Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысын төмендегіше жолдайды.

    1.1. тармақ бойынша: Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ережесі мен функцияларына қосымша Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен өзгерістер енгізілді.

    1.2. тармақ бойынша: Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтары қайта бекітілді. Облыс әкімі аппаратымен біліктілік талаптарына өзгерістер енгізу үшін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келісім алынып, бекітілді.

    1.3 тармақ бойынша: Басқармадағы автокөлік жүргізуші бос қызмет орны Enbek.kz платформасына жарияланып ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап қызметкер жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ, басқарманың теңгеріміндегі 2 (екі) қызметтік көлікке GPS құрылғысы сатып алынып, тиісті автокөліктерге орнатылды.

    1.4 тармақ бойынша: Басқарма басшысының біліктілік талабына ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және мемлекеттік органның мүдделерін білдіру, сондай-ақ (соның ішінде жоғары тұрған органдардың) уақтылы және сапалы орындалуына дербес бақылау жасау функциялары енгізілді.

    Театр қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру, олардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту мақсатында қызметкерлерді кезең-кезеңімен біліктілікті арттыру курстарына және салалық оқыту іс-шараларына қатыстыру жоспарланып отыр.

    Осы жоспар аясында 2026 жылғы 18–19 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласында өткен, еліміздің мәдениет қызметкерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерін біріктірген ауқымды республикалық форумға театр мамандары қатысты. Аталған іс-шараға театрдың шебер жарық берушісі Данабек Бисенгалиев пен дыбыс режиссері Жамарт Төлепқалиев қатысып, салалық тәжірибе алмасу, заманауи мәдени, сахналық-техникалық қамтамасыз ету және шығармашылық үдерістерді ұйымдастыру бағыттары бойынша білімдерін жетілдіріп, кәсіби біліктіліктерін арттырды. Алға қарайда мәдениет және өнер мекемелерінің техникалық қызметкерлеріне арналған біліктілік арттыру семинарлары ұйымдастырылып тұрады.

    2.1. тармақ бойынша: Басқармаға қарасты барлық ведомстволық мекемелердің теңгеріміндегі қызметтік автокөліктерге GPS құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ, басқарманың іссапар шығыстарын негіздемесін және артық төленбеуі, жол жүру бағыттары бойынша тиісті құжаттардың түпнұсқаларын бақылап отыру үшін басқарма тарапынан үнемі бақылаулар жүргізіліп, іссапар актілерімен бірге рәсімделіп отырады.

    3.1. тармақ бойынша: Басқармаға қарасты квазимемлекеттік мекемелердің комплаенс мамандары мемлекеттік сатып алу заңнамасына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, тиісті ұсынымдар енгізіліп отыр.

    3.2. тармақ бойынша: Атырау Жастар театрының штаттық құрылымына және басқару схемасына сәйкес, аталған театрдың басшысы мен оның жұбайы яғни, әртіс қызметкері арасында тікелей бағыныстылық жоқ екендігі анықталды. Сондай-ақ, аталған театрдың ақылы қызметтерінің құнын есептеу тәртіптемесі қайтадан бекітілді.

    4.1 тармақ бойынша: Бірыңғай кадр жүйесі» ақпараттық жүйесіне жүргізілген мониторинг қортындысы бойынша басқармаға қарасты ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қолданыстағы заңнама шеңберінде белгіленген мөлшерлемеден артық қызмет атқаратын қызметкерлер қызметі зерделенді.

    «Бірыңғай кадр жүйесі» ақпараттық жүйесіне жүргізілген мониторинг қортындысы бойынша анықталған қызметкерлер Басқармаға қарасты, Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясы, Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры, Атырау Жастар театрында 0,25, 0,5 мөлшерлемесімен қоса қызмет атқаруда. Аталған мекемелерде қоса атқарып отырған қызметкерлердің негізгі жұмысы Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжісінде екендігі анықталып, түзету жұмыстары жүргізілді.

    Бүгінгі күні қолданыстағы заңнама сәйкес, басқармаға қарасты мекемелерде 1,75 мөлшерлемесінен жоғары қызмет атқарып отырған қызметкерлер жоқ.

    4.2 тармақ бойынша: Басқармаға қарасты мәдениет және өнер ұйымдарының теңгеріміндегі сахналық костюмдер, реквизиттер және жабдықтардың тізбесі мекеменің арнайы есеп алу базасына енгізілген. Аталған теңгерімде тұрған заттарды аудандық, ауылдық мәдениет үйлеріне қайтарымсыз беру рәсімі қолданыстағы заңнама сәйкес жүзеге асырылып келеді.

    4.3 тармақ бойынша: Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы басқарманың үнемі бақылауында

    Ұқсас материалдар

    Хабарлама

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберілген төмендегідей үміткерлер тізімі

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберілген төмендегіде...

    Ақпарат

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының 2026 жылғы тамыз айы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

    2026 жылғы бюджет қаражатының игерілуі (01.09.2026 ж. жағдайы) (мың теңге) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Бюджеттік сыныптама атауы Бюджеттік сыныптама коды Сомасы Пайыз Игерілмеу...

    Бюджет

    2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік паспортқа енгізілген өзгерістер

    Хабарландыру

    «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға конкурс

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің №1017 бұй...

    Ақпарат

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының 2026 жылғы шілде айы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

    2026 жылғы бюджет қаражатының игерілуі (01.08.2026 ж. жағдайы) (мың теңге) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Бюджеттік сыныптама атауы Бюджеттік сыныптама коды Сомасы Пайыз Игерілмеу...

    Ақпарат

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының 2026 жылғы маусым айы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

    2026 жылғы бюджет қаражатының игерілуі (01.07.2026 ж. жағдайы) (мың теңге) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Бюджеттік сыныптама атауы Бюджеттік сыныптама коды Сомасы Пайыз Игерілмеу...

    Ереже

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының 2026 жылғы « » мамырдағы №_____ бұйрығына 1-қосымша Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының 2026 жылғы « » мамырдағы №_____ бұйр...

    Ереже

    Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №26 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы