№2 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті

    «БЕКІТЕМІН»

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу

    және бақылау комитетінің

    Ақтөбе облысы бойынша

    департаментінің басшысы

    ____________________ Ғ. Турсунбаев

    « ____ » _________________ 2026 ж.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменттің №2 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімініңЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ережелер

    1.1. №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (бұдан әрі - МӘС) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменттің құрамына кіреді және оның құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі.

    1.2. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына және басқа тиісті заңнамаға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    1.3. Бөлім тікелей Департамент басшысының орынбасарына бағынады.

    1.4. Бөлім басшысы, бас мамандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес Департамент басшысымен тағайындалады және жұмыстан босатылады.

    1.5. Бөлімді бөлім басшысы басқарады, МӘС бөлімінің басшысы уақытша болмаған жағдайда, басшысының міндеттері қосымша ақы төле отырып МӘС бөлімінің бас маманына уақытша жүктеледі.

    1.6. Бөлім ережесін, құрылымын және штаттық санын Департамент басшысы бекітеді.

    I I. Бөлімінің мақсаттары

    2.1. Өз құзыреті шегінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

    2.2. Өз өкілеттіктері шегінде мүгедектігі бар адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптама туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге.

    I I I. Бөлімінің міндеттері

    Бөлім, заңнама тәртібімен тағайындалған, өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес және өзінің құзыреті шегінде төмендегідей негізгі бағыттар бойынша міндеттерін іске асырады:

    3.1. Көзбе-көз және сырттай проактивті түрде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу.

    3.2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай проактивті түрінде жүргізу, яғни басқа аймақтың куәландырылған адамдарға сараптамалық қорытынды шығару, сараптамалық қорытындылар сәйкес келмеген жағдайда, мүгедектік тобының сәйкес келмеуін қоспағанда, сараптамалық қорытынды эксаумақтық сарапшы – МӘС бөлімінің басшысымен автоматты түрде жасалған сараптамалық шешімнің мәліметтерін салыстыру негізінде шығарады.

    3.3. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

    3.3. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау.

    3.4. Әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

    3.5. Әкімшілік рәсімге қатысушыға өткізілетін тындаудың орны мен уақыты түралы күні бұрын хабардар ету.

    3.6. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау.

    3.7. Әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу.

    3.8. Организм функцияларының бұзылу және тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне қарай себебі, мерзімі айқындала отырып, мүгедектік тобын және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу.

    3.9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 3-қосымшадағы талаптарын сақтап 6-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функцияларының бұзылуын және тіршілік тынысының шектелуін жіктеу, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеуге арналған медициналық көрсетілімдер, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының, 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленетін қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктердің тізбесі, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулардың, ақаулардың тізбесі бойынша алқалы сараптамалық қорытындысын шығару.

    3.10. Организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілік тәртібін айқындау.

    3.11. № 031/е нысаны негізсіз ресімделген жағдайда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 22 тармағына сәйкес медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне және пациентті жіберген медициналық ұйымға № 031/е нысанының көшірмесін қоса бере отырып жазбаша хабардар ету.

    3.12. Көзбе-көз куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісуімен үйде, стационарда, ал куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген кезде сырттай, №031/е нысаны бойынша ДКК ұсынысы негізінде жүргізу.

    3.13. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы департамент басшысымен бекітілген кестеге сәйкес облыстың аудандарында көшпелі отырыс өткізу.

    3.14. Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты жарақат алған немесе денсаулығына басқа да зиян келтірілген жұмыскердің қажеттілігін анықтау, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген қосымша көмек түрлері мен күтімге мұқтаждығын айқындау.

    3.15. МӘС бөлімі ОЖБ-ның іске асырылуына мониторингті және ОЖБ жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалауды мүгедектігі бар адамды кезекті куәландыру кезінде жүзеге асыру.

    3.16. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    3.17. «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерек қоры» ақпараттық жүйесіне мәліметтерді сапалы және уақытылы еңгізу.

    3.18. Халықтың мүгедектіктің деңгейін мен себептерін зерделеу.

    3.19. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдау жүргізу

    3.20. Департаменттің жұмыс жоспарынның уақытылы орындау

    3.21. Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету.

    3.22. Қазақстан Республикасының заңнамасымен МӘС бөліміне жүктеген өзге де міндеттер.

    IV.Бөлімінің құқықтары

    4.1. Басқа мемлекеттік органдармен және меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдармен іс-қимылды жүзеге асыру, олардан қажетті мәліметтер мен материалдарды, соның ішінде өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін сұрату және алу.

    4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен талдау жұмысын қамтамасыз етуге және МӘС бөліміне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұрату және алу.

    4.3. МӘС бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу.

    4.4. МӘС бөлімінің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар еңгізу.

    4.5. Медициналық-әлеуметтік сараптама сұрақтары бойынша мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ сенiм хатпен облысының барлық және әкімшілік соттарында тиісті хат алмасуды жүргізу.

    4.6. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодіксінде көзделген жағдайларда, өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету.

    4.7. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодіксінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту.

    4.8. МӘС бөлімінің жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды еңгізу.

    4.9. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    1. Жауапкершілігі

    5.1. Лауазымды адам, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» талаптарын ескере отырып, мүгедектік туралы шығарылатын қорытындыларына жауапты болады.

    5.2. МӘС бөлімінің тиісті ісін жүргізуін және оның қатаң есептегі бланкілерінің мөртабаны, мөрін, құжаттарын, орг. техниканы сақтау.

    5.3. Азаматтардың, мүгедектігі бар адамдардың және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады.

    №2 МӘС бөлім басшысы

    Келісілді:

    Департамент басшысының

    орынбасары

    Жүктеу
    68a6e2350f05e4150d26baa3d7888cc1_original.19870.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    №1 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

    «БЕКІТЕМІН» Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы ____________________ Ғ. Турсунбаев « ____ » _________________ 2026 ж. Халықты әлеуметтік қо...

    Ереже

    Медициналық - әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің ЕРЕЖЕCІ

    «БЕКІТЕМІН » Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы __________Ғ. Турсунбаев « ____ » _________________ 2026 ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласынд...

    Статистика

    2026 жылғы шілде айына арналған қызмет көрсеткіштерінің орындалуы

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетініңАқтөбе облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы шілде айына арналған қызмет көрсеткіштерінің орындалуы. Зейнетақы бөлімі бойынша: 2020 жылғы 31 қаңт...

    Ереже

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    «БЕКІТЕМІН» Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылаукомитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының м.а. ________________ Ж.К. Аймухамбетова 2026 жылғы «____» _____________ Қазақстан Республик...

    Ереже

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің Ережесі

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитеті Ақтөбе облысы бойынша Департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің Ережесі Жалпы ержелер Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы...