Абай облысы әкімінің аппараты мен Абай ауданының әкімінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдері туралы барлық қажетті ақпарат фотосуретпен және байланыс телефон номерлерімен, заңсыз әрекеттерге тап болған әрбір мемлекеттік қызметші мен азаматтар жүгіне алатын қолжетімді орындарда (әкімдік ғимараты, аудан әкімдігінің интернет-ресурсы мен Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшалары) орналастырылған.
Әдеп Кодексінің мәтіні мемлекеттік органдардың ғимараттарында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «Мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, еңбек жағдайын жақсарту бағытында аудан әкімдігінің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында «Мемлекеттік қызметшілер жұмыста» атты фоторепортаждар сериясынан құралған рубрика ашылып, мемлекеттік қызметшілер насихатталуда. Жыл басынан 14 мемлекеттік қызметшілер бойынша материалдар жарияланды.
Абай ауданының мемлекеттік қызметкерлерінің арасында «Абай жолы» роман-эпопеясын білу, меңгеру бойынша «Абай жолы – халық жолы» атты аудандық жарыс өтті. Байқауға қатысушылар жоғары деңгейлі дайындықпен келіп, роман - эпопея бойынша сұрақтарға жауап берді. Арнайы құрылған қазылар алқасы бағалау жүргізді. Сайыс қорытындысы бойынша:
І-орын - Ысқақов Думан Мәнәпұлы - Құндызды ауылдық округінің әкімі;
ІІ-орын - Берікболова Алуа Айдынқызы - Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;
ІІІ-орынды - Рымжанова Гүлнұр Ержанқызы - Саржал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы иеленді.
Екі кезеңнен құралған «Абай ауданының үздік мемлекеттік қызметшісі» аудандық сайысы ұйымдастырылып, өткізілді. Екі кезеңнен құралған сайыстың мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында өзінің біліктілігімен, алғырлығымен және жан-жақтылығымен оза түскен қызметкерді анықтау. Нәтижесінде, сайысқа аудан әкімі аппаратының, дербес салалық бөлімдердің, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері, аумақтық басқармалардың өкілдері, жиыны мемлекеттік қызметкерлер бойынша отызға тарта адам қатысты.
«18 наурыз - Ұлттық киім күніне» орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен челлендж түсірілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру шаралары жалғасуда. М емлекеттік қызметшілердің қатысуымен сенбіліктер өткізілді. Акцияға қатысушы қызметкерлер ауданды абаттандыру, гүлдендіру мәселелеріне бей-жай қарамай, сыртқы ортадағы тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда. Осы орайда, жылдың қай мезгілі болмасын қоршаған ортаны қорғау, аялау жұмыстарына қызметкерлердің белсене қатыстатынын атап өткім келеді.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ақынның мәңгілік мұрасын насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен челлендж түсірілді.
Абай ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Иманғалиева Зухра Әлімханқызымен, Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сағындықова Нұргүл Мақсұтқызымен «Мемлекеттік қызметшінің 1 күні» атты бейнетүсірілім жасалды.
Абай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, зейнеткер Аманғазы Төлеубек Аманғазыұлымен «Өмірін мемлекеттік қызметке арнаған тұлға» атты бейнетүсірілім әзірленді.
«Жас мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызмет туралы пікірі» атты бейнесюжет айдарында Абай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Түсіпов Медғат Шалқарұлының атқарып жатқан жұмыстары мен өз қызметі бойынша пікірі көрсетіліп, мемлекеттік қызметтің маңызы мен міндеттері баяндалды.
Қарауыл ауылындағы «Шыңғыстау» спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында футзалдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа жиыны 5 команда қатысты. Олар:
Аудан әкімінің аппараты командасы;
Ауылдық округ әкімдері командасы;
Ауылдық округ мамандары командасы;
Бөлім басшылары командасы;
Бөлім мамандары командасы;
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде жүлделі:
І орынды –Бөлім басшыларының командасы;
ІІ орынды –Дербес бөлімнің мамандары командасы;
ІІІ орынды – Ауылдық округ әкімдіктерінің мамандарының командасы иеленді.
«23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай Абай ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасында футболдан жарыс өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орынды - Абай аудандық полиция бөлімі;
ІІ орынды - Өрт сөндіру мекемесінің ұжымы;
ІІІ орынды- ауылдық округ әкімдерінің аппараттарының қызметкерлері иеленді.
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша:
«Үздік қақпашы» болып Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі Мұхтаров Дәулет;
«Үздік қорғаушы» - ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қариев Қанатбек;
«Үздік шабуылшы» - өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Мақажанов Әсет;
«Үздік ойыншы» - Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкері Сақажанов Бауыржан атанды.
Жарыста жеңімпаз атанған командаларға, ойыншыларға мадақтамалар табысталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен аудандық біріншілік өткізілді.
Абай ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында бассейнде суға жүзуден аудандық біріншілік өткізілді. Жүзу сайысына төтенше жағдай, өрт сөндіру, полиция мекемелері, Абай ауданының әкімдігінен қызметкерлер қатысты.
Мемлекеттік қызметшілер арасында республика бойынша тұңғыш рет Абай ауданында қазақ күресінен «Мемлекеттік қызмет барысы - 2019» аудандық ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат: қызметкерлерді жан-жақты тану, олардың бойындағы өзге де қасиеттерді анықтау. Менің ұсынысыммен 2023 жылы "Абай облысының мемлекеттік қызмет барысы - 2023" атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы қазақ күресінен облыстық деңгейде жарыс өтті. Облыстық сайысты арнайы «Хабар 24» телеканалы түсіріп, көгілдір экран арқылы қалың жұртшылыққа жол тартты. Осы аталмыш жарыстың өткізілуінің ұйымдастырушысы, себепшісі болуыма орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысының Алғыс хатымен марапатталдым.
Ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары мен мекеме басшыларына түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Мына мәселелер қамтылды:
-ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамалары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін сақтау.
-Кез-келген жоба, жұмыстар жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу порталында жүзеге асырылған жобаларға жеңімпаздар анықталып, сол жұмыс толық аяқталғанға дейін ешқандай қаражатты аударуға болмайды. Тапсырыс беруші мекеменің тарапынан қаражат тек жұмыс толық бітіп, бақылаудан өткеннен кейін ғана аударылуы керек. Осы ақпарттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жұмыс барысында құжаттың сауатты толтырылып, сол құжат пен жасалған жұмыстың бірізділігі талап етілу қажет екені ескертілді.
-Қызметтік кабинеттерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен қатар қоғамдық, діни бірлестіктердің және басқа да коммерциялық емес ұйымдардың, оларға деген қарым-қатынасын куәландыратын атрибуттары орналастырылмау;
-Қоғам тарапынан сын тудырудың алдын алу мақсатында қызметтік кабинеттерді кәдесый бұйымдар мен басқа да қымбат заттармен безендірілмеуі керектігі жөнінде;
-Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарын ойнауы мен ойын-сауық мекемелеріне баруының алдын алу;
-Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы.
-Мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша.
-Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу туралы.
-Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру, штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер кезінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары бойынша.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау.
-Көлік құралдарын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарудың алдын алу, болдырмау.
-Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына мониторинг жүргізу.
-Мемлекеттің мүлкі, оның ішінде қызметтік автокөліктің қолданылуы бойынша түсіндірілді. Арнайы бейнеролик әзірленіп, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына және ҚР МҚІА Абай облысы бойынша департаментінің парақшасына жарияланды.
Мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу мақсатында «Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізілді. Аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында лудоманиямен күрес бойынша қарсы насаихат жүргізетін бейнероликтер жарияланды.
«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу». Аудан әкімі аппараты, аудандық мәслихаттың аппараты, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары мен бухгалтерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды болдырмау» мақсатында, жергілікті бюджеттен қаржыланатын мекеме есепшілерімен «Positive Partners» заңгерлік компаниясының лекторы Юсупов Ермек Нурмухамбетович семинар өткізіп, тиісті мағлұматтарын берді.
«Президенттік жастар кадр резервіне» іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлының қатысуымен Абай ауданында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынға аудан аумағындағы мекемелердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары және белсенді жастар қатысты.
Қайрат Нұрғазыұлы Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау тәртібі, оның кезеңдері, талаптар мен мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Жиын барысында Мемлекеттік қызметтегі кадрлық әлеуетті арттыру, жас мамандарға қолдау көрсету және болашағы зор көшбасшыларды даярлау мәселелері талқыланды.
Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – жас буынды белсенділікке шақырып, ел дамуына үлес қосатын білікті мамандардың резервке өтуіне жағдай жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамасының және Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді – 25.
Азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды – 5, оның ішінде көшпелі қабылдаулар – 3;
Қызметшілерге қатысы БАҚ жариялау мониторингі барысында анықталған материалдардың, оның ішінде оң материалдардың саны – 16;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді – 6,
Оның ішінде дәрістер мен семинарлар өткізілді –2;
Баспа БАҚ –та материалдар жарияланды – 2;
Интернет-ресурстарда – 2;
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда оң ахуалды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан көтермеленген адамдардың саны – 25;
Қызметтік этика нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингілеу бойынша анонимді сауалнамаға қатысқан қызметшілердің саны – I-тоқсанда -78, II-тоқсанда -71. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты.
«23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Абай ауданы әкімінің аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Бурхан Нұрланұлы мемлекеттік қызмет саласында адал еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде берген ұсынысымның нәтижесінде ұжымда позитивті ахуалды, мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметкерлер Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы, облыстық әділет департаментінің басшыларының және Абай ауданының әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде атқарған жұмысымның нәтижесі:
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ» байқауының облыстың кезеңінің екі мәрте жеңімпазы атандым.
2023 жылы «АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ» атағына ие болдым.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2024 жылдың қорытынды жиынында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, еріктілер қозғалысын дамыту және Әдеп жөніндегі уәкіл институтының тиімділігін нығайту мәселелері талқыланды. Жиын барысында өзіне жүктелген Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын үлкен жауапкершілікпен және үздік атқарғаным үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталдым.
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін және ұжымда қолайлы моральдық - психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытындағы жұмысым жалғасын табады.