Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитеті Ақтөбе облысы бойынша Департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің
Ережесі
- Жалпы ержелер
- Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ (бұдан әрі -Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті басшылығының өкімдерін сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімді бөлім басшысы басқарады, ол департамент басшысына, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын департамент басшысының орынбасарына бағынады.
- Бөлімнің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітіледі.
- Бөлім басшысының, сондай-ақ бас және жетекші мамандарының құқықтары мен міндеттері Департамент басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.
- Бөлім құрамы:
1) бөлім басшысы – мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы (бұдан әрі – МӘҚИ) - 1 бірлік;
2) бас маман – МӘҚИ - 2 бірлік;
3) жетекші маман - МӘҚИ – 1 бірлік.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Міндеті:
1) Өз құзыреті шегінде мүгедекттігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
- Функциялар:
1) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылау;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді бақылау;
3) әзірленген мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын жергілікті атқарушы органдарымен орындалуын бақылау;
4) халыққа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында лицензия алу үшін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру;
5) ҚР Кәсіпкерлік және Әлеуметтік кодекстеріне сәйкес профилактикалық бақылауды жүзеге асыру, олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару;
6) ҚР Кәсіпкерлік және Әлеуметтік кодекстеріне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізу, олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылардың жобасын әзірлеу;
7) «Әлеумет» Әлеуметтік қызметтер порталының қызметін талдау;
8) «Е-Собес» ақпараттық жүйесінің қызметін талдау;
9) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
10) Комитет пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау;
11) Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын және Комитеттің жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысу;
12) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
13) бөлім қызметі саласы бойынша есептер мен өзге де ақпараттық-талдамалық ақпараттарды белгіленген мерзімде ұсыну;
14) мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың, Этикалық кодексінің талаптарын орындау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеруді және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;
2) меншік нысанына қарамастан өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, олардан, оның ішінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) Департаменттің, Комитеттің және Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
4) Департаменттің, Комитеттің және Министрліктің құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
5) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын бостандықтары мен мүдделерін сақтауға;
7) тиісті сенімхат негізінде Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерде, меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, Қазақстан Республикасының соттарында Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің атынан өкілдік етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
III. Бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын және босатылатын басшысы басқарады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Бөлім басшысы болмаған кезеңде бөлімнің бас маманымен, ал белгілі себептермен бас маман болмаған кезде жетекші маманымен ауыстырылады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы мен жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
- Осы мақсатта бөлім басшысы:
1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- Бөлім басшысын аустыратын бөлімнің бас маманы:
1) бөлім басшысы болмаған кезеңде жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) бөлім басшысына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.