Медициналық - әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің ЕРЕЖЕCІ

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті

    «БЕКІТЕМІН »

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу

    және бақылау комитетінің

    Ақтөбе облысы бойынша

    департамент басшысы

    __________Ғ. Турсунбаев

    « ____ » _________________ 2026 ж.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменттің медициналық - әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің

    ЕРЕЖЕCІ

    1. Жалпы ережелер

    1.1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі (бұдан әрі - МӘС ӘБ) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменттің құрамына кіреді және оның құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі.

    1.2. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына және басқа тиісті заңнамаға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    1.3. Бөлім тікелей Департамент басшысының орынбасарына бағынады.

    1.4. Бөлім басшысы, бас мамандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес Департамент басшысымен тағайындалады және жұмыстан босатылады.

    1.5. Бөлімді бөлім басшысы басқарады, МӘС ӘБ бөлімінің басшысы уақытша болмаған жағдайда, басшысының міндеттері қосымша ақы төле отырып басқа МӘС бөлімінің басшысына уақытша жүктеледі. МӘС ӘБ бөлімінің бас мамандары уақытша болмаған жағдайда, бас мамандардың міндеттері басқа МӘС бөлімінің басшысына, бас мамандарына уақытша жүктеледі.

    1.6. Бөлім ережесін, құрылымын және штаттық санын Департамент басшысы бекітеді.

    I I. Бөлімінің мақсаттары

    2.1. Өз құзыреті шегінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

    2.2. Өз өкілеттіктері шегінде мүгедектігі бар адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптама туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге.

    I I I. Бөлімінің міндеттері

    Бөлім, заңнама тәртібімен тағайындалған, өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес және өзінің құзыреті шегінде төмендегідей негізгі бағыттар бойынша міндеттерін іске асырады:

    3.1. 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау.

    3.2. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау.

    3.3. Әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

    3.4. Әкімшілік рәсімге қатысушыға өткізілетін тындаудың орны мен уақыты түралы күні бұрын хабардар ету.

    3.5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау.

    3.6. Әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу.

    3.7. МӘС бөлімдерінің сараптама қорытындыларының негізділігіне бақылау жұмыстарын жүргізу.

    3.8. МӘС бөлімдерінің организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілік тәртібін айқындауына бақылау.

    3.9. МӘС бөлімдерінің «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерек қоры» ақпараттық жүйесіне мәліметтері сапалы және уақытылы еңгізілуіне бақылау.

    3.10. Бақылау бойынша куәландыру өткізу, куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі келіспеген кезде МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысын оны алған күннен бастап үш ай ішінде МӘС әдіснама және бақылау бөлімде шағымдану бойынша куәландыру өткізу.

    3.11. Шағымдану бойынша сырттай проактивті түрінде куәландыру өткізу, куәландырылған адам экстерриториялық сарапшылардың сараптамалық қорытындысымен келіспеген кезде, бөлім МӘС актісінің иесіздендірілген деректері негізінде ол келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытындыны МӘС актісінің қосымшасына енгізеді.

    3.12. Халықтың мүгедектіктің деңгейін мен себептерін зерделеу.

    3.13 Бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдау жүргізу

    3.14. Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету.

    3.15 Департмент жұмыс жоспарың уақытылы орындау

    3.16. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 3-қосымшадағы талаптарын сақтап 6-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функцияларының бұзылуын және тіршілік тынысының шектелуін жіктеу, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеуге арналған медициналық көрсетілімдер, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының, 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленетін қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктердің тізбесі, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулардың, ақаулардың тізбесі бойынша МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындыларын шығаруына бақылау.

    3.15. МӘС бөлімдерінің мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес ""Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі " мемлекеттік қызмет көрсету талаптарын сақтауына бақылау.

    3.16. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    3.17. Қазақстан Республикасының заңнамасымен МӘС ӘБ бөліміне жүктеген өзге де міндеттер.

    IV.Бөлімнің құқықтары

    4.1. Басқа мемлекеттік органдармен және меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдармен іс-қимылды жүзеге асыру, олардан қажетті мәліметтер мен материалдарды, соның ішінде өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін сұрату және алу.

    4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен талдау жұмысын қамтамасыз етуге және МӘС ӘБ бөліміне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұрату және алу.

    4.3. МӘС ӘБ бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу.

    4.4. МӘС ӘБ бөлімінің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар еңгізу.

    4.5. МӘС ӘБ бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті сенімхат негізінде мемлекеттік мекемелерде, меншік нысанында қарамастан ұыймдарда, республиканың, әкімшілік соттарында департамент атынан өкілдік ету.

    4.6. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда, өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету.

    4.7. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту.

    4.8. МӘС ӘБ бөлімінің жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды еңгізу.

    4.9. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    1. Жауапкершілігі

    5.1. Лауазымды адам, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» талаптарын ескере отырып, бақылау бойынша, МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адам немесе оның заңды өкілі қорытындымен келіспеген кезде шағымдану бойынша мүгедектік туралы шығарылатын қорытындыларына жауапты болады.

    5.2. МӘС бөлімінің тиісті ісін жүргізуін және оның қатаң есептегі бланкілерінің мөртабаны, мөрін, құжаттарын, орг. техниканы сақтау.

    5.3. Азаматтардың, мүгедектігі бар адамдардың және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады.

    МӘС ӘБ бөлім басшысы С.А. Картпаева

    Келісілді:

    Департамент басшысының

    орынбасары Б.Е.Ашимов

    Жүктеу
    d26d3d510cfdb9dfecf76557354cab88_original.19319.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    №2 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

    «БЕКІТЕМІН» Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы ____________________ Ғ. Турсунбаев « ____ » _________________ 2026 ж. Халықты әлеуметтік қо...

    Ереже

    №1 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

    «БЕКІТЕМІН» Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы ____________________ Ғ. Турсунбаев « ____ » _________________ 2026 ж. Халықты әлеуметтік қо...

    Статистика

    2026 жылғы шілде айына арналған қызмет көрсеткіштерінің орындалуы

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетініңАқтөбе облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы шілде айына арналған қызмет көрсеткіштерінің орындалуы. Зейнетақы бөлімі бойынша: 2020 жылғы 31 қаңт...

    Ереже

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    «БЕКІТЕМІН» Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылаукомитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының м.а. ________________ Ж.К. Аймухамбетова 2026 жылғы «____» _____________ Қазақстан Республик...

    Ереже

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің Ережесі

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитеті Ақтөбе облысы бойынша Департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің Ережесі Жалпы ержелер Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы...