2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша:
Абай ауданы бойынша 4035 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін құжаттар 31 (баламалы), 0,7 % құрайды;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 194 мемлекеттік қызметтер 4,8 % құрайды;
Электрондық түрде 3 813 мемлекеттік қызметтер көрсетілді
(ЭҮП – 3611, ол 89,5 % құрайды; Е-лицензиялау – 202, ол 5,0 % құрайды) 94,5 % құрайды. 101бас тарту тіркелді, барлығы негізделген.
2026 жылдың қаңтар — тамыз айларында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша халыққа түсіндіру мақсатында ресми парақшаларда 5 тікелей эфир өткізілді, жергілікті «Абай елі» газетіне мемлекеттік қызметтер бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 9 мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармағына, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қағидасы туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 8 желтоқсан 2016 жылғы № 78 санды бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппаратында 2026 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 2бақылау іс-шаралары жүргізілді.
- Экономика және қаржы бөлімі;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
- Дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі;
- Ауылшаруашылығы және жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі;
Аудан бойынша 11 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналастырылған (Азаматтарды қабылдау орталығында - 1, ЖКХ – 1, ауылдық округ әкімі аппараттарында – 9). Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына жауапты мамандар бекітіліп, мемлекеттік қызметтерді алушыларға тиісті ақпараттарды ұсынып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша бүгінгі күнге дейін тұрғындардан арыз, шағымдар түскен жоқ.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.