МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
2026 жылғы бірінші жартыжылдығында Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау
2026 жылғы бірінші жартыжылдығында мемлекеттік аттестаттау 34 балабақшада (3 мемл., 31 жекеменшік) жүргізілді. Барлық білім беру ұйымына әдістемелік ұсыным жасалды.
2026 жылғы қаңтар айында 9 балабақша (3 мемл., 6 жекеменшік) мемлекеттік аттестаттаудан өтпесе, 2026 жылғы маусым айында 25 балабақшада (25 жекеменшік) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша сәйкессіздіктер анықталып, бару арқылы мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілуде.
Анықталған бұзушылықтар:
- жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді;
- тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының бастапқы, аралық, қорытынды бақылау нәтижелері бойынша дамыту, түзету іс-шаралары талаптарға сәйкес жасалмады;
- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;
- тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы.
Жоспардан тыс тексеру
2026 жылғы бірінші жартыжылдығында 18 білім беру ұйымдарында (5 балабақша, 10 мектеп, 1 колледж, 2 білім басқармасы) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
18 тексерудің 9-ы жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 9-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген.
Нәтижесінде барлық 18 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды.
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 7 мектептің (3 мемл., 4 жекем) және 1 колледждің (жекем) лицензиясының қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға, 12 заңды тұлғаға, жалпы 190 АЕК (821 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Оның ішінде:
2026 жылғы І-тоқсанда 8 білім беру ұйымдарында (1 балабақша, 6 мектеп, 1 колледж) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
8 тексерудің 2-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 6-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген.
Нәтижесінде барлық 8 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды ( балабақша–1(жекем), мектеп–5(2 мемл., 3 жекем), колледж-1(жекем).
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 3 мектептің (2 мемл., 1 жекем) және 1 колледждің (жекем) лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. 7 білім беру ұйымына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға, 4 заңды тұлғаға, жалпы 70 АЕК (302 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
2026 жылғы ІІ-тоқсанда 10 білім беру ұйымдарында (4 балабақша, 4 мектеп, 2 білім басқармасы) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
10 тексерудің 7-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 3-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген.
Нәтижесінде барлық 10 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды ( балабақша–4(жекем), мектеп–4(1 мемл., 3 жекем), Білім басқармасы - 2).
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 4 мектептің (1 мемл., 3 жекем) лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 8 заңды тұлғаға, жалпы 120 АЕК (519 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
2026 жылғы бірінші жартыжылдығында Департамент тарапынан е-otinish порталы арқылы 373 арыз-шағым тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 205 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 165 жеке тұлғалардаң келген өтініштерге жауап берілді (әкімшілік акт қабылданды – 78, авторға жауап берілді -16, тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) – 31, yазарға алынды (ӘРПК 89-бап) – 1, Басқасы – 33). 9 арыз қаралуда.
Оның ішінде, 2026 жылғы 2-тоқсанда е-otinish порталы арқылы 208 арыз-шағым тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 116 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 94 жеке тұлғалардаң келген өтініштерге жауап берілді (әкімшілік акт қабылданды – 41, авторға жауап берілді -12, тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) – 14, Назарға алынды (ӘРПК 89-бап) – 1, Басқасы – 23). 9 арыз қаралуда.
Әкімшілік істерді жүргізу
2026 жылғы бірінші жартыжылдығында Департамент тарапынан 118әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 16, жеке тұлғаға - 102) жүргізілді.
Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 16 әкімшілік іс - 5 балабақша (1 мемл., 4 жекем.), 10 мектеп (3мемл., 7 жекем), 1 колледж (жекем).
Жеке тұлғаларға қатысты: 102әкімшілікіс ата-анаға қатысты (ескерту-44,айыппұл – 58) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін - 98, сабаққа қатыспағаны үшін – 4).
7 мектептің (3 мемл., 4 жекем)және 1 колледждің (жекем) лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберілді.
118 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2 лауазымды тұлғаға, 14 заңды тұлғаға, 96 жеке тұлғаға, жалпы 470 АЕК (2 032 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Оның ішінде:
2026 жылдың І тоқсанында Департамент тарапынан 97әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 7, жеке тұлғаға - 90) жүргізілді.
Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 7 әкімшілік іс - 1 балабақша (мемл), 5 мектеп (2 мемл., 3 жекем), 1 колледж (жекем).
Жеке тұлғаларға қатысты: 90әкімшілік іс ата-анаға қатысты ( ескерту-38,айыппұл – 52) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін - 86, сабаққа қатыспағаны үшін – 4).
3 мектептің (2 мемл., 1 жекем)және 1 колледждің(жекем) лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберілді.
97 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2 лауазымды тұлғаға, 5 заңды тұлғаға, 90 жеке тұлғаға, жалпы 320 АЕК (1 384 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
2026 жылдың ІІ тоқсанында Департамент тарапынан 21әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 9, жеке тұлғаға - 12) жүргізілді.
Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 9 әкімшілік іс - 4 балабақша (жекеменшік), 5 мектеп (1мемл., 4 жекем).
Жеке тұлғаларға қатысты: 12әкімшілік іс ата-анаға қатысты (ескерту-6,айыппұл – 6) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін).
4 мектептің (1 мемл., 3 жекем) лицензиясының қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 1 жекеменшік мектептің құжаттары сотпен қарау үшін жолданған.
21 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 9 заңды тұлғаға, 6 жеке тұлғаға, жалпы 150 АЕК (648 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Профилактикалық бақылау
2026 жылғы бірінші жартыжылдығында бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстары 5 білім беру ұйымында (3 балабақша, 2 мектеп) жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама берілді. Аталған жұмыстар І-тоқсанда жүргізілді. ІІ-тоқсанда профилактикалық бақылау жұмыстарына тізім енгізілмеген.
ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ
2026 жылғы 03-13 ақпан аралығында қаладағы 12 келешек мектептерінің білім беру қызметіне көшпелі мониторинг жүргізілді. Мониторинг жұмыстарына Шымкент қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлері қатысты.
Мониторинг 6 бағытты қамтыды: кадр құрамы, мектепішілік бақылау, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары, «Адал Азамат» бағдарламасының орындалуы, кітап қоры; мектептің санитарлық жағдайы.
2026 жылғы 08-22 маусым аралығында мектептердің жаңа оқу жылына дайындық барысына мониторингтің І-кезеңі жүргізілді. Мониторингке 162 мектеп қамтылды.
Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 маусым – 06 шілде аралығында 40 мектепте мектепішілік бақылау жұмыстарына мониторинг жүргізілуде.
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
Департамент тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Dokso-Shymkent Departamenti», «Dokso Shymkent» және «Instagarm» әлеуметтік желісінде «Doksoshymkent» атауымен парақшалар ашылған. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы ең өзекті ақпараттар және Департаментттің атқарған жұмыстары бойынша мәліметтер, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары уақытылы екі тілде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарындағы сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары брифинг, семинар-кеңес, БАҚ және телеарналарда сұқбат арқылы жүргізілді.
Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту) өткізілді.