|
Бюджеттік сұранымды жасау, |
ұсыну, қарау қағидаларына |
_________________ нысан |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты
279 - «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-і
2026-2028 жылдарға
1. Жетекшілік ететін саладағы/аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары: Қызылорда облысы аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағыфункцияларды жүзеге асыру ;
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің нормативтік-құқықтық негізі:Қызылорда облысы әкімдігінің «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №208 қаулысына сәйкес құрылған. «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылдың 20 мамырдағы №560 қаулысына сәйкес құралған. Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облыстық маслихатының 2026 жылғы 28 тамыздағы №266 шешіміне және Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қыркүйектегі №201 қаулысы сәйкес.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялары, өкілеттіктері мен құзыреттері туралы мәліметтер: - облыс аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
- Облыстың газ-жылу-энергоэнергетикалық ресурстар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Тұру жағдайы мен ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-коммуналдық қоры қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіру;
- Тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
- Ауыз сумен қамту саласындағы бағдарламалардың облыста жүзеге асырылуынқамтамасыз етеді;
- Жылу желілерін дайындауды және жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады.-облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынау;
-ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ, қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
Электрмен қамту бойынша:
Әртүрлі кернеудегі 2 058 дана қосалқы станция мен 10 608 шақырым электр желісі бар. 2025 жылы құны 6.1 млрд. теңгеге 280 шақырым электр желісін және 87 дана қосалқы станция қайта жаңғыртылуда. Нәтижесінде тозу деңгейі 62%-дан 60,8%-ға төмендеді.
2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жоба аясында 240 шақырым әуе желісі, 52 дана КТПН, 35 кВ 1 қосалқы станциясын қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда.
Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға дейін төмендетіледі.
Елді мекендерді газдандыру бойынша:
- облыс аумағындағы 4 қала 100 % табиғи газбен қамтамасыз етілген (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы);
- газдандырылған елді мекендер саны – 56;
2025 жылы 18 жобаны жүзеге асыруға 17,3 млрдтеңге бөлінді (республикалық бюджет-5,7 млрд. теңге, облыстық бюджет-3,1млрд. теңге, "Самұрық-Қазына" АҚ-8,5 млрд. теңге).10 елді мекен (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ілиясов, Шаған, Дүр Оңғар, 21-бекет, Жансейіт) көгілдір отынға қосылып, 17 мыңға жуық тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды.
Нәтижесінде, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 56-ға өсті.
2026 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 4,9 млрд теңге бөлінді. (республикалық бюджет-4,2 млрд. теңге, облыстық бюджет-0,7 млрд. теңге). Оның ішінде 2 жоба өтпелі, 12 жоба жаңа жобалар.
Жыл соңына дейін, 10 елді мекеннің газдандыру жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Осыған орай, республикалық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 8,1 млрд. теңге құрайтын 19 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Жобаларды мерзімінде аяқтау нәтижесінде 10 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп, газдандырылған елді мекендер саны 66-ға жетеді деп күтілуде. Аталған жобаларды толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен қосымша 2,2 млрд. теңге көлемінде қаржы қажет.
Сонымен қатар, газдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру мақсатында 9 жаңа жоба әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Аталған жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 15 млрд. теңге көлемінде қаржы қажет.
Ауыз сумен қамтамасыз ету:
Облыс аумағындағы 4 қала 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы);
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 98,6%-ды құрап, облыс аумағында орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 11 ауылдық елді мекен болатын. Аталған елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 16,5 млрд. теңге қаржы бағытталды.
2025 жылы Арал ауданы Ақбасты, Абай, Тоқабай, Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендері топтық су құбырына қосылып, Қазалы ауданы Шәкен, Шитүбек, Сарбұлақ, Шилі елді мекендерінде ішкі су жүйелерін салынып, 2 елді мекенге су тұшытқыш қондырғысы орнатылып (Лесхоз, Бірлік) тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешілді.
Нәтижесінде, 2025 жылы облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100% құрады.
Жылумен қамтамасыз ету:
Өңірімізде жалғыз жылу энергиясымен қамтамасыз етуші кәсіпорын «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК болып табылады.
Жылу энергия көздерінің тозуы – 85%, жылу желілерінің тозуы – 40% құрайды.
Станцияның жалпы қолданыстағы қуаты электрэнергиясы бойынша 67 МВт, жылу энергиясы бойынша 355 Гкал.
2025 жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12,2 млрд.теңге қаржы қаралды.
7,9 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға – 3,6 млрд.теңге,
БОНО маркалы 3 қазандықты жаңғырту – 3,8 млрд.теңге,
Сол жағалауды жылумен қамтуға - 3,4 млрд.теңге, қалған негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу 1,4 млрд.теңге.
2026 жылы 7,4 млрд. теңге қаржы бөлу жоспарлануда. 1,2 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу, негізгі және қосалқы қондырғыларды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша:
Жылу желілерін жаңғырту жобаларын аяқтау мақсатында – 3,6 млрд. теңге бөлінуде.
1, 2 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу, негізгі және қосалқы қондырғыларды жаңғырту жұмыстарын жүргізуге – 3,8 млрд. теңге.
Анықтама ретінде: Сырдария өзенінің сол жағалауды жылумен жабдықтау (1-кезек) құрылысын аяқтауға - 1,1 млрд. теңге; Сырдария өзенінің сол жағалауынақуаттылығы 40 МВТ қазандық салу және инженердлік желілерді жүргізу–2,3 млрд. теңге; №2 ГТҚ генераторына күрделі жөндеу – 134,3 млн. тенге; №3 күштік трансформаторды 63 МВА ұлғайту – 825,7 млн. тенге; Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу – 414 млн. теңге (№6 және №9 БКЗ-220-100 қазандық агрегаттары, №3 ГТҚ турбинасы, Оңтүстік қазандықтың №1,2,3,4 КЕ-25-14С қазандық анрегаттары, 2 АБМҚ-ға күрделі жөндеу және 18 АБМК-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары, «Қазалы темір жол жылу» ЖЭО-да №3 қазандықты күрделі жөндеу). |
Жылу желілерінің тозу деңгейін азайту мақсатында облыстық бюджет қаржысы есебінен жобалар әзірленді.
Осыған байланысты, 2026-2028 жылғы республикалық бюджетті қалыптастыруға құны 12,4 млрд. теңгені құрайтын жобалар бойынша бюджеттік өтінім ұсынылды.
Жаңа жылу электр орталығы бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуатылығы 240 мегаватт электрэнергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны – 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы толығымен инвестор «Aksa Energy» түрік компаниясы тарапынан салынуда.
Қазіргі кезде, қуатылығы 176 мегаваттық 2 дана газ турбиналық қондырғылары (General Electric, АҚШ), 95 мегаваттық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы120 тонна сағатына құрайтын 2 дана бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен 150 гигакалория сағатына құрайтын 4 дана жылу қазандығы (Mimsan, Түркия) толық көлемде жеткізіліп, толығымен орнатылды.
Бүгінгі таңда, инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы тарапынан жылу орталығы тесттік режимде іске қосып, 176 мегаватт электр энергиясын өндіру қуатын пайдалануға берілуде. Ағымдағы жылы бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 мегаватт электр энергиясын шығаратын болады. Инвестициялық шартқа сәйкес станцияның қосылуы 2026 жылдың тамыз айы болып табылады.
Жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан құны 800 млрд. теңге құрайтын қуаттылығы 1 100 мегаваттық жаңа бу газ қондырғысын құрылысы жоспарлануда.
Бұл жұмыстарға әкімдік тарапынан 280 гектар жер аумағы бөлініп, қазіргі кезде технико-экономикалық негіздеме әзірленуде.
Станцияны 2029 жылы толығымен іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қоса, жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 кВ жоғары қуаттылы электр желілері салынатын болады. Инвестиция құны шамамен 220 млрд.теңгені құрайды.
Жаңартылған энергия көздері бойынша
Қызылорда облысында энергетикалық жүйеге өндірілген электрэнергиясын тұрақты беретін, жиынтық қуаты 88 Мегаватты құрайтын 3 күн электр станциясы жұмыс істейді.Сонымен қатар,өңірімізде құны 33 млрд. теңгені құрайтын 120 мегаваттық 3 күн электр станциясының жобасы жүзеге асырылуда.Арал ауданында «Альхена» ЖШС 30 МВт қуаттылығы бар күн электр станциясының құрылысын жүргізу жоспарлануда;Шиелі ауданында «Тесис» ЖШС 40 МВт және «Vigor Holding» ЖШС 50 МВт қуаттылығы бар күн электр станцияларының құрылысы жүргізілуде.
Ыстық сумен қамту бойынша
Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілген болатын. Осыған орай, жалпы құны–26,2 млрд.теңгені құрайтын 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды. Екінші кезең бойынша: 2025 жылы 237 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін 15,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде (ҚР Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге, Арнайы мемлекеттік қордан 10,2 млрд. теңге.
Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
2022 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың осал санаттарын қолдау мақсатында тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылуда. Аталған мемлекеттік қолдау шарасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалдамалы тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау қағидалары негізінде қаржы операторы болып айқындалған «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүргізіледі. 2026 жылы жеке тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға облыстық бюджеттен 73 944 мың теңге бөлініп, 1 шілдесіне 988 азаматқа төлем жасалды. Қазіргі таңда ағымдағы жылға бөлінген қаржы толығымен игеріліп, қосымша облыстықбюджеттен87 910.5 мың теңге қосымша сұратылды.
Көпқабатты үйлерді қайта жаңғырту.
Көпқабатты тұрғын үйлер саны - 1505; жөндеуді қажет ететін үйлер - 601(40 %);
2024 жылы республикалық бюджеттен 2,1 млрд.теңгеге 33 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді(Қызылорда қаласы - 18, Арал ауданы – 6,Жалагаш ауданы – 2,Сырдария ауданы – 7 үй).
Апатты көпқабатты тұрғын үйлерсаны 69 (Қызылорда қ. - 63, Сырдария ауданы – 2, Жалағаш ауданы – 1, Қармашы -3 үй).Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған барлығы 695 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.
2024 жылы облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 2025 жылдың наурыз айында 135 пәтер табысталды.2026 жылы 135 пәтер сатып алуға облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралды.
Жоғарыда аталған басқарманың міндеттерін іске асыру үшін:
2026-2028 жылға арналған бюджеттік сұраным «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығы және Қазақстан Республикасы бюджет шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы, бюджеттік шығыстардың экономикалық сыныптамасын басшылыққа ала отырып, болжам көрсеткіштері бойынша есепті кезеңге жасалынды.
4. Жауапты орындаушы немесе бірлесіп орындаушы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылатын, қызметтің күтілетін нәтижелері көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесін: «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысы, Қызылорда облысының даму жоспарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы, 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы. Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылдың 9 желтоқсанындағы №199 шешімі. Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облыстық маслихатының 2026 жылғы 15 мамырдағы №247 шешіміне және Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 мамырдағы №92 қаулысы сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
5. Функцияларды, өкілеттіктерді, құзыреттерді іске асыруға жоспарланатын шығыстар көлемдерінің қысқаша сипаттамасын немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары;
1) Жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарының жалпы сомасы: 166134469,0 мың теңге.
Факт 2024жыл |
2025жылғы есепті кезең |
Жоспарлы кезең | |||
Бекітілген |
Нақтыланған |
2026жыл |
2027жыл |
2028жыл | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
76232068,1 |
33301401,0 |
76 865 638,5 |
35 589 942,0 |
59 449 293,0 |
71 095 234,0 |
|
Бюджеттік сұранымды жасау, |
Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламаларпаспорттары туралы агрегирленген жиынтық ақпарат
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы: 279 «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-і;
Жоспарлы кезең:2026-2028жылдар
166 191 572,7
Көрсеткіштердіңатауы |
Факт 2024жыл |
2025жылғы есепті кезең |
Жоспарлы кезең | |||
Бекітілген |
Нақтыланған |
2026жыл |
2027жыл |
2028жыл | ||
Жоғары тұрған құжаттардан туындайтын нысаналы индикаторға немесе қойылған міндетке қол жеткізу үшін қажеттіліктің жалпы сомасы. |
||||||
Бюджеттікбағдарламаларәкімшісініңшығыстары лимиттерінің жалпы сомасы, оның ішінде: |
76232068,1 |
33301401,0 |
76 865 638,5 |
35 589 942,0 |
59 449 293,0 |
71 095 234,0 |
- тұрақтысипаттағышартсызбазалық шығыстар |
76232068,1 |
33301401,0 |
76 865 638,5 |
35 589 942,0 |
59 449 293,0 |
71 095 234,0 |
- жаңабастамаларғаарналғаншығыстар |
||||||
- макроэкономикалықжәнеәлеуметтіккөрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту |
||||||
- ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңбастамаларына резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін немесе жергілікті атқарушы органның резервін қалыптастыру |
||||||
Жалпы қажеттілік сомасының жеткізілген лимиттер сомасынан айырмашылығы |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Бюджеттік бағдардамалардың жалпы саны, оның ішінде: |
13 |
9 |
13 |
11 |
7 |
6 |
- ағымдағы бюджеттік бағдарламалар |
4 |
4 |
5 |
6 |
4 |
4 |
- бюджеттік даму бағдарламалары |
9 |
5 |
8 |
5 |
3 |
2 |
Нысаналы индикаторлардың жалпы саны |
7 |
7 |
7 |
7 |
7 |
6 |
Түпкілікті нәтижелердің жалпы саны |
7 |
7 |
7 |
7 |
7 |
6 |