Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Электр энергетикасы саласы бойынша
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 608 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2058 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 60% құрайды.
2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жобамен 240 шақырым әуе желісі және 52 қосалқы станцияны қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға төмендетілу көзделуде.
Сонымен бірге, келесідей жұмыстар жүргізу жоспарлануда:
СПМК-70, Арай, Сәулет, Саяхат мөлтек аудандарын қамтыйтын 35 кВ
Л-33,34 әуе желісінің 2,5 шақырымын кабельдік желіге ауыстыру жоспарлануда.
Сабалақ, Наурыз, Махамбет, Ақсуат елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 35/10 кВ "Жаңаарық" қосалқы станциясын қайта жаңғырту.
Тасбөгет кенті, Бесарық, Амангелді, Жетікөл, Айдарлы, Жамбыл, Махамбетов ауылдарын, Ақсуат ауылдық елді мекенінің орталығын қамтамасыз ететін 30,6 шақырым 35 кВ Л-51, 52, 55, 56 әуе желілерінің сымдарын ауыстыру жұмыстары аяқталуда.
2026-2027 жылдардың бюджеттін нақтылауға «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ГПП Л-105 ВЛ-110 кВ реконструкциялау», «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» және «Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ «Шиелі» ҚС қайта жаңғырту» жобаларын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Сонымен қатар, «ҚЭТТК» АҚ-ның теңгеріміне өткізу бойынша 123 нысанның тізімі бекітіліп, құжаттар әзірленуде.