Шахтинск қаласының 1, 2, 3, 4, 15, 17, 18-орамдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы

    «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

    Қарағанды облысы Шахтинск қаласының 1, 2, 3, 4, 15, 17, 18-орамдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу 2021 жылғы 17 наурыздағы № 32 Шахтинск қаласының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Колдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жасалған шарт негізінде, сондай-ақ 2012 жылы «Қазгипроград» жобалау институты әзірлеген Шахтинск қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бекітілген бас жоспарының материалдарына және тапсырыс беруші ұсынған бастапқы материалдарға (деректерге) сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының ҚН 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес орындалады (4.1.3.1-тармақша. Жалпы ережелер).

    Қарағанды облысы Шахтинск қаласының 1, 2, 3, 4, 15, 17, 18-орамдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕЖЖ) әзірлеуге топографиялық негіз ретінде жобаланатын аумақта «Қолдау» ЖШС орындаған, рельеф қимасының биіктігі 0,5 м болатын 1:2000 масштабтағы топографиялық түсірілім пайдаланылды. Координаттар жүйесі – шартты, биіктіктер жүйесі – Балтық жүйесі. Елді мекендердің атаулары 2021 жылғы жағдай бойынша берілген. Деректер бастапқы материалдарды жинау және аумақты заттай зерттеу барысында нақтыланды.

    Сонымен қатар аумақты дамыту және құрылыс салу схемасын әзірлеу барысында елді мекендегі қала құрылысы жүйесінің қазіргі жай-күйіне, аумақты жоспарлау ұйымына, әлеуметтік-экономикалық кешенге, демографиялық және тұрғын үй саясатына, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге, инженерлік-көлік инфрақұрылымына және қалыптасқан экологиялық жағдайға талдау жүргізілді.

    Шахтинск қаласының 1, 2, 3, 4, 15, 17, 18-орамдарын дамыту және құрылыс салу схемасын әзірлеу кезінде Шахтинск қаласының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ қаланың мүдделі қызметтері, бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері ұсынған бастапқы деректер пайдаланылды.

    Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын негіздейтін талдамалық және болжамдық материалдар елді мекеннің қала құрылысын дамытуының әлеуметтік-экономикалық және аумақтық алғышарттарын сипаттайтын маңызды орын алады. Бұл материалдарда қаланың өзара байланысты дамуы, экономика мен халықты жұмыспен қамту құрылымындағы өзгерістер үрдістері қарастырылып, қала құрылысын дамыту бағыттары, аумақты функционалдық аймақтарға бөлу, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері қамтылған.

    Шахтинск қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының ҚН 3.01-01-2013 және ҚР ЕЖ 3.01-01-2013 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылыс салу» талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес әзірленеді.

    Жобалық материалдардың көлемі мен мазмұны Қазақстан Республикасының ҚН 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларының құрамы, оларды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес орындалады.

    Жобада мынадай есептік кезеңдер қабылданады:

    • бастапқы жыл – 01.01.2021 ж.;
    • егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мерзімі – 2021–2035 жылдар.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы қыркүйек айында Шахтинск қаласында жер учаскелерін алған жеке және заңды тұлғалардың тізімі

    2026 жылғы қыркүйек айында Шахтинск қаласында жер учаскелерін алған жеке және заңды тұлғалардың тізімі

    Жоба

    Шахтинск қаласының Шахтинск совхозының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу

    "Шахтинск қаласының Шахтинск кеңшар ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу жобасын"«EUROBASIS» ЖШС 2021 жылғы 03 тамыздағы № 49 мемлекеттік сатып алу шарты негізінде"Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет...

    Жоба

    Шахтинск қаласының центр-3 шағын ауданының (кварталы) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы

    Шахтинск қаласының Центр - 3 шағын ауданының (кварталының) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 85 Шартқа сә...

    Жоба

    Қуатпен жабдықтау және телефон желісінің сұлбасы

    Тұжырымдама кезеңінде қолданыстағы қосалқы станцияларды қайта жаңғырту, моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген жабдықтарды заманауи жабдықтарға ауыстыру, сондай-ақ жақын орналасқан тұтынушылардың жүктемесіне байланыс...

    Жоба

    Сумен жабдықтау және канализация сұлбасы

    Инженерлік инфрақұрылымды дамыту.Сумен жабдықтау.«Қотыр» су қабылдағышынан барлық жобалық кезеңдерге шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау ұсынылады. Ауылдың перспективалық дамуына сәйкес: - қотыр су тартқышынан кентке дейін с...

    Жоба

    Көше-жол торабы мен көліктің сұлбасы

    Көлік және көліктік қызмет көрсету. Болашақта сыртқы автожол сақталуда, оны тиісті жағдайда ұстау қажет. Осы жобамен Долинка кентінде жолаушыларға қызмет көрсету пунктін есептік мерзімге орналастыру және такси паркін ұйы...

    Жоба

    Бас жоспар (Негізгі сызба)

    Долинка кентінің (Северо-Западный кенті) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын әзірлеу Қарағанды облысының "Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 16...

    Жоба

    Шахтинск қаласының 5,6,19,20,21 квартадарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын дайындау

    Қарағанды облысы Шахтинск қаласының 5,6,19,20,21кварталдарыныңегжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ мен "қолдау" жауапкершілігі шектеулі серікт...