Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Абаттандыру жұмыстары

    2026 жылы облыстық бюджеттен абаттандыру жұмыстарына 7 жобаға
    8,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту,
    27 ойын алаңдарын салу, Қызылорда қаласындағы 8 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне күрделі жөндеу, Қызылорда қаласына қарасты 2 елді мекенге (Ақжарма, Талсуат) жаяу жүргіншілер жолын салу, Қызылорда қаласындағы көше-жол инфрақұрылымын қайта жаңарту, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылындағы суару арық желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

    Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

    Ыстық сумен қамту бойынша

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту жобасы іске асырылуда. Жоба бойынша 26,2 млрд. теңге қаржыға 423 тұрғын үй ыстық сумен қамту жоспарланған. Жоба 2 кезеңмен іске асырылуда.

    Бірінші кезең: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау құрылысына 11 млрд.теңге бөлініп, 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

    Екінші кезең: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге бөлініп, Қызылорда қаласынның 61 КПТҮ-лердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

    Сонымен қатар, тапсырманы толық орындалу мақсатында Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 176 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтауды аяқтау үшін 10,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, үйлерді ыстық су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

    Жылумен қамту бойынша

    Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілді.

    Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға
    5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді .

    Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, 1 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу,1,3 шақырым жылу желісі 1 дана қазандық, 1 дана турбина және 10 дана автономдық қазандықтар мен негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Желілерге гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен бірге алдағы жылу беру маусымын жаңа жылу электр орталығы арқылы жылу беру маусымында 4 дана жылыту қазандығы арқылы қамтамасыз етілетін болады.

    Облыстағы жалпы саны 1 079 әлеуметтік нысандарға (505 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 322 мәдениет және спорт нысандары, 5 әлеуметтік сала) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Бүгінгі күні энергетикалық және әлеуметтік нысандарға дайындық паспортын алынды.

    Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты бақылауда.

    Жүктеу
    413a6d4b0b244af19541a09e37e66a86a19b57da8e2e45f479832c49d6827096_original.25009.docx
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2025 жылы бөлінген қаржылардың игерілуі жөнінде мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ бойынша 2025 жылы бөлінген қаржылардың игерілуі жөнінде мәлімет Шығыстардың атауы 2026 жылға нақтыланған жоспар Жоспар 30.09.2026 30.0...

    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы Мемлекет басшысының халы...

    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет Электр энергетикасы саласы бойынша Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйеле...

    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Газдандыру саласы бойынша: Қызылорда облысы аумағында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газд...

    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық...

    Ақпарат

    2026 жылы 30 қыркүйегіне қаржының игерілуі туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ бойынша 2026 жылы 30 қыркүйегіне қаржының игерілуі туралы мәлімет Бюджеттік бағдарлама коды Бюджеттік бағдарламаның аты 2026 жылға бөлін...

    Ақпарат

    «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-і

    Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына2-қосымша _________________ нысан Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты 279 - «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық б...

    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарлама паспорты 279 «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ; Жоспарлы кезең: 2026-2028 жылдарға

    Бюджеттік сұранымды жасау,ұсыну, қарау қағидаларына4-қосымша __________________ нысан Бюджеттік бағдарлама паспорты 279 «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ; Жоспарлы ке...