МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
2026 жылғы ІІ тоқсанда Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау
2026 жылғы ІІ тоқсанда мемлекеттік аттестаттау 25 балабақшада (25 жекеменшік) жүргізілді. Барлық білім беру ұйымына әдістемелік ұсыным жасалды.
2026 жылғы маусым айында 25 балабақшада (25 жекеменшік) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша сәйкессіздіктер анықталып, бару арқылы мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілуде.
Анықталған бұзушылықтар:
- жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді;
- тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының бастапқы, аралық, қорытынды бақылау нәтижелері бойынша дамыту, түзету іс-шаралары талаптарға сәйкес жасалмады;
- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;
- тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы.
Жоспардан тыс тексеру
2026 жылғы ІІ-тоқсанда 10 білім беру ұйымдарында (4 балабақша, 4 мектеп, 2 білім басқармасы) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
10 тексерудің 7-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 3-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген.
Нәтижесінде барлық 10 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды ( балабақша–4(жекем), мектеп–4(1 мемл., 3 жекем), Білім басқармасы - 2).
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 4 мектептің (1 мемл., 3 жекем) лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді..
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
2026 жылғы ІІ-тоқсанда е-otinish порталы арқылы 208 арыз-шағым тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 116 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 94 жеке тұлғалардаң келген өтініштерге жауап берілді (әкімшілік акт қабылданды – 41, авторға жауап берілді -12, тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) – 14, Назарға алынды (ӘРПК 89-бап) – 1, Басқасы – 23). 9 арыз қаралуда.
Әкімшілік істерді жүргізу
2026 жылдың ІІ тоқсанында Департамент тарапынан 21әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 9, жеке тұлғаға - 12) жүргізілді.
Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 9 әкімшілік іс - 4 балабақша (жекеменшік), 5 мектеп (1мемл., 4 жекем).
Жеке тұлғаларға қатысты: 12әкімшілік іс ата-анаға қатысты (ескерту-6,айыппұл – 6) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін).
4 мектептің (1 мемл., 3 жекем) лицензиясының қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 1 жекеменшік мектептің құжаттары сотпен қарау үшін жолданған.
21 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 9 заңды тұлғаға, 6 жеке тұлғаға, жалпы 150 АЕК (648 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ
2026 жылғы 08-22 маусым аралығында мектептердің жаңа оқу жылына дайындық барысына мониторингтің І-кезеңі жүргізілді. Мониторингке 162 мектеп қамтылды.
Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 маусым – 06 шілде аралығында 40 мектепте мектепішілік бақылау жұмыстарына мониторинг жүргізілуде.
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
Департамент тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Dokso-Shymkent Departamenti», «Dokso Shymkent» және «Instagarm» әлеуметтік желісінде «Doksoshymkent» атауымен парақшалар ашылған. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы ең өзекті ақпараттар және Департаментттің атқарған жұмыстары бойынша мәліметтер, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары уақытылы екі тілде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарындағы сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары брифинг, семинар-кеңес, БАҚ және телеарналарда сұқбат арқылы жүргізілді.
Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту) өткізілді.