«БЕКІТЕМІН»
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылаукомитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының м.а. ________________ Ж.К. Аймухамбетова
2026 жылғы «____» _____________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментізейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспары пен Департамент жұмысының жоспарын және Министрлік қызметі саласын реттейтін өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін, Департамент басшысының бұйрықтары мен осы бөлім туралы ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
1.4. зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі:
бөлім басшысы – 1 бірлік.
бас маман – 6 бірліктен тұрады.
- Бөлімнің негізгі құқықтары мен міндеттемелері
2.1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамаларды сақтау.
2.2. Функциялары:
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, 1 және 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға берілетін жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны, банкрот салдарынан заңды тұлғалар қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдер, инфляция деңгейі есебімен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинағы сомасы арасындағы айырмашылықты төлемін тағайындау, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан бір жасқа дейінгі күтім бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау, бала кезінен бірінші топтағы кәмелет жасқа толған мүгедектерге күтім көрсететін адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау (қайта қарау, бас тарту )жөнінде шешім қабылдау;
- зейнетақы төлемдерінің уақытылы және толықтығына бақылау жасау;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының аумақтық халыққа қызмет көрсету бөлімдері ұсынатын макеттерді қалыптастыру сапасын тексеру;
- зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу сұрақтары бойынша түсінік беру;
- Жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін алатындар үшін макеттерді әзірлеп, қалыптастыруда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы мен оның бөлімдеріне ұйымдық - әдістемелік көмек көрсету және зейнетақы мен жәрдемақыны алушылардың істерін есепке алуды қамтамасыз ету.
2.3. Міндеті:
- Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын іске асыруға қатысу;
- Департамент жұмысының жоспарын іске асыруға қатысу;
- Қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс.
2.4. Құқықтары мен міндеттері:
- зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және заңнамада белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау;
- бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша, сондай –ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Министрліктің, Комитет пен Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау;
- белгіленген мерзімде бөлім қызметі саласында есептер мен өзге де ақпараттық – талдамалық материалдарды ұсыну;
- нормативтік құқытық актілердің жобасы бойынша ұсыныстар енгізу;
- зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығына тексеріс жүргізу;
- Бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыруға қажетті материалдарды ҚР мемлекеттік органдарынан, жеке және заңды тұлғалардан сұрау және алу;
- Бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша кеңестер мен семинарлар өткізу;
- Бөлім жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
3.1. Бөлім негізгі міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерді, Қазақстан республикасы Президентінің актілерді, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін өкілеттік етеді.
3.2. Бөлімді ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындайтын және босататын бөлім басшысы басшылық етеді.
3.3. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
3.4. Осы мақсатта бөлім басшысы:
1) бөлім қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
2) жеке тұлғаларды қабылдау жүргізеді
3) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;
Таныстырылды: