Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған және білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Департамент тарапынан 2026 жылғы ІІ тоқсанда мемлекеттік аттестаттау 25 жекеменшік балабақшада жүргізілді.
Қазіргі таңда Қағидалар талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін 2 балабақша (AL-NUR 7» бөбек жай бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,«БИІК БЕЛЕС» Мектеп-бөбекжай-бақша» кешені» жеке мекемесінің №2 филиалы) белгіленген мерзімде Департаментке анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынды.
Аттестаттау комиссиясы 2 балабақшаға бару арқылы мемлекеттік бағалау жұмыстарын жүргізді. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды рәсімделді.