Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдағы 1 тоқсан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген қызметі туралы есеп

    ·
    1. Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

      Жұмыс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылды.

      Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері бойынша тұрақты негізде консультативтік көмек көрсетілді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікті түсіндіруге, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындауға бағытталған көзқарасты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинарлар мен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шаралар барысында:

      • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелері;
      • мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу шаралары;
      • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік;
      • мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
    Жүктеу
    edb36887eb7a2bbfb2294e0ce0e63e7b_original.17729.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бағалау жүргізілді

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ-тоқсанында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

    Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас ж...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

    МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 2026 жылғы бірінші жартыжылдығында Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төменд...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ІІ ТОҚСАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

    МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 2026 жылғы ІІ тоқсанда Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс тү...

    Жарияланды: