"Қарасу өнімдері" газетінің редакциясы "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданының ауылдар мен ауылдық округтер әкімдеріне тіркелген кандидаттарға алаң беру шарттары, төлем мөлшері және тәртібі туралы хабарлайды.
Баспа алаңы барлық тіркелген кандидаттарға сайлауалды үгіт материалдарының тең шарттарымен беріледі. Кандидаттардың материалдарын жариялау кезектілігі баспа алаңының күні мен көлемін және шарт жасасуды көрсете отырып, редакцияға жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді.
Газет алаңының 1 шаршы метріне 260 теңге есебінен баспа алаңын беру құнына ақы төлеу жүргізілсін. Кандидаттар баспа материалдарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда материалдарды жариялау жүргізілмейді, бұзушылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.
Редакция басқа кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Мазмұны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарының мәтіндері жарияланбайды.
Газет редакциясы демалыс күндерінен басқа жұмыс уақытында өтініштер, мәтіндер қабылдайды және шарттар жасайды: Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі, 68, 3 қабат, тел.: 8 (714-52)21-3-52 және 8-777-508-43-36, e-mail: [email protected]