Қызметкерлер — Жарма аудандық мәслихатының аппараты

    Жарма аудандық мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Оспанбаев Мейрхан Мелисович
    Мәслихатының төрағасы

    Оспанбаев Мейрхан Мелисович

    Жарма аудандық мәслихатының төрағасы

    Оспанбаев Мейірхан Мелісұлы 1980 жылдың 28 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. 1987 жылы аталмыш ауданға қарасты Қосағаш ауылының Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1997 жылы ойдағыдай тәмамдап, 1998 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы журналист мамандыған алып шықты. 2004 жылға дейін түрлі салада жұмыс істеп, осы жылдың тамыз айында Жарма аудандық қазіргі «Қалба тынысы» газетінде өз мамандығы бойынша тілші болып еңбек жолын бастады. Аз уақыт ішінде газеттің жауапты хатшысы, редактор орынбасары болып еңбек сатысымен көтерілді. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығын иеленді. 2016 жылы Жарма аудандық мәслихатының депутаты ретінде сайланып, аудандық мәслихаты құрамындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясына басшылық етті. 2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдап, құқық магистрі атанды. Дәл осы жылдан бастап Қазақстан Журналистер одағына мүшелік етеді. Қоғам дамуына қосқан үлесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы төсбелгісімен марапатталды. 2021 жылдың қаңтарында өткен сайлау нәтижесінде «АМАNАТ» партиясы атынан Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты ретінде сайланды. 2021 жылдың 14 қаңтарында VII шақырылымның бірінші ұйымдастыру сессиясында Жарма аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2023 жылдың 30 наурызында, Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының VІII шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессия отырысында мәслихат төрағасы лауазымына сайланды. Үйленген. 3 баланың әкесі.

    Басқа қызметкерлер

    17
    Оспанбаев Мейрхан Мелисович
    Мәслихат депутат

    Оспанбаев Мейрхан Мелисович

    Жарма аудандық мәслихатының №7 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Оспанбаев Мейірхан Мелісұлы 1980 жылдың 28 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. 1987 жылы аталмыш ауданға қарасты Қосағаш ауылының Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1997 жылы ойдағыдай тәмамдап, 1998 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы журналист мамандыған алып шықты. 2004 жылға дейін түрлі салада жұмыс істеп, осы жылдың тамыз айында Жарма аудандық қазіргі «Қалба тынысы» газетінде өз мамандығы бойынша тілші болып еңбек жолын бастады. Аз уақыт ішінде газеттің жауапты хатшысы, редактор орынбасары болып еңбек сатысымен көтерілді. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығын иеленді. 2016 жылы Жарма аудандық мәслихатының депутаты ретінде сайланып, аудандық мәслихаты құрамындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясына басшылық етті. 2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдап, құқық магистрі атанды. Дәл осы жылдан бастап Қазақстан Журналистер одағына мүшелік етеді. Қоғам дамуына қосқан үлесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы төсбелгісімен марапатталды. 2021 жылдың қаңтарында өткен сайлау нәтижесінде «АМАNАТ» партиясы атынан Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты ретінде сайланды. 2021 жылдың 14 қаңтарында VII шақырылымның бірінші ұйымдастыру сессиясында Жарма аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2023 жылдың 30 наурызында, Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының VІII шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессия отырысында мәслихат төрағасы лауазымына сайланды. Үйленген. 3 баланың әкесі.

    Заирбеков Нуржан Заирбекович
    Мәслихат депутат

    Заирбеков Нуржан Заирбекович

    Жарма аудандық мәслихатының №8 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    1988 жылы 12 желтоқсанда Жарма ауданы, Үшбиік ауылында туған. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. 2010 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Мамандығы: автоматтандыру және басқару. Абай облысы, Жарма ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры. Қазақстан Республикасы, Жарма аудандық мәслихатының сегізінші шақырылым депутаты.

    Догалбаев Кайратбек Жумагельдинович
    Мәслихат депутат

    Догалбаев Кайратбек Жумагельдинович

    Жарма аудандық мәслихатының № 4 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Догалбаев Кайратбек Жумагельдинович Қазақстан Республикасының азаматы 17.10.1964 жылы Семей облысы Шар ауданы Юбилейный қалашығында жұмысшы отбасында дүниеге келді. 1971 жылы Юбилейный қалашығындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепті 1981 жылы бітірді. 1981 жылы Семей медицина интитутына емдеу ісі факультетіне түсіп, 1987 жылы біріді. 1984-1985 жыл аралығында Семей қаласында оқып жүріп, фельдшер қызметін атқарды. 1987-1988ж. аралығында Өскемен қаласында облыстық ауруханада анестезиология-реаниматологияда интернатура өтті. 1988-1990ж аралығында әскери медициналық пункттің бастығы қызметін атқарды. 1990жылдан Жарма орталық аудандық ауруханаға дәрігер анестезиолог-реаниматолог қызметіне орналасты. 1994 жылдан бастап осы аталған ауруханада жан сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін, бүгінгі күнге дейін атқарып жүр. «Аманат» партиясының мүшесі. 2016-2021 жылдар аралығында Жарма аудандық мәслихатының 6-шақырылымының депутаты болды. 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап Жарма аудандық мәслихатының 7-шақырылым депутаты. 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Жарма аудандық мәслихатының 8-шақырылым депутаты. Үйленген, үш баласы бар.

    Нургалиев Азамат Канафьянович
    Мәслихат депутат

    Нургалиев Азамат Канафьянович

    Жарма аудандық мәслихатының №6 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Нұрғалиев Азамат Қанафьянұлы, 1983 жылы 8 қарашада туған, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кенті. 1990-2000 жж. Жаңғызтөбе орта мектебінде оқыды. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әскери борышын өтеген. 2004-2007 жылдары – «СФЭК» Семей қаржы-экономикалық колледжі, кеден ісі мамандығы бойынша. 2010-2014 жылдары Қазақстан теміржол университетін және Алматы қаласындағы «КУПС» Одағын «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 04.12.2004-18.03.2006 ж – Жаңғызтөбі мұнай базасы, жабдық операторы лауазымы; 20.03.2006-11.01.2010 – «ҚТЖ» АҚ Семей жол бөлімшесі Жаңғыз-Төбе стансасы сөндіргіш постының кезекшісі. 01.11.2010 - 01.04.2013 ж – «ҚТЖ» АҚ Семей жол бөлімшесі Жаңғыз-Төбе стансасы станциясы бойынша кезекші. 01.04.2013-03.03.2014 – «ҚТЖ» АҚ Семей жол бөлімі Семей стансасы жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімі. 03.03.2014 - 07.02.2019 ж – «ҚТЖ» АҚ Семей жол бөлімшесі Жаңғыз-Төбе станциясы, станция бастығы. 06.05.2019-01.06.2020 – «ҚТЖ» АҚ Семей жол бөлімшесі Жаңғыз-Төбе станциясының тауар кассиры. 11.02.2020-03.04.2020 – «ҚТЖ» АҚ Семей автожол және желі бөлімшесі. Жаңасемей жол дистанциясы Жаңғыз-Төбе станциясының жол слесарі. 05.03.2020-02.02.2022 – «ҚТЖ» АҚ Семей филиалы Жүк тасымалы Жаңғыз-Төбе станциясының пойыз құрастырушы. 03.03.2022 – бүгінгі күнге дейін – «ҚТЖ» АҚ Семей филиалы Жүк тасымалы Жаңғыз-Төбе станциясының бастығы.

    Бейсембаева Меруерт Ертаевна
    Мәслихат депутат

    Бейсембаева Меруерт Ертаевна

    Жарма аудандық мәслихатының №10 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Бейсембаева Меруерт Ертаевна, 1989 жылы 30 наурызда Семей облысы Шар ауданы Шар қаласында дүниеге келді. 2007 жылы Шар қаласындағы Абай атындағы орта мектебін бітірді. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша тәмамдады. 2023 жылы «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолын 2011 жылы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» ММ-де әлеуметтік педагог және география пәні мұғалімі ретінде бастап, 2015-2017 жылдар аралығында тәлімгер және география пәні мұғалімі ретінде қызмет етті. 2017 жылы 1 қыркүйекте осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2022 жыл 30 қыркүйектен бастап «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды. Спортты жаны сүйеді, волейбол, теннис ойындарын жоғары шеберлікпен меңгереді. Музыка мен поэзияға қызығушылығы басым. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, кез-келген ортада көшбасшылық қабілетке ие бола алады. Қалалық әйелдер қоғамы кеңесінің белді мүшесі. Қаланың қоғамдық мәселелерін шешуде әрдайым белсенділік танытып, араласып отырады. Туған жерінің патриоты. Қаланың гүлденуіне, халқының әлеуметтік тұрмысының жандануына алдағы уақытта да үн қосып, қолтаңбасын қалдырғысы келеді. Азаматтық позициясы берік, мақсаттары айқын. 2 баланың анасы, сүйікті жар, туыстарына сыйлы, ұжымдастарының арасында абыройлы жан.

    Ибрагимов Олжас Илдусович
    Мәслихат депутат

    Ибрагимов Олжас Илдусович

    Жарма аудандық мәслихатының №9 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Ибрагимов Олжас Илдусұлы - 1982 жылы 28 сәуірде Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Н.К. Крупская атындағы орта мектепті 1999 жылы бітірген. Шалабай ауылында, Семей қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университетке түсті. 2003 жылы заңгер мамандығын алып, Шалабай ауылында Н.К. Крупская орта мектебінде құқық негіздері пәнінен ұстаздық етіп, еңбек жолын бастады. 2007 жылы «Шалабай» ЖШС ұжымына мал маманы, одан кейін 2011 жылы мал шаруашылығының бас маманы болып тағайындалды. 2015 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы «Етті мал шаруашылығы» мамандығы бойынша курсты бітірді. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің № 101 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы аясында шетелдік мамандарды тарта отырып, етті бағыттағы мал шаруашылығы курсында болды. 2014 жылы «Етті мал шаруашылығы» атты халықаралық семинарға қатысты. Сол жылы «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша басшылар мен мамандарды даярлау» курсын аяқтады. 2015 жылдың 29 мамырында «ТМД елдері мен Моңғолиядағы АӨК менеджменті» бағдарламасы бойынша Жапонияда білім алды. 2022 жылдың 04 сәуірінде «Шалабай» ЖШС-нің атқарушы директоры болып тағайындалды. 2022 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін «Шалабай» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды. Ұзақ жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және «Шалабай» ЖШС дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірнеше рет марапатталған. Бірнеше алғыс хаттары, Құрмет грамоталары және медальдары бар 2008 жылы «Мал бригадасы жұмысындағы жетістіктері үшін» грамотасымен марапатталды. 2010 жылы «Ауыл шаруаштығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» грамотасымен марапатталды. 2013 жылы «Жыл маманы 2013» номинациясында ұлттық сертификаты бар. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес рейтингін ұйымдастыру комитеті төрағасының қолынан «Ерен еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен марапатталды. 2015 жылы«Шалабай» ЖШС-ның он жылдық мерейтойына орай «Еңбектегі ерекше жетістіктері және «Шалабай» асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. 2015 ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтің Құрмет грамотасы. 2015 жылы «Шалабай» ЖШС-ның он жылдық мерейтойлық медальмен марапатталды. 2016 жылы Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықовтың Алғыс хаты 2016 жылы «Үздік басшы, мал шаруашылығы жетекшісі» номинациясы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкері күніне арналған құрмет грамотасы. 2020 жылы 15 жылдық мерейтой күні «Шалабай» ЖШС мерейтойлық медальмен марапатталды. 2021 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашокеевтің Құрмет грамотасы. 2022 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашокеевтің Құрмет грамотасы. 2023 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Е.Қарашокеевтің «Ауыл шаруашылығы саласынын үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Дастанов Куат Кабиденович
    Мәслихат депутат

    Дастанов Куат Кабиденович

    Жарма аудандық мәслихатының №5 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Дастанов Куат Кабиденович 1969 жылы 4 тамызда Семей облысы Шар ауданы Белтерек совхозында дүниеге келген. 1976 жылы «Белтерек» орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1986 жылы мектепті жақсы бітіріп шықты. 1986-1987 жылдары «Белтерек» совхозы ауылшаруашылығы саласында механизатор болып жұмыс істеді 1987-1989 жылдары әскери борышын өтеп келгеннен кейін,1989-1990 жылдары аталған ауылда көлік жүргізуші болып жұмыс атқарды. Білімі жоғары. 1990 жылы Семейдің зооветеринарлық институтына оқуға түсіп, мал дәрігері мамандығы бойынша оқуын тамамдады. 1995-2013 жылдары арасында Семей қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2013 жылдан бастап, Белтерек ауылындағы «Ильяс» шаруақожалығының басшысы қызметін атқаруда. Отбасылық жағдайы: отбасылы әйелі , қызы тұрмыста, ұлы геология саласында қызмет етеді.

    Рамазан Мейір Қайырғазыұлы
    Мәслихат депутат

    Рамазан Мейір Қайырғазыұлы

    Жарма аудандық мәслихатының № 1 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Рамазан Мейір Қайырғазыұлы 1994 жылы 21 маусымда Семей облысы Шар ауданы Шар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы - Семей қаласындағы №34 жалпы орта мектеп бітірді. 2016 жылы - Әлихан Бөкейханов атындағы университетін «Тарих» мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік –инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолы: 2016 –2019 жылдары «Бөдене орта мектебі» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі; 2019 – 2020 жылдары «Жарма ауданы Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры; 2020 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» КММ-де тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. 2021-2022 жж. жетінші шақырылымдағы Жарма аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. 2023 жылы Сегізіңші шақырылымдағы Жарма аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

    Садыкова Найля Мерекеновна
    Мәслихат депутат

    Садыкова Найля Мерекеновна

    Жарма аудандық мәслихатының № 3 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Садықова Найля Мерекенқызы 1976 жылы 10 қазанда Семей облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келдім. Білімі жоғары: 1990 – 1995жж.. - М. О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, Семей қаласы, мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі 1996 – 2001жж.. - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қаласы, мамандығы: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 2009 – 2012жж.. - Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қаласы, мамандығы: Экономика Еңбек қызметі: 1997-2007жж.. - "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі, Қалбатау ауылы 2007-2009жж.. - Қалбатау ауылы," Маяковский атындағы орта мектебі " КММ әдіскер 2009-2010жж.. - "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қалбатау ауылы 2010-2012жж.. - "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Қалбатау ауылы 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қалбатау ауылы, "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ директоры Қоғамдық қызметі: Бастауыш партия ұйымының төрайымы, партияның аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, партияның аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі. Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты Марапаттар: Жарма ауданы әкімінің Құрмет Грамоталары, ШҚО білім басқармасының Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамоталары, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл"мерекелік медалі Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Тулеубаева Курма Нукеновна
    Мәслихат депутат

    Тулеубаева Курма Нукеновна

    Жарма аудандық мәслихатының №2 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Тулеубаева Құрма Нукеновна 1964 жылы 1 желтоқсанда Шар ауданы Белогорка ауылында дуниеге келген. 1985 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалықтучилищесінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіреді. Еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі және тарих мұғалімі ретінде Перьятинка ауылындағы «Верный путь» сегізжылдық мектебінде бастайды. 1997-2004 жылдары Үкілі ауылында «Верный путь»негізгі мектебінің директоры. 2004 – 2007 жылдар аралығында білім саласында еңбек еткен. 2007-2020 жж. Мәскеу гештальт терапия институтын бітірген, мамандығы психотерапевт. 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін –Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры болып жұмыс атқарды. 6, 7, 8 шақырылымдарының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі. 2021 жылдың 11 наурызынан бастап «Жарма-Адалдық аланы» жобалық кеңсесінің жетекшісі. 1985-1997 жылдары Семей облысы Жарма ауданы Үкілі ауылындағы "Верный путь" негізгі мектебінің бастауыш және тарих мұғалімі. 1997-2004 жылдары Семей облысы Жарма ауданы Үкілі ауылындағы "Верный путь" негізгі мектебінің директоры. 2004-2007 жылдары ШҚО Жарма ауданы Божығұр ауылдық округінің әкімі, Салқынтөбе а. 2007-2008 жылдары "Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ-нің басшысы, Қалбатау ауылы Жарма ауданы ШҚО. 2008-2009 жылдары "Жарма ауданының білім бөлімі" ММ-нің методисті, Қалбатау ауылы Жарма ауданы ШҚО. 2010-2013 жылдары Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназия жанындағы мектеп-интернатының меңгерушісі Қалбатау ауылы Жарма ауданы ШҚО. 2013-2014 жылдары ШҚО білім басқармысының «Шығыс» аймақтық орталығы» КММ кабинетінің меңгерушісі, Өскемен қаласы ШҚО. 2014-2017 жылдары «Жарма аудандық әлеуметтік қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Қалбатау ауылы Жарма ауданы ШҚО. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы «Жарма ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры. «Аманат» партиясының мүшесі. 2016-2021 жылдары Жарма аудандық мәслихатының VI -шақырылым депутаты 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап Жарма аудандық мәслихатының VII -шақырылым депутаты 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Жарма аудандық мәслихатының VIII -шақырылым депутаты

    Караканов Марат Сагындыкович
    Мәслихат депутат

    Караканов Марат Сагындыкович

    Жарма аудандық мәслихатының №12 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Караканов Марат Сагындыкович Жеке кәсіпкер, қала қоғамдастығы, «Ақ жол» партиясының мүшесі 1970 жылы туған, Семей облысы Чарск қаласының тумасы. Білімі: Білімі жоғары, Қазақ көлік университеті, «Көлік бөлімі» мамандығы бойынша Жоғары, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жұмыс тәжірибесі: 2018 жылдан бастап «Шар Тазалық» жеке кәсіпкерінің басшысы. 2014-2018 жж - «ТК-Сервис» ЖШС бригадирі. 2008-2014 жж - Аягөз пайдалану локомотивінің депо учаскелік бригадирі және кәсіподақ комитеті 2004-2008 - Семей пайдалану депосында жанар-жағармай техникі болып жұмыс істеді. 1997-2004 жж - облыстық олимпиадалық резерв спорт мектебінде самбодан жаттықтырушы болып жұмыс істеді 1992-1997 жж - кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 1991-1992 жж – Жасөспірімдер спорт мектебінде самбодан жаттықтырушы. Марапаттары мен жетістіктері: «Теміржолшылар аллеясы» жобасының авторы және орындаушысы, теміржол ғимаратын жаңартуды орындаушы. станциясы, орталық алаң жобасының тең авторы, Шар қаласындағы «Теміржолшылардың Құрмет тақтасы» жобасының авторы және орындаушысы. Грепплингтен екі дүркін әлем чемпионы. Самбодан әлемнің бес дүркін жүлдегері. Медальдар: «Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жарма ауданнан сіңірген ерекше» еңбегі үшін», «Самбо күресінің күресі», «Әскерилендірілген темір жол күзетінің» 10 жыл акционері, «Спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін». Аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен грамоталары.

    Карсакбаев Айбек Бакдаулетович
    Мәслихат депутат

    Карсакбаев Айбек Бакдаулетович

    Жарма аудандық мәслихатының №11 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты

    Карсакбаев Айбек Бакдаулетович 1964 жылы 18 тамызда Семей облысы, Абай ауданы Құндызды ауылында дуниеге келген. 1988 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтың педиатр дәрігері мамандығы бойынша оқып бітірді. 1988-1989 жж. Аралығында Семей облыстық балалар клиникалық ауруханасы базасында бір реттік тағылымдамадан өтіп, балалар хирургиясы мамандығын иеленеді. 2011 жылы «Медицина ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілді. Еңбек жолын 1989 жылы Бородулиха ауруханасында хирург дәрігері ретінде бастады. 2007 жылы «Ново-Шульба ауруханасы» КМҚК бас дәрігер ретінде ауыстырылды. 2011-2015 жылға дейін Жезкент ауылдық ауруханасының меңгерушісі. 2015-2016 жж. «Березка» КМҚК облыстық тубуркулехге қарсы санаторийдың бас дәрігері болып қызмет атқарды. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «Шар қалалық ауруханасы» ШЖҚҚМК бас дәрігері қызметін атқаруда. Жұмыс кезінде өзің білетін білікті маман ретінде көрсете білді. Жұмысын тиянақты, науқастар мен ұжым арасында лайықты құрметке ие. Жоғары ұйымдастурышылық және кәсібі касиеттері жоғары Өзінің жұмыс уақытына еңбекке адал қатынасы үші, еңбекқорлығы үшін жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін бірнеше мәрте Құрмет грамоталармен марапатталды. 2019 жылы қазақстанның ұлттық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі және халық денсаулығының игілігі жолындағы жанкиярлық еңбегі үшін «Алтын дәрігер» медалімен марапатталады.

    Масалім Шамысхан Ержанұлы
    Мәслихат депутат

    Масалім Шамысхан Ержанұлы

    Жарма аудандық мәслихатының VIII шақырылым №8 сайлау округінің депутаты

    Өмірбаян Масалім Шамысхан Ержанұлы 1996 жылы 23 маусымда Жарма ауданы Үшбиік ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Ақтайлақ би атындағы орта мектебін аяқтап, сол жылы Сарсен Аманжолов атында Шығыс Қазақстан университетінің “ дене шынықтыру және спорт “ мамандығына оқуға түсіп, 2017 жылы осы мамандық бойынша бакалавр атанған. 2018 жылы аталған университеттің дәл осы мамандығының магистры дипломын алған. 2018 жылы “ Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінде” бір жыл кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. 2021 жылы “Ақтайлақ би атындағы орта мектебіне” дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт жаттықтырушы мамандығына жұмысқа тұрып, әлі де сол жұмысты атқарып келеді. Қосымша Армрестлингтан жаттықтырушы қызметін атқарып жүр,оқушылары аудан,облыс,республика және де халықаралық жарыстардың жүлдегерлері! Шәмісхан Ержанұлы бірнеше оқушыларды қол күрес спорт түрінен жаттықтырып, облыс, Республика көлеміне дейін шығарып отырған. Өзі сол апорт түрінен әлемнің бірнеше дүркін жүлдегері атанған. Отбасылы, 3 баланың әкесі.