Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года

    Түркістан облысының әкімдігі

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147 кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қызмет түрі көрсетiледі.

    2026 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны – 6 713 269 болса, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 302, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 26013, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6 568 793, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 118 161.

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсанында №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 37, 38 және 41 тармақтарына сәйкес, 2025 жылға Түркістан облысы бойынша аудан, қала әкімдерінің өкіміне сәйкес ішкі мемлекеттік бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспары бекітілген.

    Бекітілген іс-шараларға сәйкес, облыс көлемінде а.ж. 1-тоқсанында
    44 объектіге (39 - ЖАО мекемесі, 5 - ведомстволық бағыныстағы ұйымдар,) ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 165 бұзушылық анықталды.

    Атап айтсақ, оның ішінде:

    • Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері – 1;
    • Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілері – 2;
    • Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету – 0;
    • Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап ету – 0;
    • Ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап ету фактілері – 0;
    • Құжаттар тізбесі мен мазмұны бірдей өтініштер бойынша бірнеше рет бас тарту – 0;
    • мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 36;
    • мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілері – 0;
    • Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамау– 20;
    • Қазақстан Республикасының заңдарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді ақылы негізде көрсету – 0;
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалу сатысы туралы сұрау салуларға жауаптарды ұсынбау, сондай-ақ, қызмет көрсетушілермен қызмет көрсету тәртібі туралы толық емес немесе дәйексіз ақпарат ұсыну – 1;
    • Көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде және Мемлекеттік корпорациясы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмауы – 6;
    • Мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауы – 0;
    • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдарды қарау мерзімдерін бұзу – 0;
    • Қызмет алушылардың шағымдарын толық қанағаттандырмау – 0;
    • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдармен (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың, фотоматериалдардың көшірмелері есептің және талдамалық анықтаманың болмауы – 0;
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 99.

    Бақылау іс-шаралардың қорытындысы бойынша 5 тәртіптік жаза қолданылды (3-«ескерту», 2-«сөгіс» түрінде).

    Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны, барлығы – 125, олардың ішінде : орындалғаны – 121, орындалмағаны – 4.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулардың саны – 2510, оның ішінде 2498 – электронды, 12 – қағаз түрінде бас тартылған.

    Жергілікті атқарушы органдар тарапынан а.ж. 1-тоқсанының қорытындысы бойынша электронды жүйе арқылы қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы дерегі орын алмаған.

    Мемлекеттік қызметті алу кезінде құқықтары бұзылған тұлғалар анықталмады.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 88.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 10.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы

    1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

    2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өз...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: