Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    ·

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.

    Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.

    Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.

    Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.

    Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.

    Жүктеу
    fe5929f7fc0e88e921c6343b4ded6a5e_original.72077.jpeg
    JPEG · 70 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Постомат 24/7: Абай облысының тұрғындары құжаттарды алудың ыңғайлы тәсілін жиі таңдауда

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

    Саяси партияларға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі № р/с Елді-мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар 1 Қарауыл ауылдық округі «Абай» алаңы, «Айсұлу» дүкені ғимаратының...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары № р/с Елді-мекен атауы Кездесу өткізу орны 1 Қарауыл ауылдық округі "Абай аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Мамай көше...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер конкурсының ашылу хаттамалық шешімдері 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер конкурсының ашылу хаттамасы 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Абай аудандық қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған ережесі

    Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереже1-тарау. Жалпы ережелер1. Қоғамдық кеңес туралы осы үлгі ереже (бұдан әрі Үлгі ереже деп аталады) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң деп аталады) 2-1...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫМДЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

    Жарияланды: