Қостанай ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және Қостанай облысы, Қостанай ауданы, қала мекенжайы бойынша 2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 09:00-де өтетін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Тобыл, Тәуелсіздік көшесі, 65, (Қостанай ауданы әкімдігінің ғимараты).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 04 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 17 қыркүйекке дейін (қабылдау уақыты 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліспен 13-00-ден 14-30-ға дейін) "Қостанай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ-ге өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. мекен-жайы: Қостанай облысы, Тобыл қаласы, Қазақ көшесі, 5.
Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол, пошта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.