«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға конкурс

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің №1017 бұйрықтары негізінде «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасыныңҚызылқоға тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

    Кәсіпорынның мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 41 үй.

    Лауазымдық міндеттері:

    Музей (бұдан әрі – Музей) жалпы қызметіне, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;

    Мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    Музей қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;

    Музейдің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    Музейдің саясаты мен стратегиясын анықтайды, музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді;

    Жоспарлар, бағдарламалар мен жобаларды жасау мен жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет саласында олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;

    Ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

    Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

    Музейді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық жағдайды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;

    Шарттар жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есепті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда мүліктік мүдделерін қорғайды және өкілеттік етеді.

    Кәсіпорын қызметкерлерін аттестаттау жұмысын ұйымдастыру.

    Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

    Музейге келіп түскен өтініштердің мерзімінде және сапалы орындалуын қадағалау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    білімі:

    кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

    жұмыс өтілі:

    1) мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;

    Білуі тиіс:

    Конституцияны;

    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Азаматтық кодекс);

    Бюджет кодексін;

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс);

    Еңбек кодексін;

    «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

    дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.

    ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

    Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

    3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

    4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтың көшірмелері;

    6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ны;

    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік мекеменің веп-порталдарына жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

    Атырау қаласы. Әйтеке би 77, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Анықтама телефоны:8(7122) 32-41-37. (электрондық мекен жайы:[email protected] )

    Құжаттардың тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін бекітеді және 5 жұмыс күн ішінде үміткерлермен әңгімелесуді өткізеді.

    Жүктеу
    8b6ca728c9740e4f004593dce8acb476_original.19081.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу
    76e61df74b61d77f6c511df7c1e2e0d2_original.18874.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарлама

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберілген төмендегідей үміткерлер тізімі

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберілген төмендегіде...

    Ақпарат

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының 2026 жылғы тамыз айы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

    2026 жылғы бюджет қаражатының игерілуі (01.09.2026 ж. жағдайы) (мың теңге) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Бюджеттік сыныптама атауы Бюджеттік сыныптама коды Сомасы Пайыз Игерілмеу...

    Ақпарат

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін...

    Бюджет

    2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік паспортқа енгізілген өзгерістер

    Ақпарат

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының 2026 жылғы шілде айы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

    2026 жылғы бюджет қаражатының игерілуі (01.08.2026 ж. жағдайы) (мың теңге) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Бюджеттік сыныптама атауы Бюджеттік сыныптама коды Сомасы Пайыз Игерілмеу...

    Ақпарат

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының 2026 жылғы маусым айы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

    2026 жылғы бюджет қаражатының игерілуі (01.07.2026 ж. жағдайы) (мың теңге) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Бюджеттік сыныптама атауы Бюджеттік сыныптама коды Сомасы Пайыз Игерілмеу...

    Ереже

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының 2026 жылғы « » мамырдағы №_____ бұйрығына 1-қосымша Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының 2026 жылғы « » мамырдағы №_____ бұйр...

    Ереже

    Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №26 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы