Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бағалау жүргізілді
2026 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН БАЛАБАҚШАЛАРДА БАРУ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
САРАПШЫЛАР ЕҢБЕГІ – ЖОҒАРЫ БАҒАДА!
Құжаттар
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бағалау жүргізілді
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған және білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Департамент тарапынан 2026 жылғы маусым-шілде айларында мемлекеттік аттестаттау 50 жекеменшік балабақшада жүргізілді. 2026 жылғы шілде айында Қағидалар талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін 6 балабақша («Қуаныш-М» бөбекжай-балабақшасы», «НұрАй-балапан» бөбекжай бақшасы», «ҚадырАли» бөбекжай-бақшасы» «Ай-бике»бөбекжай-бала бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері) белгіленген мерзімде Департаментке анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынды. Аттестаттау комиссиясы 4 балабақшаға бару арқылы мемлекеттік бағалау жұмыстарын жүргізді. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды рәсімделді.
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бағалау жүргізілді
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған және білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Департамент тарапынан 2026 жылғы ІІ тоқсанда мемлекеттік аттестаттау 25 жекеменшік балабақшада жүргізілді. Қазіргі таңда Қағидалар талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін 2 балабақша (AL-NUR 7» бөбек жай бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,«БИІК БЕЛЕС» Мектеп-бөбекжай-бақша» кешені» жеке мекемесінің №2 филиалы)белгіленген мерзімде Департаментке анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынды. Аттестаттау комиссиясы 2 балабақшаға бару арқылы мемлекеттік бағалау жұмыстарын жүргізді. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды рәсімделді.
Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ-тоқсанында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы
Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылды. Жүргізілген іс-шаралар Департаментте 2026 жылы ІІ- тоқсанда төмендегі тақырыптар бойынша қызметкерлермен төмендегідей іс-шашалар өтілді. Атап айтар болсақ: - Дөңгелек үстел: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" - 15.04.2026 ж; - Семинар: "Этикалық кодекс. Мүдделер қақтығысы" - 28.04.2026 ж; - Тренинг: "Пара алудың алдын алу" - 25.05.2026 ж; - Дәріс: "Мемлекеттік сатып алудағы тәуекелдер" - 10.06.2026 ж; - Тестілеу: -Заңнаманы білу - 20.06.2026 ж. Ақпараттық-насихаттық жұмыс Есепті кезеңде департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері талқыланды. Қорытынды 2026 жылдың ІІ-тоқсанында Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Өткізілген іс-шаралар қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтегі парасаттылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.
Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдағы 1 тоқсан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген қызметі туралы есеп
Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылды. Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері бойынша тұрақты негізде консультативтік көмек көрсетілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікті түсіндіруге, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындауға бағытталған көзқарасты қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинарлар мен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шаралар барысында: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелері; мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу шаралары; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік; мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 2026 жылғы бірінші жартыжылдығында Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау 2026 жылғы бірінші жартыжылдығында мемлекеттік аттестаттау 34 балабақшада (3 мемл., 31 жекеменшік) жүргізілді. Барлық білім беру ұйымына әдістемелік ұсыным жасалды. 2026 жылғы қаңтар айында 9 балабақша (3 мемл., 6 жекеменшік)мемлекеттік аттестаттаудан өтпесе, 2026 жылғы маусым айында 25 балабақшада (25 жекеменшік) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша сәйкессіздіктер анықталып, бару арқылы мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілуде. Анықталған бұзушылықтар: - жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді; - тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының бастапқы, аралық, қорытынды бақылау нәтижелері бойынша дамыту, түзету іс-шаралары талаптарға сәйкес жасалмады; - мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы; - тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы. Жоспардан тыс тексеру 2026 жылғы бірінші жартыжылдығында 18 білім беру ұйымдарында (5 балабақша, 10 мектеп, 1 колледж, 2 білім басқармасы) жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 18 тексерудің 9-ы жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 9-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген. Нәтижесінде барлық 18 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды. Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 7 мектептің (3 мемл., 4 жекем) және 1 колледждің (жекем) лицензиясының қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға, 12 заңды тұлғаға, жалпы 190 АЕК (821 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде: 2026 жылғы І-тоқсанда 8 білім беру ұйымдарында (1 балабақша, 6 мектеп, 1 колледж)жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 8 тексерудің 2-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 6-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген. Нәтижесінде барлық 8 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды (балабақша–1(жекем), мектеп–5(2 мемл., 3 жекем), колледж-1(жекем). Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 3 мектептің (2 мемл., 1 жекем) және 1 колледждің (жекем) лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. 7 білім беру ұйымына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға, 4 заңды тұлғаға, жалпы 70 АЕК (302 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 2026 жылғы ІІ-тоқсанда 10 білім беру ұйымдарында (4 балабақша, 4 мектеп, 2 білім басқармасы)жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 10 тексерудің 7-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 3-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген. Нәтижесінде барлық 10 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды (балабақша–4(жекем), мектеп–4(1 мемл., 3 жекем), Білім басқармасы - 2). Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 4 мектептің (1 мемл., 3 жекем) лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 8 заңды тұлғаға, жалпы 120 АЕК (519 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау 2026 жылғы бірінші жартыжылдығында Департамент тарапынан е-otinish порталы арқылы 373 арыз-шағым тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 205 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 165 жеке тұлғалардаң келген өтініштерге жауап берілді (әкімшілік акт қабылданды – 78, авторға жауап берілді -16, тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) – 31, yазарға алынды (ӘРПК 89-бап) – 1, Басқасы – 33). 9 арыз қаралуда. Оның ішінде, 2026 жылғы 2-тоқсанда е-otinish порталы арқылы 208 арыз-шағым тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 116 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 94 жеке тұлғалардаң келген өтініштерге жауап берілді (әкімшілік акт қабылданды – 41, авторға жауап берілді -12, тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) – 14, Назарға алынды (ӘРПК 89-бап) – 1, Басқасы – 23). 9 арыз қаралуда. Әкімшілік істерді жүргізу 2026 жылғы бірінші жартыжылдығында Департамент тарапынан 118әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 16, жеке тұлғаға - 102)жүргізілді. Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 16 әкімшілік іс - 5 балабақша (1 мемл., 4 жекем.), 10 мектеп (3мемл., 7 жекем), 1 колледж (жекем). Жеке тұлғаларға қатысты: 102әкімшілікіс ата-анаға қатысты (ескерту-44,айыппұл – 58) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін - 98, сабаққа қатыспағаны үшін – 4). 7 мектептің (3 мемл., 4 жекем)және1 колледждің (жекем)лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберілді. 118 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2 лауазымды тұлғаға, 14 заңды тұлғаға, 96 жеке тұлғаға, жалпы 470 АЕК (2 032 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде: 2026 жылдың І тоқсанында Департамент тарапынан 97әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 7, жеке тұлғаға - 90)жүргізілді. Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 7 әкімшілік іс - 1 балабақша (мемл), 5 мектеп (2мемл., 3 жекем), 1 колледж (жекем). Жеке тұлғаларға қатысты: 90әкімшілік іс ата-анаға қатысты (ескерту-38,айыппұл – 52) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін - 86, сабаққа қатыспағаны үшін – 4). 3 мектептің (2 мемл., 1 жекем)және 1 колледждің(жекем)лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберілді. 97 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2 лауазымды тұлғаға, 5 заңды тұлғаға, 90 жеке тұлғаға, жалпы 320 АЕК (1 384 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 2026 жылдың ІІ тоқсанында Департамент тарапынан 21әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 9, жеке тұлғаға - 12)жүргізілді. Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 9 әкімшілік іс - 4 балабақша (жекеменшік), 5 мектеп (1мемл., 4 жекем). Жеке тұлғаларға қатысты: 12әкімшілік іс ата-анаға қатысты (ескерту-6,айыппұл – 6) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін). 4 мектептің (1 мемл., 3 жекем) лицензиясының қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 1 жекеменшік мектептің құжаттары сотпен қарау үшін жолданған. 21 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 9 заңды тұлғаға, 6 жеке тұлғаға, жалпы 150 АЕК (648 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Профилактикалық бақылау 2026 жылғы бірінші жартыжылдығында бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстары 5 білім беру ұйымында (3 балабақша, 2 мектеп) жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама берілді. Аталған жұмыстар І-тоқсанда жүргізілді. ІІ-тоқсанда профилактикалық бақылау жұмыстарына тізім енгізілмеген. ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ 2026 жылғы 03-13 ақпан аралығында қаладағы 12 келешек мектептерінің білім беру қызметіне көшпелі мониторинг жүргізілді. Мониторинг жұмыстарына Шымкент қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлері қатысты. Мониторинг 6 бағытты қамтыды: кадр құрамы, мектепішілік бақылау, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары, «Адал Азамат» бағдарламасының орындалуы, кітап қоры; мектептің санитарлық жағдайы. 2026 жылғы 08-22 маусым аралығында мектептердің жаңа оқу жылына дайындық барысына мониторингтің І-кезеңі жүргізілді. Мониторингке 162 мектеп қамтылды. Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 маусым – 06 шілде аралығында 40 мектепте мектепішілік бақылау жұмыстарына мониторинг жүргізілуде. АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ Департамент тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Dokso-Shymkent Departamenti», «Dokso Shymkent» және «Instagarm» әлеуметтік желісінде «Doksoshymkent» атауымен парақшалар ашылған. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы ең өзекті ақпараттар және Департаментттің атқарған жұмыстары бойынша мәліметтер, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары уақытылы екі тілде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарындағы сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары брифинг, семинар-кеңес, БАҚ және телеарналарда сұқбат арқылы жүргізілді. Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту)өткізілді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ІІ ТОҚСАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 2026 жылғы ІІ тоқсанда Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау 2026 жылғы ІІ тоқсанда мемлекеттік аттестаттау 25 балабақшада (25 жекеменшік) жүргізілді. Барлық білім беру ұйымына әдістемелік ұсыным жасалды. 2026 жылғы маусым айында 25 балабақшада (25 жекеменшік) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша сәйкессіздіктер анықталып, бару арқылы мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілуде. Анықталған бұзушылықтар: - жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді; - тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының бастапқы, аралық, қорытынды бақылау нәтижелері бойынша дамыту, түзету іс-шаралары талаптарға сәйкес жасалмады; - мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы; - тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы. Жоспардан тыс тексеру 2026 жылғы ІІ-тоқсанда 10 білім беру ұйымдарында (4 балабақша, 4 мектеп, 2 білім басқармасы)жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 10 тексерудің 7-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 3-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген. Нәтижесінде барлық 10 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды (балабақша–4(жекем), мектеп–4(1 мемл., 3 жекем), Білім басқармасы - 2). Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 4 мектептің (1 мемл., 3 жекем) лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау 2026 жылғы ІІ-тоқсанда е-otinish порталы арқылы 208 арыз-шағым тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 116 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 94 жеке тұлғалардаң келген өтініштерге жауап берілді (әкімшілік акт қабылданды – 41, авторға жауап берілді -12, тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) – 14, Назарға алынды (ӘРПК 89-бап) – 1, Басқасы – 23). 9 арыз қаралуда. Әкімшілік істерді жүргізу 2026 жылдың ІІ тоқсанында Департамент тарапынан 21әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 9, жеке тұлғаға - 12)жүргізілді. Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 9 әкімшілік іс - 4 балабақша (жекеменшік), 5 мектеп (1мемл., 4 жекем). Жеке тұлғаларға қатысты: 12әкімшілік іс ата-анаға қатысты (ескерту-6,айыппұл – 6) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін). 4 мектептің (1 мемл., 3 жекем) лицензиясының қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 1 жекеменшік мектептің құжаттары сотпен қарау үшін жолданған. 21 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 9 заңды тұлғаға, 6 жеке тұлғаға, жалпы 150 АЕК (648 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ 2026 жылғы 08-22 маусым аралығында мектептердің жаңа оқу жылына дайындық барысына мониторингтің І-кезеңі жүргізілді. Мониторингке 162 мектеп қамтылды. Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 маусым – 06 шілде аралығында 40 мектепте мектепішілік бақылау жұмыстарына мониторинг жүргізілуде. АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ Департамент тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Dokso-Shymkent Departamenti», «Dokso Shymkent» және «Instagarm» әлеуметтік желісінде «Doksoshymkent» атауымен парақшалар ашылған. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы ең өзекті ақпараттар және Департаментттің атқарған жұмыстары бойынша мәліметтер, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары уақытылы екі тілде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарындағы сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары брифинг, семинар-кеңес, БАҚ және телеарналарда сұқбат арқылы жүргізілді. Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту)өткізілді.