Кейс 1: Өтініш берушіден пәтеріне ауыз суды қосуға көмек сұрап өтініш түсті. I топтағы мүгедек ретінде бұл мәселе ерекше қиын болды.
Әкімдіктің ұстанымы: Қарасу ауданының әкімдігі ауыз сумен жабдықтауға көмек көрсетті, атап айтқанда, су шлангісіне арналған шұңқыр қазып, магистральдық құбырды орнатты. Өтініш беруші аудан әкіміне және оның қызметкерлеріне осы мәселе үшін алғысын білдіреді!