Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Түлкібас ауданы тұрғындарымен 12.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    Түркістан облысының әкімдігі

    №

    Көтерілген мәселе

    Шешу жолдары

    Шешу

    мерзімі

    Жауапты

    орындаушылар

    Аяқталу нысаны

    Орындалу барысы

    Құрылыс саласы

    1.

    Ынтымақ ауылында көптен күткен жаңа мәдениет клубының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысанды ауыл тұрғындарының игілігіне нақты қашан бересіздер? Құрылыс жұмыстары қай уақытта толық аяқталып, мәдениет клубы пайдалануға беріледі?

    Ынтымақ ауылының тұрғыны К.Бейсенбаев

    Мәдениет клубының құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтап, нысанды тиісті қабылдау рәсімдерінен өткізу арқылы халық игілігіне пайдалануға беру.

    31.12.2026 ж.

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Құрылыс басқармасы

    Нысанды пайдалануға беру

    Састөбе кентіне қарасты Ынтымақ ауылында «Ауыл ел Бесігі» бағдарламасы аясында 200 орындық мәдениет клубының құрылысы
    2025 жылы басталды. (жоба құны 537,7 млн.тг.: РБ – 100 млн.тг., ОБ – 437,7 млн.тг., мердігер – «MMA» ЖШС).

    Қазіргі таңда жұмыстың 90% орындалған. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

    2.

    Қараағашты ауылындағы Дауан мектебінің құрылысы қашан аяқталып, пайдалануға беріледі?

    Қараағашты ауылының тұрғыны Ұ.Әдбімомынова

    Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтап, нысанды пайдалануға беру.

    01.09.2026 ж.

    Құрылыс басқармасы

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Қараағашты ауылындағы мектептің қосымша оқу корпусының (150-орындық) құрылысы 2025 басталған (жоба құны 1,7 млрд. тг., мердігер – «Ar Kua Croup» ЖШС).

    Қазіргі таңда жұмыстың 95% орындалып, нысан ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін пайдалануға беріледі.

    Коммуналдық шаруашылық саласы

    3.

    Бақыбек мөлтек ауданындағы Сейфуллин көшесі №85 көпқабатты тұрғын үйінің тұрғындары бірқатар инфрақұрылымдық мәселелерді көтеріп келеді. Атап айтқанда, тұрғын үй ақаулықтары, ауыз су қысымының төмендігі, көп қабатты тұрғын үй аумағына түнгі жарықтандыру мен электр желісіндегі ақаулар, тұрғын үй алдына су ағар науа орнату және тұрғын үйге келетін жолды асфальттау мәселелері бар. Аталған мәселелер қашан шешімін табады?

    Бақыбек мөлтек ауданындағы Сейфуллин көшесі №85 үй, №7 пәтер тұрғыны А .Орынбекова

    Тұрғын үй ақаулықтарын жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізу.

    Ауыз су қысымы мен электр желісіне зерделеу жүргізіп, анықталған ақауларды жою, көше жарықшамдарын орнату, тұрғын үй алдына су ағар науа салу және тұрғын үйге келетін жолды асфальттау бойынша тиісті жұмыстарды
    кезең-кезеңімен атқару.

    01.12.2026 ж.

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Көтерілген мәселелерді толық шешу.

    Көпқабатты тұрғын үй аумағына түнгі жарықшам қою бойынша тиісті сметалық құжаттама әзірленіп, қажетті қаражат қаралған. Бұл ретте 6 дана жарықшам орнату жұмыстары қазан айына дейін орнатылатын болады.

    Т. Рысқұлов ауылының Бақыбек мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге қатынайтын, атауы белгіленбеген «Жаңа құрылыс-1» және «Жаңа құрылыс-2» көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

    Аталған екі көшенің жалпы ұзындығы-2,5 шқ. құрайды. Көшелердің жол жағдайын жақсарту, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынасын қамтамасыз ету мақсатында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қажетті лоток жүйесін орнату көзделуде.

    Қазіргі уақытта аталған жұмыстарды жүзеге асыруға қажетті сметалық құжаттамалар әзірленуде.

    «Жаңа құрылыс-1» және «Жаңа құрылыс-2» көшелерін орташа жөндеу жұмыстары 2027 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

    Өзге сала

    4.

    Бақыбек мөлтек ауданындағы Сейфуллин көшесі №85 көпқабатты тұрғын үйінің құрылыс сапасына тиісті тексеру жұмыстарын жүргізсеңіз.

    Бақыбек мөлтек ауданындағы Сейфуллин көшесі №85 үй, №7 пәтер тұрғыны А .Орынбекова

    Тұрғын үй сапасына және ақаулықтарын талдау жүргізіп, тиісті шара қабылдау.

    01.10.2026 ж.

    Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Көтерілген мәселелерді толық шешу.

    Түлкібас ауданы, Майлыкент а/о, Бақыбек м/а,Сейфуллин көшесінде орналасқан 24 пәтерлі 3 қабатты 2 тұрғын үй 2024 жылы мердігер мекеме «СК ABU GROUP» ЖШС-гі есебінен құрылыс жүргізілген. 2024 жылдың 21- ші қарашасында «Түлкібас аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен» №48 келісім шарт түзіліп, құны 748,800 млн. теңгеге сатып алынған. 2025 жылы 24 қаңтардағы аудан әкімінің №14 қаулысымен аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне берілді. Пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді мердігер мекеме «СК ABU GROUP» ЖШС-гі келісім шарт негізінде 6,3 - ші тармақшасына сәйкес, кепілдік мерзімімен анықталған кемшіліктерді қалпына келтірілген.

    Алайда облыс әкімінің Түлкібас ауданы халықымен кездесу барысында Бақыбек м/а №85 көп қабатты тұрғын үйдің №7 пәтердің тұрғынының айтылған кемшіліктері анықталып ақаулық актісі түзілді. Алдағы уақытта мердігер мекеме «СК ABU GROUP» ЖШС-гі кепілдік мерзіміне сәйкес анықталған ақауларды қалпына келтіреді.

    5.

    Бақыбек мөлтек ауданындағы Сейфуллин көшесі №85 көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлерді үшінші тұлғаларға жалға беру фактілері орын алуда. Осы мәселені шешіп берсеңіз.

    Бақыбек мөлтек ауданындағы Сейфуллин көшесі №85 үй, №7 пәтер тұрғыны А .Орынбекова

    Тұрғын үйдегі пәтерлерді үшінші тұлғаларға жалға беру фактілеріне зерделеу жүргізіп, пәтерлердің нысаналы пайдаланылуын тексеру және анықталған заң бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау.

    01.10.2026 ж.

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Көтерілген мәселелерді толық шешу.

    Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Бақыбек мөлтек ауданы, Сейфуллин көшесі №85 мекенжайында орналасқан 48 пәтерлі тұрғын үй бойынша пәтерлерді үшінші тұлғаларға жалға беру фактілеріне зерделеу жүргізілуде.

    Зерделеу нәтижесінде анықталған фактілер бойынша пәтер иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнама талаптарын сақтау жөнінде тиісті шаралар қабылданатын болады.

    6.

    Қазіргі таңда жастар арасында бос уақытын тиімді ұйымдастыру және дұрыс бағыт-бағдар беру мәселесі өзекті болып отыр. Осыған байланысты жастардың тәрбие жұмыстарына көңіл бөліп, нақты шараларды күшейтуге ықпал етсеңіз.

    Бақыбек ауылының тұрғыны Ж.Абилов

    Жастармен жүйелі тәрбие және профилактикалық жұмыстар жүргізіп, спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларға тартуды күшейту.

    01.10.2026 ж.

    Қоғамдық даму басқармасы

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу

    Жастар арасында жаз мезгілінде бос уақытын дұрыс пайдалану мақсатында орталық тарапынан әр бейсенбі күні «Ауыл кеші көңілді» атты караоке кеші, дүйсенбі күні «Спорт Talk» атты жастар арасында спорт ойындары ұйымдастырылады.

    Жазғы демалыс кезеңінде жастарды «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тарту арқылы олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беріледі. Көгалдандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу, ағаш отырғызу және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы іс-шаралар жастардың еңбекқорлық, жауапкершілік және ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастырады. Шілде айынан бастап 14 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарына қосылды.

    Жастар арасында мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, білімдіде біліктікті, ойшыл, патриот жастардың қатарын көбейту сонымен қатар жастардың бос уақытын дұрыс пайдалану мен психологиялық денсаулығын дамыту мақсатында орталық тарапынан бірнеше жобалар өтті.

    7.

    Көрнекті ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ұлттық руханият пен ғылымға қосқан үлесін ескере отырып, оны «Тарихи тұлғалар тізіміне» енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге ықпал етуіңізді сұраймыз.

    Түлкібас кенті тұрғыны А.Рақышов

    Мекемтас Мырзахметұлын «Тарихи тұлғалар тізіміне» енгізу мәселесін қолданыстағы талаптарға сәйкес зерделеп, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныс енгізу.

    01.10.2027 ж.

    Мәдениет басқармасы

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    «Тарихи тұлғалар тізіміне» енгізу бойынша тиісті ұсыныс жолдау.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 шілдедегі №317 бұйрығымен бекітілген Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу мәселесі екі жылда бір рет қаралады. Осыған орай, 2027 жылы аудандық және қалалық әкімдіктерден келіп түскен ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, өңірге белгіленген квотаға сәйкес бес тұлға туралы толық мәліметтер мен оларды растайтын құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады.

    Осыған байланысты, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу жөніндегі ұсыныс Түркістан облысының мәдениет басқармасына 2026 жылғы 23 шілдеде №2091 хатпен жолданған.

    Алайда, қолданыстағы тәртіпке сәйкес, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу мәселесі 2027 жылы қаралатындықтан, Мекемтас Мырзахметұлының кандидатурасы бойынша ұсыныс хат пен тиісті құжаттар 2027 жылғы 1 шілдеге дейін облыстық ономастика комиссиясының қарауына қайта ұсынылатын болады.

    Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №25/32-2.1 қбп хаттамалық тапсырмасына сәйкес елді мекендер мен мемлекеттің қатысуы бар объектілерге атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстардың қарастырылуы уақытша тоқтатылған.

    8.

    Азаттық ауылындағы ауған соғысының ардагері Сайранбаевтың аты берілген көшенің атауын қайта заңдастырып, ресми түрде қалпына келтіруге ықпал етуіңізді сұраймын.

    Шымкент қаласы тұрғыны Х. Абдуллаев

    Көше атауына қатысты қолданыстағы құжаттарды зерделеп, ономастика саласындағы заңнама талаптарына сәйкес Сайранбаев атындағы көше атауын қайта ресімдеу және қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу.

    01.09.2027 ж.

    Мәдениет басқармасы

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Сайранбаев атындағы көше атауын заңдастырып қалпына келтіру.

    Азаттық ауылындағы көшеге Ауған соғысының ардагері Ержан Сайрамбаевтың есімін беру үшін, алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу қажет.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 шілдедегі №317 бұйрығымен бекітілген ономастикалық жұмыстарды ұйымдастырудың Әдістемелік ұсынымына сәйкес «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізуге аудан бойынша 2026 жылы 14 тұлғаның есімдері Түркістан облысы мәдениет басқармасына жолданды. Әдістемелік ұсынымда көрсетілген критерийге сәйкес әр өңірге бекітілген квотаға сәйкес облыстан 5 тұлға ғана іріктеліп, ұсынылады.

    Осыған байланысты, Ауған соғысының ардагері Ержан Сайрамбаевтың есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу жөніндегі ұсыныс белгіленген тәртіппен дайындалып, 2027 жылғы 1 шілдеге дейін облыстық мәдениет басқармасына енгізілуі қажет.

    Аталған ұсыныс облыстық ономастика комиссиясында қаралып, қолдау тапқан жағдайда, Ержан Сайрамбаевтың есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданатын болады.

    Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №25/32-2.1 қбп хаттамалық тапсырмасына сәйкес елді мекендер мен мемлекеттің қатысуы бар объектілерге атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстардың қарастырылуы уақытша тоқтатылған.

    Жер саласы

    9.

    Жыланды ауылы, Достық көшесі №25 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеуге байланысты мәселе туындап отыр. Осы тұрғын үйдің құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеуге ықпал етуіңізді сұраймын.

    Тастұмсық ауылының тұрғыны Н.Караев

    Тұрғын үй құжаттарын зерделеп, анықталған сәйкессіздіктерді заң талаптарына сәйкес ретке келтіріп, тиісті құжаттарды рәсімдеуге ықпал ету.

    31.03.2027 ж.

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Тұрғын үй құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу.

    Жаскешу ауылдық округіне қарасты Жаскешу ауылы Л.Демеуішов көшесі №240 үй тұрғыны Н.Караевтың өтінішінде көрсетілген Тастұмсық ауылдық округіне қарасты Жыланды ауылы Достық көшесі №25 мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеуге байланысты мәселе туындап отыр. Осы тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеуге ауыл шаруашылық мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Усенов және «Тастұмсық ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы К.Ильясов заң талаптарына сәйкес бірлесе жұмыс жасауда.

    Білім саласы

    10.

    Аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылында халық саны мен оқушылар саны артып келеді. Осыған байланысты заманауи талаптарға сай жаңа мектеп салуға ықпал етуіңізді сұраймыз

    .

    Т. Рысқұлов ауылының тұрғыны Б.Сейдалиев

    Т. Рысқұлов ауылына жаңа мектеп салу қажеттілігін зерделеп, құрылысқа қажетті жер телімін айқындау және қаржыландыру бойынша тиісті ұсыныс енгізу.

    31.12.2027 ж.

    Құрылыс басқармасы

    Білім басқармасы

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Жаңа мектеп құрылысын жүргізу.

    Мектеп құрылысы үшін Нұршуақ мөлтек ауданынан 2,9 га жер әзірленіп, алғашқы құжаттары жинақталған. Құрылыс басқармасы тарапынан 590 орындық, құны 4 595,338 млн теңге болатын жобалық-сметалық құжат әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды алынған. 27.09.2025 жыл
    №TG-0240/25. Қаржы қарастыруға ұсынылған. Мектеп құрылысы 2026-2028 жылдар аралығына жоспарланған.

    Денсаулық сақтау саласы

    11.

    Жанұзақ ауылында жаңа медициналық пункт құрылысы қашан аяқталып, халық игілігіне беріледі?

    Жанұзақ ауылының тұрғыны Ж.Умирзаков

    Медициналық пункттің құрылысын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау.

    01.12.2026 ж.

    Денсаулық сақтау басқармасы

    Түлкібас ауданы

    әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Жанұзақ ауылындағы медициналық пунктінің құрылыс жұмыстары жыл басында басталған (жобаның құны 77,0 млн. тг., мердігер – «Байнур Строй Монтаж» ЖШС).

    Қазіргі таңда жұмыстың 90% орындалып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі .

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің орындалуы бойынша Түркістан облысы әкімдігінің 31 тамызға ақпараты

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің орындалуы бойынша Түркістан облысы әкімдігінің 31 тамызға ақпараты Құқықтық актінің атауы Құқықтық актінің нысаны Орындауға жауапты мемле-кеттік орган Орындау мерзі...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Сайрам ауданы тұрғындарымен 14.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Жол саласы 1. Манкент ауылындағы Абдираимов, Бірлік, Алматинский көшелері бүгінгі таңда тозығы жеткен. Осы жолдар қашан жөнделеді? Манкен...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Ордабасы ауданының тұрғындарымен 12.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Жол саласы 1. Шұбарсу ауылындағы тозығы жеткен орталық көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі ме? Шұбарсу ауылының тұрғыны Есенбек...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі Н.О.Көшеровтің Сауран ауданы тұрғындарымен 05.08.2026 жылғы кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

    № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқтаунысаны Орындалу барысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы 1 «Кентау–Қарнақ–Бабайқорған–Абай» және «Түркістан–Шорнақ–Бабайқорған–Абай»...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Кентау қаласы тұрғындарымен 05.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Орындалу барысы Ауыз су мәселесі 1. Байылдыр ауылындағы ескірген ауыз су құбырларын жаңарту мәселесі Кентау қаласы, Байылдыр ауылының тұ...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕРІНІҢ БІРІ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕРІНІҢ БІРІ Құрметті әріптестер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризмді дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

    МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ Түркістан облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 1 441 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 265 мемлекеттік, 1 138 жекеменшік балабақша, 2 арнайы мектеп-балабақша және 3...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

    ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ Желі -50 (мемлекеттік – 28 жеке – 22). Контингент – 29 256 студент (мемлекеттік – 22 415, жеке - 6841). 2025-2026 оқу жылын 12 631 студент бітірді. Ағымдағы 2025-2026 оқу жылында 84 м...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: