АДАЛДЫҚ – АРДАН БАСТАЛАДЫ

    Қарақия ауданы әкімінің аппараты

    Адалдық деген не? Бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап беруі мүмкін. Біреу оны өтірік айтпау деп түсінсе, енді бірі өзгенің ақысын жемеу, заңды бұзбау, маңдай термен еңбек ету деп қабылдайды. Алайда осы ұғымдардың барлығын біріктіретін бір құндылық бар. Ол – ар.

    Адамды ешкім көрмеген жерде де теріс әрекеттен тоқтататын – ар. Заңнан бұрын өзіне есеп бергізетін де – ар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы сөз қозғағанда тек жаза мен жауапкершілік жайын айту жеткіліксіз. Қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру адамның ішкі жауапкершілігінен басталуы керек.

    Сыбайлас жемқорлық дегенде көпшіліктің көз алдына қомақты ақша, пара немесе қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану келеді. Алайда қоғам үшін қауіптісі – заңсыз әрекеттің бірте-бірте қалыпты құбылыс ретінде қабылдануы. «Бір реттен не болады?», «Бәрі осылай істейді», «Таныс арқылы шешіп алайық», «Ешкім білмейді» деген сөздердің астарында қауіпті түсінік жатыр. Өйткені адам алғаш рет арын аттағанда қиналуы мүмкін. Екінші рет оған сылтау табады. Үшінші рет үйрене бастайды. Ал уақыт өте келе кеше ғана дұрыс емес деп санаған әрекеті бүгін қалыпты болып көрінуі ықтимал. Сондықтан жемқорлыққа қарсы мәдениет ең алдымен «маған болады» деген түсініктен бас тартудан басталады.

    Кейде адам таныстық немесе басқа заңсыз жол арқылы өз мәселесін тезірек шешкенін жетістік санайды. «Ешкімге зияным тиген жоқ, тек өз шаруамды шештім» деп ойлауы да мүмкін. Бірақ заңсыз алынған артықшылық бос жерден пайда болмайды. Бір адам тиісті тәртіпті айналып өтіп алға шықса, өз кезегін адал күткен адамның құқығы бұзылуы мүмкін. Біреу еңбексіз мүмкіндікке ие болса, сол мүмкіндікке еңбегімен лайық болған басқа азамат одан қағылуы ықтимал. Бір шешім әділдік қағидатын бұзса, оның салдары міндетті түрде қоғамның бір жерінен көрінеді. Сондықтан жемқорлық – тек ақша мәселесі емес. Жемқорлық – біреудің ақысын жеу, әділдікті бұзу және қоғамдағы тең мүмкіндіктің қадірін кетіру.

    Біз өзімізге жасалған әділетсіздікке бірден қарсылық білдіреміз. Өзгенің бізден заңсыз озып кеткеніне ренжиміз. Құқығымыз бұзылса, заң мен әділдікті талап етеміз. Ендеше өзімізге тілейтін әділдікті өзгеге де тілеу – адалдықтың қарапайым өлшемі. Адам өмірінде ақшаға сатып алуға болатын дүние көп. Бірақ адамның адал аты, абыройы, отбасының сенімі мен ата-анасының мақтанышы ақшаға өлшенбейді.

    Бір сәттік пайда жылдар бойы қалыптасқан беделден қымбат бола ала ма?

    Балаңның саған деген сенімінің бағасы қанша? Отбасыңның алдында жүзіңнің жарық болғаны қанша тұрады? Адамдардың көзіне қысылмай қарай алатын адал атыңды қандай сомамен бағалауға болады? Бұл сұрақтарға ақшамен жауап беру мүмкін емес. Адамның шынайы байлығы кейде оның иелігіндегі дүниемен емес, артынан айтылатын жақсы сөзімен өлшенеді. Сондықтан адалдық – әлсіздік емес. Керісінше, пайда мен ардың ортасында таңдау туған сәтте арды таңдай алу мінездің беріктігі.

    Адал қоғамды кім қалыптастырады? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тек мемлекеттік органдардың немесе құқық қорғау саласының міндеті деп қабылдау дұрыс емес. Заң бұзушылықпен күресу – мемлекеттің міндеті болса, оған төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Ол қызметкердің заңсыз ұсыныстан бас тартуынан, басшының әділ шешімінен, кәсіпкердің заңды жолды таңдауынан, азаматтың өзіне артықшылық іздемеуінен басталады. Ең маңыздысы – біз балаларымызға қандай үлгі көрсетіп жүрміз?

    Балаға «адал бол» деп жүз рет айтқаннан, бір рет адал әрекет көрсетудің тәрбиелік мәні жоғары. Өйткені жас ұрпақ үлкендердің айтқанын ғана емес, істегенін де көреді. Бүгін біз қалыпты деп қабылдаған әрекет ертең олардың өмірлік қағидасына айналуы мүмкін. Сондықтан адал ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, алдымен адалдықты өз әрекетімізбен көрсетуіміз қажет.

    Заң адамның сыртқы әрекетін реттейді. Ал ар – адамның ешкім көрмегендегі әрекетін де таразылайды. Адалдықтың ең үлкен өлшемі де осында.

    Егер адам заңнан қорыққандықтан ғана емес, ар алдында жауапты екенін сезінгендіктен теріс әрекеттен бас тартса, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шынайы мәдениет қалыптасады.Әділетті қоғам құру үшін әр азамат үлкен өзгерісті өзгеден күтпей, өзінен бастауы керек. Осындай қарапайым қағидалар қоғамның үлкен құндылығына айналған кезде ғана адалдық өмір салтына айналады. Өйткені адалдық заңнан қорқудан емес – ардан басталады.

    Заңгер Жандаулет Отарбайұлы

    «Қарақия аудандық ішкі саясат жәнетілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің

    мемлекеттік әлеуметтік тапсырысыаясында дайындалды.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қарақия ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2 тоқсандағы орыдалысы бойынша ақпарат

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша семинар өткізілді

    Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің ұйымдастыруымен жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және АРМ ЕКГН ақпараттық...

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Мерейлі отбасы – мемлекет мақтанышы

    Отбасы – қоғамның алтын діңгегі. Егер әр шаңырақта ынтымақ, сыйластық, адалдық болса, онда сол мемлекеттің ертеңі де жарқын болады. Осы қағиданы дәріптеу мақсатында елімізде 15-16 жылдан бері «Мерейлі отбасы» ұлттық байқ...

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Отбасы құндылықтары және оның оң бейнесін қалыптастыру

    Адамзат тарихындағы ең алғашқы және ең берік институт — отбасы. Отбасы тек қан туыстығы ғана емес, ол рухани сабақтастық, тәрбие мен дәстүрдің жалғасы. Қоғам қаншалықты озық дамыса да, ұлттың болашағы мен саулығы ең алды...

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Жоспар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі

    Әділетті қоғам дегеніміз – әр азаматтың құқығы қорғалып, заң талаптары баршаға бірдей қолданылатын орта. Мұндай қоғамда адамның қызметі, әлеуметтік жағдайы немесе таныс-тамыры емес, заң алдындағы теңдігі басты орында тұр...

    Қарақия ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: