Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде атқарған жұмыстар туралы.

    Абай ауданының әкімдігі

    Абай ауданының әкімдігі·

    Абай облысы әкімінің аппараты мен Абай ауданының әкімінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдері туралы барлық қажетті ақпарат фотосуретпен және байланыс телефон номерлерімен, заңсыз әрекеттерге тап болған әрбір мемлекеттік қызметші мен азаматтар жүгіне алатын қолжетімді орындарда (әкімдік ғимараты, аудан әкімдігінің интернет-ресурсы мен Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшалары) орналастырылған.

    Әдеп Кодексінің мәтіні мемлекеттік органдардың ғимараттарында орналастырылған.

    Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарының орындалуы.

    Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шаралары Абай ауданының әкімдігінің отырысы мен аппараттық кеңесте жүргізілді.

    22.01.2026 жылы аппараттық кеңесте (қатысушы мекеме басшыларының саны - 25 адам):

    18.06.2026 жылы әкімдік отырысында (қатысушы мекеме басшыларының саны -36 адам ):

    -Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің

    -мемлекеттік қызмет,

    -сыбайлас жемқорлық,

    -іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау,

    -ойын мекемесіне барудан бас тарту және тартыну,

    -әріптестерге діни нанымдарын таңбауға,

    -қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша

    -мереке күндері аралығындағы жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және бұзуға жол бермеу

    -мемлекеттік қызметшілердің бәс тігуге қатысудан бас тарту бойынша,

    -қоғамдық орындарда алгокольдік және есірткілік, масаң күйде болудың алдын алу бойынша баяндама жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Осы көрсетілген заңнамалардың талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргіздім. Жиыны жеке қабылдауға 14 адам келді.

    Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормаларын түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің интернет ресурсына 3 бейнематериал орналастырылды.

    Мемлекеттік әкімшілік қызметке ағымдағы жылы алғаш рет кірген 10 және оны тоқтатқаннан кейін қайта кірген 2 азаматқа лауазымға тағайындалған уақытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам алдында насихаттау мақсатында Абай ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Иманғалиева Зухра Әлімханқызымен арнайы бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

    Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 74 мемлекеттік қызметшілер қатысты. Әлеуметтік кепілдіктері бұзылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

    Сонымен қатар, қызметтік әдепті бұзған мемлекеттік қызметшілер жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден және мемлекеттік қызметшілерге қатысты арыз шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік органда қоғамдық саяси жағдай тұрақты.

    Мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдар бойынша ұсыныс енгізіліп, марапатталды. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде берген ұсынысымның нәтижесінде ұжымда позитивті ахуалды, мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметкерлер Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы, облыстық әділет департаментінің басшыларының және Абай ауданының әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Жиыны 28 адам марапатталды.

    Абай облысы бойынша әр-түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары.

    Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін 1050 дана брошюралар халық арасында таратылды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 10 баннер шығарылып, орналастырылды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 3 идеологиялық бейнероликтер әзірленіп, аудан әкімдігінің интернет ресурсына жарияланды.

    Кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру мақсатында ауданда құқық қорғау органдарының өкілдері, нотариус, адвокат, заңгерлердің қатысуымен «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Қамтылған адам саны - 41.

    «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай жас мемлекеттік қызметшілердің ата-атаналарына жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін алғыс хаттар табысталды.

    2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасының орындалуы.

    Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ошақбаева Мадина Еркінқызы, ауданның сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы Мағат Бағжан Аянқызы, аудан әкімі аппаратының бас маманы Ғизатова Салиха Қайыржанқызы, ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Берікболова Алуа Айдынқызымен «Мемлекеттік қызметшінің 1 күні» форматында бейнетүсірілімдер жасалды.

    Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «Мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, еңбек жағдайын жақсарту бағытында аудан әкімдігінің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында «Мемлекеттік қызметшілер жұмыста» атты фоторепортаждар сериясынан құралған рубрика ашылып, мемлекеттік қызметшілер насихатталуда.

    Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Абай ауданының Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі болған Садырбай Ақылтай Қалиоллаұлы мен Медеу ауылдық округінің әкімі болған Жақсылықов Роллан Маратұлын еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты футзалдан аудандық турнир ұйымдастырылды.

    Абай облысының жергілікті атқарушы органдары арасында өткізілген облыстық спартакиадада Абай ауданының командасы кіші футболдан жүлделі II-орынға ие болды.

    Мемлекеттік қызметші мамандығын танымал ету бойынша «Ашық есік күні» форматында ауданымыздың жоғары сынып оқушыларына аудан әкімдігінде кездесу өткізіліп, экскурсия ұйымдастырылды.

    «Үздік мемлекеттік қызметші» медалінің иегері болып табылатын Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рахымова Айжан Рахымқызы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

    Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. 2025 жылы ЖАО бойынша 16, ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша 3 тәуекелдер анықталды, жойылды. 2026 жыл бойынша бекітілген жоспарға сәйкес талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комплаенс офицерлер («Абай аудандық мәдениет үйі» мен «Риза» КМК) бекітілген.

    Қызметтік функцияларды орындау барысында ҚР заңнамасының талаптары қатаң сақталады. Қабылданатын шешімдердің заңдылығы, объективтілігі және ашықтығы қамтамасыз етіледі.

    Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық жауапкершілікке тартылу фактілері жоқ.

    Мүдделер қақтығысы фактілері орын алған жоқ.

    -Мемлекеттің мүлкі, оның ішінде қызметтік автокөліктің қолданылуы бойынша түсіндірілді. Арнайы бейнеролик әзірленді.

    Мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу мақсатында «Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізілді. Аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында лудоманиямен күрес бойынша қарсы насихат жүргізетін бейнероликтер жарияланды.

    Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде атқарған жұмысымның нәтижесі:

    «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ» байқауының облыстың кезеңінің екі мәрте жеңімпазы атандым.

    2023 жылы «АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ» атағына ие болдым.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2024 жылдың қорытынды жиынында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, еріктілер қозғалысын дамыту және Әдеп жөніндегі уәкіл институтының тиімділігін нығайту мәселелері талқыланды. Жиын барысында өзіне жүктелген Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын үлкен жауапкершілікпен және үздік атқарғаным үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталдым.

    Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін және ұжымда қолайлы моральдық - психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытындағы жұмысым жалғасын табады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі «Абай облысы Абай ауданының ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    № р/с Жер телімінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот №) Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы Жалпы ауданы, га Жалға беру мерзімі, ж...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ «Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Абай облысыАбай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ «Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы»Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 жел...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың ТІЗБЕСІ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың ТІЗБЕСІ № Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын ресми өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Сыбайлас же...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ЕРЕЖЕ

    Жалпы ережелер Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде атқарған жұмыстарым туралы.

    Абай облысы әкімінің аппараты мен Абай ауданының әкімінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдері туралы барлық қажетті ақпарат фотосуретпен және байланыс телефон номерлерімен, заңсыз әрекеттерге тап болған әрбір мемлекетті...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер сапасын операциялық бағалау бағыты бойынша

    2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша: Абай ауданы бойынша 4035 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін құжаттар 31 (б...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Діни сенім және әлеуметтік мінез-құлық: аймақ тұрғындарының пікірі

    Құрметті қала, аудан және ауыл тұрғындары! Бұл сауалнама халықтың діндарлық деңгейін, діни құндылықтардың әлеуметтік мінез-құлыққа әсерін, сондай-ақ діннің қоғамдық процестермен байланысын зерттеу мақсатында жүргізілуде....

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай ауданының мәдениеті: жетістіктер, даму және жаңа мүмкіндіктер

    Абай ауданында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб жүйелі жұмыс жасап тұр. Онда, жалпы саны 138 адам аудан көлемінде халыққа мәдени тұрғыда қызмет көрсетіп, тұрғындардың рухани қажеттілігін қамтамасыз...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды: