Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

    Қарасу ауданының әкімдігі

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.

    2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.

    «АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

    Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.

    Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.

    Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    2023 жылғы 1 қазанға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақпараттық хабарлама

    Қостанай ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және Қостанай облысы, Қостанай ауданы, қала мекенжайы бойынша 2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 09:00-де өтетін шаруа немесе фермер қожалығын, а...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарасу ауданы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Қарасу ауданы аумақтық сайлау комиссиясы Қарасу ауданыныңИльичев, Қарамырза және Қойбағар ауылдықәкіміне кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтерді хабарлайды: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республ...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін БАҚ ұсынған эфир мен баспа алаңын төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер

    "Қарасу өнімдері" газетінің редакциясы "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданының ауылдар мен ауылдық округтер әкімдеріне тіркелген кандидаттарға ал...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев, Қарамырза және Қойбағар ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

    2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18.00-де Қарасу ауданының Ильичев, Қарамырзы және Қойбағар ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Ильичево сайлау округінде 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтардың оң шешілген өтініштері

    Кейс 1: Өтініш берушіден пәтеріне ауыз суды қосуға көмек сұрап өтініш түсті. I топтағы мүгедек ретінде бұл мәселе ерекше қиын болды. Әкімдіктің ұстанымы: Қарасу ауданының әкімдігі ауыз сумен жабдықтауға көмек көрсетті, а...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарасу ауданы бойынша 2026 жылдың 8 айы бойынша азаматтардың өтініштері туралы ақпарат.

    2026 жылдың есепті кезеңінде Қарасу ауданының жергілікті атқарушы органдарына барлығы 481 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: Қарасу ауданы әкімінің аппаратына 112; 369 ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттарына, ауданның...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қарасу ауданы әкімінің аппаратында және Қарасу ауданы әкімдігінің бөлімдерінде Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бойынша ақпарат

    №п/п Биліктің атауы Бос орындар саны Бос лауазымдардың атауы бос уақыты 1 «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ 1 бас маман қаржы-шаруашылық бөлімінің – 19.03.2026 ж. 2 «Қарасу аулдық округі әкімінің аппараты» ММ 1 әкімін...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды: