2024 жылы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    ·

    2024 жылы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімібойынша атқарылған жұмыстары туралыақпарат

    Сәулет, құрылыс

    2024 жылы сәулет , құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен келесі жұмыстар жүргізілді:

    1. 5 АМС (антенна-діңгек құрылыстар) құрылысы бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттаманы)әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды;
    2. Көкпекті, Үлкенбокен және Көкжайық ауылдарында мал қорымдарын салу бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды;
    3. Көкпекті ауылында Әуен және өнер мектебінің құрылысы бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды;
    4. Үлгүлімәлі, Мамай, Қарамойыл, Бигаш, Шәріптоғай және Үшқұмей ауылдарындағы медициналық пункттерге инженерлік-коммуникациялық желілер салу жұмыстары аяқталды;
    5. Жүзағаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды;
    6. Көкпекті ауылындағы Саяхимов көшесін жарықтандыруды жаңғырту бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды;
    7. Көкпекті ауылындағы "Балерке" балабақшасына қосымша құрылыс салу бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары аяқталды;
    8. Көкпекті ауылында жүзу бассейнінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды;
    9. Шұғылбай, Үлкенбокен, Тассай, Үлгүлімалшы және Бигаш елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды, сондай-ақ Көкпекті ауылының бас жоспарына түзету жүргізілді;

    Сумен жабдықтау және су бұру

    Көкпекті ауданының аумағында 01.01.2025 жылға жалпы халық санымен – 13 117 адам бар. Аудан халқының орталықтандырылған сумен (қауіпсіз ауыз сумен) қамтамасыз етілуі – 81,6% (10 699 адам), орталықтандырылмаған – 18,4% (2 418 адам) құрайды.

    Ауданың 7 ауылында Көкпекті, Теректі, Тассай, Үлкенбокен, Үлгұлымалшы, Преображенка,, Көкжайық орталықтандырылған сумен жабдықтау, 7 ауылында Үшқұмей, Мамай, Үкілікыз, Бигаш, Шұғылбай, Шәріптоғай орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бар.

    Көкпекті ауданы Жансары, Толағай, Егінбұлақ,Черноярка, Мелитополь, Қарағандыкөл, Ақсу, Сүлеймен, Ақтас, Ұзынбұлақ, Қайнар, Нұра, Ақой, Қарамойыл ауылдарында 14 блокты-модульді сумен жабдықтау станциялары бар.

    Қазіргі уақытта ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 21АЕМ-ді (75,0%) құрайды, сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз етілген халық саны10 699 адам(81,6%) құрайды.

    Ауданда жалпы ұзындығы 180,75 км су құбыры желілері бар, олар "Көкпекті" ШЖҚ КМК пайдаланушы ұйымының теңгерімінде

    Көкпекті ауылындағы ұзындығы 12,0 км кәріз желілеріне "Көкпекті" ШЖҚ КМК коммуналдық кәсіпорнымен қызмет көрсетіледі.

    2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша келесі елді мекендер бойынша су құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізілді:

    1. Бигаш ауылында су құбыры желілерінің құрылысы-486,9 млн. теңге (игерілген 428,0 млн. теңге немесе 87,9%; қалған 58,9 млн. теңге);
    2. Мамай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы - 367,8 млн. теңге (игерілген 254,6 млн. теңге немесе 69,2%; қалған 113,2 млн. теңге);
    3. Шәріптоғай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы-410,0 млн. теңге (игерілген 287,3 млн. теңге немесе 70,1%; қалған 122,7 млн. теңге);
    4. Шұғылбай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы-413,3 млн. теңге (игерілген 298,1 млн. теңге немесе 72,1%; қалған 115,2 млн. теңге);
    5. Қарамойыл ауылында су құбыры желілерінің құрылысы - 276,9 млн. теңге (208,4 млн.теңге игерілді немесе 75,2%; қалдық 68,5 млн. теңге).

    Алайда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс – монтаждау жұмыстарының болмауына және өндірістік жұмыстар кестесінің артта қалуына байланысты жоғарыда аталған жобалар Шартта көзделген белгіленген мерзімде аяқталмады. 2024 жылдың наурыз айында Абай облысының тексеру комиссиясы осы 5 жоба бойынша Бигаш, Шұғылбай, Шәріптоғай, Мамай және Қарамойыл ауылдарында су құбыры желілерін салу бойынша аудиторлық тексеру жүргізді (Анықтама: аудиторлық қорытындының қорытындысы бойынша "LifeStoryInvest" ЖШС мердігер ұйымына нұсқама бойынша бұзушылықты жою туралы хат жолданды (№ 11-08/334 от 16.04.2024 жыл) 2024 жылғы 25 сәуірден ағымдағы жылғы 5 маусымға дейін).

    2024 жылғы 25 сәуірде "LifeStoryInvest" ЖШС бас мердігеріне 2024 жылғы 05 маусымға дейін-448 573,500 мың теңге сомасында Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының нұсқамасының орындалуын қамтамасыз ету бойынша хат (№107 25.04.2024 ж.) жіберілді (хатқа жауап алынбады). 2024 жылғы 06 мамырдан бастап нұсқаманы орындау жөнінде хат қайта жіберілді, алайда "LifeStoryInvest" ЖШС тарапынан іс-қимыл жасалмады.

    "Абай облысы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, өт және АҚ бөлімі" ММ толық соманы өндіріп алу бойынша Абай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз қорытындысын қайта жолдады-448 573,500 мың теңге. Талап арыз қабылданды.

    Бүгінгі таңда өтініш Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралуда. Нысан 2025 жылға ауысады.

    Сондай-ақ, 2024 жылы "ШҚО Көкпекті ауданы Ақой ауылында су құбыры желілерінің құрылысы"нысаны бойынша жұмыстар басталды. "Kaz Construction Group" ЖШС бас мердігері жалпы сомасы-540 763 910.62 (бес жүз қырық миллион жеті жүз алпыс үш мың тоғыз жүз он теңге алпыс екі тиын) теңге. "ШЫҒЫС құрылыс жобасы" ЖШС авторлық қадағалау шарт сомасы - 2 352 436.80 (екі миллион үш жүз елу екі мың төрт жүз отыз алты теңге сексен тиын).Техникалық қадағалау "Ақтаустройэксперт" ЖШС шарт сомасы -11 647 192.03 (он бір миллион алты жүз қырық жеті мың жүз тоқсан екі теңге үш тиын).

    2024 жылы бөлінген және игерілген сома - 101 000 000,0 (жүз бір миллион ) теңгені құрайды. Нысан 2025 жылға ауысады.

    Автомобиль жолдары

    Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 488,4 км құрайды, оның ішінде:

    - "Омбы-Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 120 км құрайды, жолдағы көпірлер саны – 5 дана, су өткізгіш құбырлар саны – 40 дана.

    - Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 40 км құрайды, жолдағы көпірлер саны – 3 дана, су өткізгіш құбырлар саны – 16 дана.

    - Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 282,4 км құрайды, жолдағы көпірлер саны – 5 дана, су өткізгіш құбырлар саны – 46 дана.

    Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар 282,4 шақырым жолдың 77,7 шақырымы жақсы жағдайда, 156,6 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 48,1 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

    Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ елді мекендердің көшелерінде мынадай жөндеу жұмыстары аяқталды:

    1. Теректі ауылындағы Бөгенбай Батыр, М. Мақатаев, бірлік, Мәметек, Ш. Қалдаяқов көшелеріндегі жолдарды орташа жөндеу, ұзындығы 4,120 км, сомасы - 229 086, 718 мың теңге.
    2. Тассай ауылындағы М. Төлегенов, М. Әуезов, А. Булгак, Ш. Уәлиханов көшелеріндегі жолдарды орташа жөндеу, ұзындығы 2,217 км, сомасы - 123 259, 161 мың теңге.
    3. "Толағай ауылына кіреберіс 0-13 км" аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу. Жөнделетін учаскенің ұзындығы 13 км, шарт сомасы 597 183,5 мың теңгені құрайды. Қазіргі уақытта барлық ұзындықтарда негізді орнату бойынша жұмыстар жүргізілді және 5,7 км ыстық асфальтбетон төселді.
    4. Ұзындығы 34 км, 54 768,0 мың теңге сомаға аудандық маңызы бар "Көкпекті-Бигаш" автомобиль жолын ағымдағы жөндеу.
    5. Ұзындығы 282,4 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жазғы күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 40,0 млн.теңге бөлінді.

    Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға 2024-2025 жылдың қараша-желтоқсан айларына 40 000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ауылдық округтермен ауылдық елді мекендердің ішіндегі жолдарды қардан тазарту бойынша шарттар жасалды. Елді мекендер ішіндегі жолдарды тазарту және кеңейту жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде.

    Абаттандыру

    Ауданның елді мекендерін одан әрі абаттандыру және тиісті санитарлық жағдайын ұстау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі "2024 жылға арналған аббатандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша екі айлық сенбілік туралы" қаулы қабылдады. Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша нақты іс-шаралар әзірленді.

    Іс-шараларды өткізу барысында ауданның елді мекендерінде 278 км.көшелер, 26,8 га. саябақтар мен скверлер, тұрғын үйлердің аула аумақтары, оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелері мен бюджеттік ұйымдардың аумағы тазартылды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үшін арнайы бөлінген 24 орын қанағаттанарлық жағдайға келтірілді, қоқыс шығарылды, 180,75 км. су құбыры желілеріне тексеру және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді, ағаштар, бұталар, гүлзарлар отырғызылды және ескерткіштер мен оларға іргелес аумақтарды жөндеу және абаттандыру жүргізілді.

    Сондай-ақ, ауданының аумағында иесіз және қауіпті қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілді. Екі айлықты өткізуге 2000-ға жуық адам қатысты.

    2024 жылы Көкпекті ауданының елді мекендерін абаттандыру бағдарламасы аясында ауданның елді мекендерін әрі қарай абаттандыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, аяқталды:

    1. Черноярка ауылындағы көшелерді жарықтандыру құрылғысы. Жоба сомасы-5 400,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 5 290,0 мың теңге.
    2. Көкпекті ауылдық округінің көше жарығын жайластыру толағай, Шәріптоғай, Ажа ауылдарындағы 5 көше . Жоба сомасы-40 094,0 мың теңге, шарт бойынша сома-19 800,0 мың теңге.
    3. Үлкенбокен ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы - 12 078,0 мың теңге, шарт бойынша сома-11 836,5 мың теңге.
    1. Үкілікыз ауылындағы көшелерді жарықтандыру құрылғысы. Жоба сомасы-5 400,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 5 290,0 мың теңге.
    2. Бигаш ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы-3 514,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 3 514,0 мың теңге.
    3. Егінбұлақ ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы-3 514,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 3 514,0 мың теңге.
    4. Тассай ауылындағы көшелерді жарықтандыру құрылғысы. Жоба сомасы-1 500,0 мың теңге, шарт бойынша сома-1 500,0,0 мың теңге.
    5. Тассай ауылындағы көшелерді жарықтандыру құрылғысы. Жоба сомасы-3 269,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 3 269,0 мың теңге.
    6. Үлгүлімәлі ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы-5 086,0 мың теңге, шарт бойынша сома-4 984,0 мың теңге.
    7. Сүлеймен ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы-3 514,0 мың теңге, шарт бойынша сома – 3 443,0 мың теңге.
    8. Ажа ауылында воркаутты ұйымдастыру. Жоба сомасы-11 750,0 мың теңге, шарт бойынша сома-7 450,0 мың теңге.
    9. Көкпекті ауылында спорт алаңын (18 пәтерлік үй ауданы) жайластыру. Жоба сомасы-28 092,0 мың теңге, шарт бойынша сома-13 583,0 мың теңге.
    10. Көкжайық ауылындағы көшелерді жарықтандыру тіректерін орнату. Жоба сомасы-7 927,0 мың теңге.

    Тұрғын үймен қамтамассыз ету

    Қазіргі уақытта Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың жалпы саны 3556 адамды құрайды. Оның ішінде келесі санаттар бойынша:

    1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрған мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 101 адам;
    2. Әлеуметтік осал топтары – 104 адам;
    3. Көпбалалы отбасылар – 48 адам;
    4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 91 адам;
    5. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған – 12 адам кезекте тұр.

    Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамассыз ету мақсатында 2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша жиырма бес 2 пәтерлік тұрғын үй салынды.

    Жүктеу
    Информация о проделанной работе отделом архитектуры, строительства, ЖКХ, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кокпектинского района за 2024 год
    Информация о проделанной работе отделом архитектуры, строительства, ЖКХ, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кокпектинского района за 2024 год
    DOCX · 35 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 «2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Көкпекті аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа ре...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    КӨКПЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ ҮШІН ОРЫНДАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

    № Нысанжәне оның орналасқан жері Кездесу уақыты 1 Көкпекті ауылы, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі Дүйсенбіден жұмаға дейін Сағат 10.00-дан сағат 18.00-ге дейін 2 Биғаш ауылы, ауылдық клуб Дүйсенбіден жұмаға дейін Сағат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданындағы діни ахуал туралы ақпарат

    Көкпекті ауданындағы діни ахуал тұрақты. 2026 жылдың басынан бері дінаралық қарым-қатынаста қақтығыстар болған жоқ. Діни конфессиялардың өкілдері бір-біріне түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуда. Көкпекті ауданында...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданында Мемлекеттік жастар жүзеге асырылу барысы туралы

    Ауданда 14 пен 35жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3239адамды құрайды. Оның ішінде 1652 ерлер, 1587 қыз балалар. Аудан жастарының 1806 жұмысшы жас, 611 студент, 14-18 жас аралығында 658 оқушы жас, 91 мүгедек жас және...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДА 2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА КӨКПЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Көкпекті ауданында отбасы институтын нығайту, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатта ауданда «Әйелдер істері және отбасылық-де...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданында үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс туралы Ақпарат

    Көкпекті ауданында 7 қоғамдық бірлестік, 2 қоғамдық қор тіркелген . «Абай облысы Көкпекті ауданының Ардагерлер кеңесі» ҚБ «Көкпекті ауданының Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы» ҚБ «Көкпекті жастары» ҚБ «Асыл ана»...

    Жарияланды:
    Кесте

    Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2026 жылдың І-жартыжылдығында халықпен кездесу КҮНТІЗБЕСІ

    Абайоблысы Көкпекті ауданының әкімі 13.04.2026 ж. 10.00 13.04.2026 ж. 12.00 13.04.2026 ж. 14.00 14.04.2026 ж. 11.00 14.04.2026 ж. 12.00 14.04.2026 ж. 14.00 15.04.2026 ж. 10.00 15.04.2026 ж. 11.00 16.04.2026 ж. 10.00 16.0...

    Жарияланды:
    Шешім

    Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 «2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Көкпекті аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа ре...

    Жарияланды: