МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ
Түркістан облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 1 441 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 265 мемлекеттік, 1 138 жекеменшік балабақша, 2 арнайы мектеп-балабақша және 36 мектеп жанындағы шағын орталық бар. Қазіргі таңда облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 153 285 бала тәрбиеленуде.
ОРТА БІЛІМ БЕРУ
Түркістан облысында 1 106 орта білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның ішінде 940 мемлекеттік және 166 жекеменшік мектеп бар.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау мақсатында облыста 16 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымы, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, сондай-ақ 7 арнайы және1 санаториялық мектеп-интернат жұмыс істейді.