Түркістан облысы әкімі Н.О.Көшеровтің Сауран ауданы тұрғындарымен 05.08.2026 жылғы кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

    Түркістан облысының әкімдігі

    №

    Көтерілген мәселе

    Шешу жолдары

    Шешу мерзімі

    Жауапты орындаушылар

    Аяқтаунысаны

    Орындалу барысы

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы

    1

    «Кентау–Қарнақ–Бабайқорған–Абай» және «Түркістан–Шорнақ–Бабайқорған–Абай» бағыттары бойынша қоғамдық көлік қатынасын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырыла ма?

    Абай ауылының тұрғыны

    Оспан Төлеубай Мырзабайұлы

    «Кентау-Қарнақ-Бабайқорған-Абай» және «Түркістан-Шорнақ-Бабайқорған-Абай» бағыттарын ашу жөнінде тиісті басқармаға ұсыныс енгізу;

    Аталған бағыттарды әлеуметтік маңызы бар тұрақты автомобильдік жолаушылар тасымалы маршруттарының тізбесіне енгізу;

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес конкурс ұйымдастырып, жолаушылар тасымалдаушысын айқындау;

    Жеңімпаз тасымалдаушымен келісім шарт жасасып, тұрақты жолаушылар тасымалын іске қосу.

    31.12.2026 ж.

    Сауран ауданының

    әкімдігі

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    «Кентау-Қарнақ-Бабайқорған-Абай» және «Түркістан-Шорнақ-Бабайқорған-Абай» бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

    2

    Абай елді мекеніндегі Көксарай көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?

    Бабайқорған ауылының тұрғыны Тұрғанбаев Құттыбай

    Абай елді мекеніндегі Көксарай көпірін күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысын алу;

    Күрделі жөндеуге қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастыру;

    Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

    31.12.2027 ж.

    Сауран ауданының

    әкімдігі

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі Көксарай көпірін жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп (05.06.2025 жылғы №24-2024), мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған (28.11.2025 ж. №19-0403/25). Аудан әкімдігі тарапынан бюджеттен қаржы қарастыруға 03.04.2026 жылғы №40-13-01/1179 санды хатымен бюджеттік өтінім жолданған. Қаржы қарастырылған жағдайда, құрылыс жұмыстары белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    3

    Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекеніндегі оқушылардың қатынауын жеңілдету үшін №1 қоғамдық көлік бағытын елді мекеннің бірқатар көшелері арқылы жүргізу мүмкіндігі қарастырыла ма?

    Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекенінің тұрғыны

    Абдукаримов Алишер

    Түркістан қаласының №1 қоғамдық көлік маршрутын Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекенінің көшелері арқылы жүргізу мәселесі бойынша аудан әкімдігі тарапынан басқармаға ұсыныс енгізу;

    Аталған бағыттар бойынша тұрақты маршруттардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізу;

    Тасымалдаушы мекемемен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша келісім шарт жасасып, тұрақты жолаушылар тасымалын іске қосу.

    31.12.2026 ж.

    Түркістан қаласының әкімдігі

    Сауран ауданының

    әкімдігі

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    Түркістан қаласының №1 қоғамдық көлік маршрутының сызбасына Қазақстанның 30 жылдығы елді мекенінің көшелері арқылы қозғалысты ұйымдастыру бойынша тиісті өзгерістер енгізу мәселесі Түркістан қаласының әкімдігі тарапынан қаралып, қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

    4

    Ескі Иқан және Шаға ауылдық округтеріндегі бірқатар көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қашан жүргізіледі?

    Ескі Иқан ауылының тұрғыны

    Абдусаттаров Рахматжан Асанович

    Ескі Иқан және Шаға ауылдық округтерінің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу;

    Орташа жөндеу жұмыстарын іске асыруға қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастыру;

    Ескі Иқан және Шаға ауылдық округтерінің көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

    31.12.2027 ж.

    Сауран ауданының

    әкімдігі

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    Ескі Иқан елді мекені бойынша орташа жөндеу жұмыстарына жалпы құны 329 700,0 мың теңгені құрайтын сметалық-құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды (Қаржы бөлу мақсатында бюджеттік өтінім берілді).

    Ескі Иқан ауылдық округінде 8,66 шақырымды құрайтын 10 көшеге (С.Болыс, М.Юлдашев, Жаңа Иқан, Ш.Рашидов, Х.Абдукаримов, Фуркат, А.Шарапов, Шаңырақ, А.Молдағұлов және Жеңіс көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

    Қазақстанның 30 жылдығы елді мекені бойынша жергілікті бюджеттен 2026 жылы орташа жөндеу жұмыстарына 31,0 млн. теңге (жалпы сметалық құны – 181,572 млн теңге) қаржы бөлініп, тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

    Асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім облыстық мәслихат сессиясына ұсынылып, кезең кезеңімен іске асырылатын болады.

    Шаға ауылдық округінде 4,825 шақырымды құрайтын 5 көшеге (Ғ.Мүсірепов, Ш.Қалдаяқов, Құрманғазы, С.Қожанов, Ақан Сері көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

    Білім саласы

    5

    Аудан орталығынан балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған «Оқушылар үйін» ашу жоспарланып отыр ма?

    Шорнақ ауылының тұрғыны

    Мамет Фариза Амангелдіқызы

    Аудандық мәдениет үйінің ғимаратын аудандық білім бөлімінің теңгеріміне өткізу;

    Ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу;

    Ағымдағы жөндеуге қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастыру;

    Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

    «Оқушылар үйі» қосымша білім беру мекемесін пайдалануға беру.

    31.05.2027 ж.

    Сауран ауданының

    әкімдігі

    Білім басқармасы

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    Бүгінгі таңда аудандық Мәдениет үйі орналасқан ғимарат «Мәдениет үйі» КММ-нің теңгерімінде.

    Шорнақ елді мекенінде салынып жатқан жаңа Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілгеннен кейін «Мәдениет үйі» КММ-сін аталған ғимаратқа көшіру жоспарлануда.

    Мекемені жаңа ғимаратқа көшіру жұмыстары толық аяқталған соң, қазіргі қолданыстағы ғимаратты аудандық білім бөлімінің теңгеріміне беру, оған ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және нысанды «Оқушылар сарайы» ретінде пайдалануға беру көздел отыр.

    Коммуналдық сала

    6

    Шорнақ ауылдық округін газдандыру құрылыс жұмыстары қашан толық аяқталады?

    Шорнақ ауылының тұрғыны

    Жакеев Шүкірхан Алиасқарұлы

    Қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастыру;

    Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

    30.11.2027 ж.

    Сауран ауданының

    әкімдігі

    Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    Сауран ауданы тарапына қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен 4 елді мекенге (Ораңғай, Шорнақ, Қосмезгіл, Аша) табиғи газ құбырын салу жұмыстары және Жүйнек, Қарашық ауылдық округтеріне жеткізуші газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны – 15,8 млрд теңгені құрайды. Нысан 2027 жылға өтпелі.

    Қазіргі таңда, Аша елді мекені 27,8 шақырым (51,5 %), Шорнақ елді мекені 46,6 шақырым (48,7 %), Қосмезгіл елді мекені 30 шақырым (50,3 %) газ құбыры жүргізілді.

    Аша елді мекеніндегі ішкі газ құбырын салу құрылысы:

    Жалпы сметалық құны: 3 283 624 мың. тг. (ағымдағы жылы 300,0 млн.теңгер қаржы қаралған). Мердігер: «JANA KZ QURYLYS» ЖШС. Жоба бойынша 835 үй, 4160 адам табиғи газбен қамтылады. Аша елді мекенінде жалпы 54 км газ құбырын жүргізу қажет. Қазіргі таңда 27,8 км газ құбыры жүргізілді. Бүгінгі таңға дейін құрылыс жұмыстары 51,5% орындалды.

    Шорнақ елді мекеніндегі ішкі газ құбырын салу құрылысы:

    Жалпы сметалық құны: 1 129 916 мың. тг. (ағымдағы жылы 200,0 млн.теңгер қаржы қаралған). Мердігер: «JANA KZ QURYLYS» ЖШС. Жоба бойынша 975 үй, 4850 адам табиғи газбен қамтылады. Шорнақ елді мекенінде жалпы 46,6 км газ құбырын жүргізу қажет. Қазіргі таңда 22,7 км газ құбыры жүргізілді. Бүгінгі таңға дейін құрылыс жұмыстары 48,7% орындалды.

    Қосмезгіл елді мекеніндегі ішкі газ құбырын салу құрылысы:

    Жалпы сметалық құны: 1 599 045 мың. тг. (ағымдағы жылы 300,0 млн.теңгер қаржы қаралған). Мердігер: «JANA KZ QURYLYS» ЖШС. Жоба бойынша 1470 үй, 7350 адам табиғи газбен қамтылады. Қосмезгіл елді мекенінде жалпы 59,7 км газ құбырын жүргізу қажет. Қазіргі таңда 30 км газ құбыры жүргізілді. Бүгінгі таңға дейін құрылыс жұмыстары 50,3% орындалды.

    7

    Түркістан қаласына қарасты қоқыс полигонындағы өрт салдарынан Теке және С.Қожанов елді мекендерін түтін басу мәселесі қашан шешіледі?

    Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінің тұрғыны

    Оспанов Жандос Полатович

    Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының елді мекендерге дейінгі арақашықтығын зерделеу;

    Полигонның орналасқан орнын көшіру мүмкіндігін қарастыру немесе қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу жөнінде ұсыныс енгізу.

    01.12.2026 ж.

    Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Экология департаменті

    Түркістан қаласы әкімдігі

    Зерделеу қорытындысы бойынша ақпарат енгізу

    2026 жылғы 2–11 наурыз аралығында жауапты мамандар Қытай Халық Республикасының Гуанчжоу қаласына барып, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде 2026 жылғы 6 сәуірде «Suchun Environmental Protection LTD» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Меморандум аясында полигон аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу жобасы қарастырылған. Жобаның бірінші кезеңінде 3 гектар аумаққа бастапқы сұрыптау қондырғыларын орнату және шамамен 3 млрд. теңге инвестиция салу, екінші кезеңде толық өндірістік қайта өңдеу кешенін салу және шамамен 23 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

    Сонымен қатар, полигондағы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қазақстандық «Turan Tazalyq» ЖШС тарапымен де келіссөздер жүргізілуде. Қазіргі таңда полигондағы қалдықтарды қайта өңдеу бағыты бойынша екі әлеуетті кәсіпкердің ұсыныстары қаралуда. Полигон аумағында орын алуы мүмкін өрт жағдайлары да тұрақты бақылауға алынған. Өрттің алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында полигон аумағында кезекшілік ұйымдастырылып, бастапқы кезеңде өртті оқшаулауға мүмкіндік беретін арнайы су себу техникалары дайындықта ұсталады. Өрт қаупі туындаған жағдайда арнайы техникалар арқылы жедел су себу және өрт ошағын оқшаулау шаралары қабылданады.

    Цифрландыру саласы

    8

    С.Қожанов ауылын интернет сапасын арттыру мақсатында талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту жүзеге асырылады ма?

    Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінің тұрғыны

    Оспанов Жандос Полатович

    Қосымша базалық станция орнату жөнінде жергілікті әкімдіктен тиісті басқармаға және ұялы байланыс операторларына ұсыныс енгізу;

    Ұялы байланыс операторлары тарапынан сигнал деңгейін тексеру үшін техникалық талдау жүргізіп, сигнал деңгейін күшейту немесе қосымша базалық станция орнату;

    01.12.2027 ж.

    Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

    Сауран ауданының

    әкімдігі

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    С. Қожанов ауылын талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту және интернет жылдамдығын арттыру мақсатында ұялы байланыс операторлары тарапынан ауыл аумағындағы сигнал деңгейіне техникалық талдау жүргізіп, нәтижеге сәйкес сигнал деңгейін күшейту немесе қосымша базалық станция орнату бойынша тиісті шаралар қабылданады.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    9

    С.Қожанов ауылын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында Шошқакөлден су жеткізу мәселесі қашан шешіледі?

    Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінің тұрғыны

    Оспанов Жандос Полатович

    «Шошқакөл» көлдер жүйесіне зерделеу жұмыстарын жүргізу;

    «Шошқакөл» көлдер жүйесіне орнатылған дамбаның меншік иесін анықтап, С.Қожанов ауылының жайылымдық жерлеріне ағын су босату мүмкіндігін қарастыру.

    31.12.2026 ж.

    Ауыл шаруашылығы басқармасы

    Сауран ауданының әкімдігі

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    «Шошқакөл» көлдер жүйесіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі бойынша С.Қожанов ауылының жайылымдық жерлеріне ағын су босату мүмкіндігін қарастыру бойынша заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

    10

    Майдантал ауылдық округі тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту үшін «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5% жеңілдетілген несие алуға қолдау көрсетіле ме?

    Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінің тұрғыны

    Шотаева Ұлжалғас

    Аудан тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алу жолдарын түсіндіру;

    Өтініш иесіне жобаға қатысу үшін қажетті құжаттарды жинақтауға ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетіп, құжаттардың уақытылы қаржы ұйымына ұсынылуын қамтамасыз етіп, несие алу мүмкіндігін қолданыстағы талаптарға сәйкес зерделеп, нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылдау.

    30.05.2027 ж.

    Ауыл шаруашылығы басқармасы

    «Ырыс» МҚҰ

    Сауран ауданының

    әкімдігі

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    Аудан тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алу жолдарын түсіндіру бойынша арнайы мәжілістер ұйымдастырып, ниет білдірген шаруаларды сүйемелдеу жұмыстарын іске асырып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешім қабылданатын болады.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің орындалуы бойынша Түркістан облысы әкімдігінің 31 тамызға ақпараты

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің орындалуы бойынша Түркістан облысы әкімдігінің 31 тамызға ақпараты Құқықтық актінің атауы Құқықтық актінің нысаны Орындауға жауапты мемле-кеттік орган Орындау мерзі...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Сайрам ауданы тұрғындарымен 14.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Жол саласы 1. Манкент ауылындағы Абдираимов, Бірлік, Алматинский көшелері бүгінгі таңда тозығы жеткен. Осы жолдар қашан жөнделеді? Манкен...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Түлкібас ауданы тұрғындарымен 12.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Орындалу барысы Құрылыс саласы 1. Ынтымақ ауылында көптен күткен жаңа мәдениет клубының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысанды ауыл тұрғынд...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Ордабасы ауданының тұрғындарымен 12.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Жол саласы 1. Шұбарсу ауылындағы тозығы жеткен орталық көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі ме? Шұбарсу ауылының тұрғыны Есенбек...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Кентау қаласы тұрғындарымен 05.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Орындалу барысы Ауыз су мәселесі 1. Байылдыр ауылындағы ескірген ауыз су құбырларын жаңарту мәселесі Кентау қаласы, Байылдыр ауылының тұ...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕРІНІҢ БІРІ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕРІНІҢ БІРІ Құрметті әріптестер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризмді дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

    МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ Түркістан облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 1 441 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 265 мемлекеттік, 1 138 жекеменшік балабақша, 2 арнайы мектеп-балабақша және 3...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

    ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ Желі -50 (мемлекеттік – 28 жеке – 22). Контингент – 29 256 студент (мемлекеттік – 22 415, жеке - 6841). 2025-2026 оқу жылын 12 631 студент бітірді. Ағымдағы 2025-2026 оқу жылында 84 м...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: