ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
Желі -50 (мемлекеттік – 28 жеке – 22).
Контингент – 29 256 студент (мемлекеттік – 22 415, жеке - 6841).
2025-2026 оқу жылын 12 631 студент бітірді.
Ағымдағы 2025-2026 оқу жылында 84 мамандық бойынша 15 500 орын қарастырылған болса, 2026-2027 жаңа оқу жылына 81 мамандық бойынша 15 600 орынға қалыптастырылды, 100 орынға артты.
Оның ішінде 12 кәсіпорынның өтінімдері негізінде 209 орын мақсатты тапсырыс бөлінді .
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлау жөніндегі 371 білім беру бағдарламаларының тізбесінен 175-і жаңартылды.
2026-2027 оқу жылына «Talap» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамына жіберілді және тізілімге енгізіледі.
2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлау бойынша 5 жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.
2025-2026 оқу жылы басында дуальды оқыту 10 162 мыңнан астам (34,8%) студенттерді қамти отырып, 36 колледжде енгізілсе, оқу жылы ішінде 12 293 студент өндірістік практикамен қамтылды. Жаңадан жасалған 9 018 дуальды оқыту туралы келісімшарт «Career Hub» ақпараттық платформасына енгізілді.
27 колледж 203 кәсіпорынның қамқорлығымен қамтылған.
2026-2027 оқу жылына Созақ ауданындағы №1 колледждің студенттері 120 орынды жатақханамен қамтылатын болады.