Абай ауданында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб жүйелі жұмыс жасап тұр. Онда, жалпы саны 138 адам аудан көлемінде халыққа мәдени тұрғыда қызмет көрсетіп, тұрғындардың рухани қажеттілігін қамтамасыз етуде елеулі еңбек етіп келеді.
2026 жылдың 8 айына 9 мәдениет ошақтары бойынша 176 мәдени іс-шара өтті.
2026 жылдың маңызды іс-шаралары:
Биылғы жыл Абай ауданының мәдени өмірінде ерекше жетістіктерге толы болды.Ең басты оқиғалардың бірі – облыстық «Абай елі – өнер кеніші» көркемөнерпаздар байқауында аудан өнерпаздарының Бас жүлдені жеңіп алуы. Бұл жеңіс аудан мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, ауданымызға заманауи жылжымалы сахна тарту етілуіне мүмкіндік берді.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ауданымыздың бірқатар өнер майталмандары жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, дарынды әртіс Космонавт Сағидоллаұлы облыстық «Руханият–2026» сыйлығының «Сахна саңлағы» номинациясының лауреаты атанды.
Сондай-ақ, қазақ ән өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін әнші Нұрбек Тұрсынұлы Қазақстан Кәсіподақтары қоғамдық бірлестігінің «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Жыл көлемінде қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі Баян Сағынбаеваның 75 жылдығына арналған «Абай елінің ән әлемінің падишасы – Ақ Баян» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылып, өнер иесінің мұрасы кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар, Наурыз мерекесі аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде ұлттық салт-дәстүрді дәріптеген этноауылдар ұйымдастырылып, ұлттық спорт ойындары мен мерекелік концерттер жоғары деңгейде өткізілді.
Алакөл жағалауында «Алакөл алаулары-2026» фестивалі аясындағы концерттік бағдарламалардың Абай облысы әкімі Б.Уәлидің бекіткен кестесіне сәйкес, «Alakol алаулары-2026» жаздың ең жарқын әуендері атты мәдени іс-шарада «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ұйымдастырып концерттік бағдарлама өткізді.
Қазақ поэзиясының алдаспаны, батыр әрі қолбасшы Ақтанберді жырау Сарыұлының 350 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынның ашылуы мен мерекелік концерт көрерменге рухани серпіліс сыйлады. Жиналған қауым баба рухына тағзым етіп, ұлттық өнеріміздің кәусар бұлағынан сусындап қайтты. Бұл кеш – бабалар аманатына деген адалдық пен елдік рухтың асқақтаған күні болды.
10 тамыз-Абай күні-Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының бай әдеби меншігін насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды дарыту және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында концерт өтті.
Материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында биыл ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстық «Абай елі – өнер кеніші» байқауында Бас жүлде иеленудің нәтижесінде ауданымызға заманауи жылжымалы сахна тарту етілді. Оның техникалық мүмкіндіктерін толықтыру мақсатында соңғы үлгідегі кәсіби дыбыс аппаратурасы сатып алынды. Бүгінде бұл кешен ашық аспан астында жоғары деңгейдегі концерттер мен мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен қатар, аудандағы барлық 9 мәдениет мекемесі жаңа кәсіби микрофондармен және заманауи ноутбуктермен қамтамасыз етілді. Бұл жабдықтар мәдениет қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, іс-шараларды жаңа форматта, сапалы техникалық деңгейде өткізуге мүмкіндік беруде.
Абай ауданының мәдениет және өнер саласын дамытуға, мәдениет нысандарының қызметін қамтамасыз етуге және жоспарлы іс-шараларды өткізуге бюджеттен қажетті қаражат толықтай бөлініп, мақсатты түрде жұмсалды.
Мәдениет ошақтарын ұстау: Аудан бойынша 9 ауылдық мәдениет нысанының үздіксіз жұмыс істеуіне, қызметкерлердің еңбекақысына және коммуналдық шығындарына қажетті қаржы уақытылы төленді.
Берілгені: 615634,9
Жұмсалғаны:
111- ерекшеліктен -28883,0
121-ерекшеліктен-1689,0
122-ерекшеліктен-1212,0
124-ерекшеліктен-790,0
116-ерекшеліктен-711,0
151-ерекшеліктен-551,0
159-ерекшеліктен-7043,0