаражатының қаржыландыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
    • Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды ынталандыру (марапаттау, тәртіптік жауапкершілікке тарту) жөнінде басқарма басшылығына ұсынымдар беруге;
    • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа мәдениет нысандарын салу, ескерткіштерге мәртебе беру, монументтік өнер туындыларын орнату немесе ономастикалық атауларды өзгерту мәселелері бойынша салалық қорытындылар, Жол карталары мен ұсыныстар әзірлеуге құқылы.

    Міндеттері:

    • Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс әкімі мен әкімдігінің шешімдерін, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын нақты, сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз етуге;
    • Ведомстволық бағыныстағы мәдениет, өнер және тілдерді оқыту мекемелерінің қызметіне тиімді жетекшілік етуді және олардың бюджеттік бағдарламалар аясындағы жоспарлық көрсеткіштерінің орындалуын бақылауға;
    • Балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырыстардың және ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобаларының заңды, ашық, белгіленген стандарттарға сай әрі нысаналы игерілуіне мониторинг жүргізуге;
    • Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, сақтау, зерделеу және оларға ғылыми-реставрациялық пен археологиялық жұмыстар жүргізу кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
    • Жоғары тұрған органдарға мәдениет саласы мен тіл саясатының дамыту көрсеткіштері, мемлекеттік органдардың құжатайналымының жай-күйі және есептері бойынша шынайы әрі сапалы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынуға;
    • «Ашық деректер» порталы мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерде, сондай-ақ басқарманың ресми интернет-ресурстарында бөлімнің бағыты бойынша мәліметтерді уақтылы жаңартып, мониторинг жүргізуге;
    • Бөлім қызметіне, соның ішінде ономастика мен тіл мәселелеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыз-шағымдарын) «Е-Өтініш» жүйесі арқылы заңда белгіленген мерзімде қарауға және заңды әрі дәлелді жауаптар дайындауға міндетті.
    1. Функциялары:
    • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың актілерін, тапсырмаларын және басқарма басшысының бұйрықтарын орындау жұмыстарын үйлестіру;
    • Аудандардың мәдениет мекемелерінің, театр-концерттік ұйымдардың, халық шығармашылығы орталықтарының, музейлер мен кітапханалардың қызметіне әдістемелік жетекшілік жасау;
    • Мәдениет, өнер және тіл саясаты саласындағы өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралардың орындалу барысын талдау және тоқсандық, жылдық есептерді қалыптастыру;
    • Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты және мәдениет саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және іске асыру жұмыстарын жүргізу;
    • Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын, оларға қорғау міндеттемелерінің рәсімделуін, қала құрылысы жобаларында тарихи-сәулет тірек жоспарларының ескерілуін қамтамасыз ету;
    • Облыстық ономастикалық комиссияның қызметін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен нысандарды атау/қайта атау бойынша ұсыныстарды зерделеу және Республикалық ономастика комиссиясына жолдау;
    • Өңірдегі ономастика, топонимика және «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша мәліметтер банкін қалыптастыру және тұрақты жаңарту;
    • Тіл саясатын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен, этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды дамыту, өңірде тегін тілдік курстар мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының жұмысын ұйымдастыру;
    • Этностардың ана тілдерін оқытуға жағдай жасау және шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
    • Көрнекі ақпарат пен жарнамалық мәтіндерді рәсімдеуді біріздендіруді үйлестіру, тілдік ортаны дамыту мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    Бөлім Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

    Бөлім басқарма басшысының орынбасарына тікелей бағынады.

    3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

    1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
    2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
    3. Бөлімнің басшысы Бөлім қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    4. Бөлімнің басшысы облыс әкімі аппаратының басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
    5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
    Жүктеу
    f924a642a56ab41acd08d964564191a9_original.24261.docx
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №26 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Жарияланды: