№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны |
Орындалу барысы |
|
Ауыз су мәселесі | |||||||
1. |
Байылдыр ауылындағы ескірген ауыз су құбырларын жаңарту мәселесі Кентау қаласы, Байылдыр ауылының тұрғыны Жаппаров Әзімхан |
Ескірген құбырларды ауыстыру |
15.08.2027 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылындағы ескірге ауыз су құбырларын қайта құру жобасы арқылы ауыстыру мақсатында ақаулық АКТ түзіліп, сметалық құжаттамасы әзірленуде. |
|
Абаттандыру мәселесі | |||||||
2. |
Кентау-Түркістан аралығындағы жолға жарық шамдарын орнату мәселесі Кентау қаласының тұрғыны Еспенбетова Сая |
Жарық шамдары орнатылмаған жерлерді анықтап, тиісті есебін әзірлеу |
25.08.2027 ж. |
1. Кентау қаласының әкімдігі 2. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
КХ-190 Кентау-Түркістан тас жолы облыстық маңызы бар жол болуына байланысты, күтіп ұстау жұмыстары Оңтүстік жолдары МКК тарапынан жүргізілуде. Осыған байланысты, аталған жолдың |
|
Ауыл шаруашылығы мәселесі | |||||||
3. |
1. Ырмақ өзен каналы арқылы таратылатын судың лимитін көрші ауылдармен теңдей бөлу мәселесі 2. Қарнақ ауылындағы алғашқы көмек көрсету орталығынан тәуліктік стационар ашу мәселесі Кентау қаласы, Қарнақ ауылының тұрғыныАбдужаппаров Ғайбулла |
Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
25.08.2026 ж. |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Қазіргі таңда Қарнақ ауылындағы шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз етуге арналған су көлемі 9 000 000 м³ құрайды. Аталған су көлемі 200-ге жуық шаруа қожалығының егістік алқаптарын қыркүйек айына дейін сумен қамтамасыз етуге жеткілікті. Қосымша су қажеттілігі туындаған жағдайда, шаруа қожалықтары қолданыстағы тәртіпке сәйкес «Тұран Су» мекемесімен тиісті келісімшарт жасасу арқылы суды «Қарнақ Су» АШӨК су таратушы ұйымы арқылы ала алады. Жүргізілген зерделеу нәтижесінде, Қарнақ ауылының тұрғыны Гайбулла мырзаның атына тіркелген шаруа қожалығы жоқ екендігі және қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы қызметімен айналыспайтыны анықталды. |
|
Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
15.08.2026 ж. |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Қарнақ ауылында тәулік бойы жұмыс істейтін стационар ашу мәселесі бойынша Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтің Кентау қаласының тұрғындарымен 2026 жылғы 5 тамыздағы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының Қарнақ ауылындағы алғашқы медициналық көмек көрсету орталығынан тәуліктік стационар ашу мәселесіне қатысты тармағын орындау мақсатында төмендегіні хабарлаймыз. Қарнақ ауылы Кентау қаласынан шамамен 15 шақырым, Түркістан қаласынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда Қарнақ ауылының тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмек тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар, ауылда күндізгі стационар жұмыс істейді, онда медициналық көрсетілімдері бар пациенттер тәулік бойы жатуды қажет етпейтін жағдайда тиісті ем қабылдап, медициналық бақылауда болады. Тәулік бойы стационарлық емдеуді қажет ететін пациенттерге Кентау және Түркістан қалаларындағы медициналық ұйымдарда тиісті медициналық көмек алуға толық мүмкіндік бар. Шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар туындаған кезде жедел медициналық жәрдем қызметі шақырылып, пациентке ауруханаға дейінгі кезеңде қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда пациент әрі қарай тексеру және тәулік бойы стационарлық ем алу үшін Кентау немесе Түркістан қалаларындағы тиісті медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Осыған байланысты, Қарнақ ауылының Кентау және Түркістан қалаларына жақын орналасуын, ауылда күндізгі стационардың жұмыс істеуін, сондай-ақ тәулік бойы стационарлық және шұғыл медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін ескере отырып, қазіргі уақытта Қарнақ ауылында жеке тәулік бойы жұмыс істейтін стационар ашу қажеттілігі жоқ деп есептейміз. Қарнақ ауылының тұрғындарына медициналық көмек көрсету қолданыстағы тәртіпке сәйкес жалғасып, пациенттерді олардың денсаулық жағдайы мен медициналық көрсетілімдеріне қарай тиісті деңгейдегі медициналық ұйымдарға уақтылы бағыттау қамтамасыз етіледі. |
|||
Автомобиль жолдары мәселесі | |||||||
4. |
Тәжімбетов көшесін асфальттау мәселесі Кентау қаласының тұрғыны Байменов Әнуар |
Тәжімбетов көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу |
01.11.2026 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талптарына сәйкес нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
2026 жылға қала аумағындағы көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, соның ішінде Тәжімбетов көшесі қамтылған, жалпы ұзындығы Қазіргі таңда аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Конкурс рәсімдерінің қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Жұмыстарды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін бастау жоспарлануда. |
|
Жер мәселесі | |||||||
5. |
1. Нөсер жауын кезінде үйінің алдын су басу мәселесі 2. Көршісінің көшеге шығатын жолын жауып тастау мәселесі Кентау қаласының тұрғыны Кадирова Бакыткул |
Арық жүйесін орнату |
01.12.2026 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Кентау қаласы аумағында нөсер жауынның алдын алу мақсатында Шахтасрой м.а. 3 нүктеге суаған арық жүйелерін орнату үшін 56,0 млн.теңгеге сметалық құжаттама жасалынып, мердігер мекемемемен шарт түзіліп, қазіргі таңда жұмыстар басталды. |
|
Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
15.08.2026 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Көршісінің көшеге шығатын жолын жауып тастауы бойынша, тиісті мекеме тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп нақты заң аясында тиісті шара қабылданатын болады. |
|||
Өзге мәселелер | |||||||
6. |
Кентаулық белгілі күйші-композитор, Әлімбек Қонысбековтың келесі жылы 80 жасқа толуына орай, Шымкент қаласының оркестрін мерейтойлық кешке шақыру мүмкіндігін қарастыру. Кентау қаласының тұрғыны Мухамедиярова Шолпан |
Мерейтойлық кешті өткізу бойынша бағдарламасын әзірлеу |
01.09.2027 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі Облыстық мәдениет басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Әлімбек Қонысбеков – ұлттық өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақтың күй өнерін кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне зор еңбек сіңірген тұлға, күйші-композитор, білім беру ісінің үздігі. Әлімбек Қонысбековтың 80 жылдық мерейтойын атап өту Кентау қаласының 2027 жылға арналған мерейтойлық іс-шаралар жоспарына енгізіліп, жоғары деңгейде атап өтуге қолдау көрсетілетін болады. |
|
7. |
Қоқыс контейнерлерінің орнын реттеу мәселесі Кентау қаласының тұрғыны Шамшиева Ақшагүл |
Кәсіпкерлерге жалға берілген жер телімдерін заң талаптарына сәйкестендіру |
15.09.2026 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
2. Кентау қаласы аумығында 33 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар барысында көше бойларына орнатылған қоқыс контейнерлерінің орындары аула ішіне көшіліріп, санитарлық талаптарға сәйкес қоршаулары орнатылатын болады. Жоба 2027 жылға өтпелі. |
|
8. |
Зейнетақы төлеміне Кентау қаласының тұрғыны Жакеева Марияш |
Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
20.08.2026 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талаптарына сәйкес түсіндіру |
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізіліп, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Кентау қаласы, оның ішінде Бүргем елді мекені және оған іргелес Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдары (Құшата және Шаштөбе елді мекендерін қоса алғанда) экологиялық дағдарыс алдындағы жағдай аймағына енгізілді. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы Тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
|
9. |
Байылдыр ауылына кіре берістегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі Кентау қаласы, Байылдыр ауылының тұрғыны Өмірбеков Ербол |
Көпірді күрделі жөндеуге қаржы бөлу жұмыстарын жүргізу. |
01.12.2027 ж. |
1.Кентау қаласының әкімдігі 2.Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 3.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
«Кентау қаласы, Байылдыр ауылы Байылдыр өзені арқылы өтетін Абай көшесіндегі автомобиль көпірін реконструкциялау» жұмыс жобасы бойынша сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан 01.08.2025 ж. № 19-0247/25 оң қорытынды алынды. Сметалық құны – 224 226,5 мың теңге. Қаржы қарастырылған жағдайда, аталған көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. |
|
10. |
Қарнақ ауылының тарихына арналған ғылыми-танымдық, конференция өткізу мәселесі Кентау қаласы, Қарнақ ауылының тұрғыны Юлдашев Мамиржан |
Қарнақ ауылының тарихына арналған ғылыми-танымдық конференция өткізу. |
10.09.2027 ж |
Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Қарнақ ауылы аумағында тарихы терең тарихи-мәдени ескерткіштер мен діни-ағартушылық орындар сақталған. Қарнақ ауылының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, насихаттау және өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ зерттеуші-тарихшы, өлкетанушы ғалымдарымен келіссөздер жүргізілуде. Зерттеулер қорытындысы бойынша 2027 жылы ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылатын болады. Конференцияны ұйымдастыруға қаржы Қарнақ ауыл әкімдігі тарапынан заң аясында қаралады. |
|
Қарнақ ауылын туристтік маршрутқа енгізу |
15.09.2026 ж. |
Облыстық туризм басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Қарнақ ауылын туристтік маршрутқа енгізу туралы ұсыныс әзірленуде. |
|||
11. |
Желтоқсан оқиғасына 40 жыл толуына орай, кітап шығару мәселесі Кентау қаласының тұрғыны Ақылбеков Бауыржан |
Комиссияның оң қорытындысына сәйке тиісті жұмыстарды жүргізу |
16.12.2026 ж. |
Облыстық мәдениет басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Желтоқсан оқиғасына 40 жыл толуына орай, кітап шығару бойынша демеушілер қарастырылуда. |
|
12. |
Қалалық орталық ауруханаға жаңа компьютерлік томография аппаратын орнату мәселесі Кентау қаласының тұрғыны Жүсіпов Дүйсенәлі |
Компьютерлік томография аппаратын іске қосу |
20.11.2026 ж. |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
«Кентау орталық қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на 2018 жылы GE «Optima-540» компьютерлік томография аппараты орнатылған. Компьютерлік томография аппаратының пайдалану мерзімінің бар болуына байланысты алдағы жылдары жаңа аппарат алып орнату жоспарда жоқ. Ауруханадағы компьютерлік томография аппаратының қазіргі таңда уақытша бұзылып істен шығып тоқтап тұр. Келісім шарт бойынша техникалық қызмет көрсетуші мекемесінің инженер маманы 04.08.2026 ж күні тексеру барысында генератор блогының жарамсыздығы анықталған. Техникалық қызмет көрсетуші мекеме жоғарыда аталған генератор блогын Ресей федерациясынан шамамен 2-апта көлемінде алып келіп орнатып, компьютерлік томография аппаратын іске қосуды жоспарлап отыр. |
|
13. |
1.Кентау қаласында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қашан аяқталады 2. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілгеннен кейін қала теңгерімінде қалдыру мәселесі Кентау қаласының тұрғыны Мубаров Дәуренбек |
Құрылыс жұмыстарын аяқтау |
01.10.2027 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы |
Заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2025 жылдың тамыз айында басталған. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстарының 40 пайызы аяқталған (бағаналардың (колонна) темір қаңқасын дәнекерлеу, бетон құю және кірпіш қалау жұмыстары жалғасуда, 2-ші қабат монолитін құю, кірпіш қалау, ішкі сылақ және футбол алаңы (ангар) іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік блок қалануда және төбе фермасы әзірленуде). 2027 жылдың ІІІ тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде, 1 ауысымда 104 адам жаттыға алатын заманауи спорт комплексі пайдалануға беріледі. |
|
Заңға сәйкес ұсыныс енгізу. |
20.10.2027 ж. |
Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талаптарына сәйкес ұсыныс енгізу. |
Дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілгеннен кейін аталған нысанды Кентау қаласының теңгерімінде қалдыру және оны Кентау спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беру мәселесін қарастыру ұсынылады. Қазіргі таңда Кентау спорт клубының спортшылардың оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында қала аумағындағы спорт залдарын жалға алып пайдаланады. Жалға алуға жыл сайын шамамен 21,4 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалады. Жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін Кентау спорт клубының теңгеріміне берген жағдайда, клубтың спорт залдарын жалға алуға жұмсайтын қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туындайды. Үнемделген қаражатты жаңа спорт нысанын күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына және материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге бағыттауға болады. Аталған кешенде Кентау қаласының тұрғындары мен спортшылары үшін спорттың 7 түрін, атап айтқанда: футбол, бокс, баскетбол, таеквондо, еркін күрес, дзюдо және волейбол бағыттары бойынша оқу-жаттығу сабақтарын және қалалық деңгейдегі спорттық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік болады. Қазіргі уақытта Кентау спорт клубының жылдық бюджеті 527,0 млн теңгені, жалпы штат саны 39,25 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, спорт клубының қолданыстағы материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері аталған спорт нысанын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін Кентау спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беру арқылы спорт залдарын жалға алуға жұмсалатын бюджет қаражатын үнемдеуге; спорттың 7 түрі бойынша тұрақты оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға; спорттық іс-шараларды өткізу мүмкіндігін арттыруға; спорт нысанын тиімді әрі мақсатты пайдалануға; нысанды күтіп-ұстау шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. |
|||
14. |
Ауладағы ойын алаңшасына арналған жер телімдерінің аукцион арқылы жекеменшікке беріліп кету мәселесі Кентау қаласының тұрғыны Байкулова Алтынай |
Заңдылығын тексеру |
15.11.2026 ж. |
Облыстық жер қатынастары басқармасы Кентау қаласының әкімдігі |
Заң талаптарына сәйкес атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу сауда-саттықта (аукцион) арқылы жүргізіледі. Аукционға шығытын жер телімін орталық уәкілетті орган айқындайды және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады. Түркістан облысы әкімі Н.О.Көшеровтің Кентау тұрғындарымен 16.04.2025 жылғы кездесуіндегі ұсыныс пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына, сонымен қатар Кентау қаласының тұрғындарының Қожанов атындағы саябақта көпшілікке арналған атракциондар орнату бойынша өтінішітеріне сәйкес, Кентау қаласы әкімдігінің 11 маусым 2026 жылғы № 499 қаулысы негізінде ауционға шығарылатын жер телімдері бекітілді. Кентау қаласының Қожанов саябағында аукционға шығатын 8 жер телімдері Кентау шұғыласы қоғамдық саяси газеттің 20 маусым 2026 жылғы №24/8507 бұқаралық ақпарат құралдарында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурстарына жарияланып, мемлекеттік мүлік тізілімі «E-Qazyna» сайты арқылы аукцион өткізілді. Аукционның нәтижесі бойынша 7 жер теліміне азаматтар қатысып 1 жер телімі өткізілмеді. |
|
Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Кентау қаласы тұрғындарымен 05.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары
Түркістан облысының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің орындалуы бойынша Түркістан облысы әкімдігінің 31 тамызға ақпараты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің орындалуы бойынша Түркістан облысы әкімдігінің 31 тамызға ақпараты Құқықтық актінің атауы Құқықтық актінің нысаны Орындауға жауапты мемле-кеттік орган Орындау мерзі...
Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Сайрам ауданы тұрғындарымен 14.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары
№ Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Жол саласы 1. Манкент ауылындағы Абдираимов, Бірлік, Алматинский көшелері бүгінгі таңда тозығы жеткен. Осы жолдар қашан жөнделеді? Манкен...
Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Түлкібас ауданы тұрғындарымен 12.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары
№ Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Орындалу барысы Құрылыс саласы 1. Ынтымақ ауылында көптен күткен жаңа мәдениет клубының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысанды ауыл тұрғынд...
Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Ордабасы ауданының тұрғындарымен 12.08.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары
№ Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Жол саласы 1. Шұбарсу ауылындағы тозығы жеткен орталық көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі ме? Шұбарсу ауылының тұрғыны Есенбек...
Түркістан облысы әкімі Н.О.Көшеровтің Сауран ауданы тұрғындарымен 05.08.2026 жылғы кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
№ Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушылар Аяқтаунысаны Орындалу барысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы 1 «Кентау–Қарнақ–Бабайқорған–Абай» және «Түркістан–Шорнақ–Бабайқорған–Абай»...
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕРІНІҢ БІРІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕРІНІҢ БІРІ Құрметті әріптестер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризмді дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар...
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ Түркістан облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 1 441 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 265 мемлекеттік, 1 138 жекеменшік балабақша, 2 арнайы мектеп-балабақша және 3...
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ Желі -50 (мемлекеттік – 28 жеке – 22). Контингент – 29 256 студент (мемлекеттік – 22 415, жеке - 6841). 2025-2026 оқу жылын 12 631 студент бітірді. Ағымдағы 2025-2026 оқу жылында 84 м...