
Догалбаев Кайратбек Жумагельдинович
Жарма аудандық мәслихатының № 4 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты
Өмірбаян
Догалбаев Кайратбек Жумагельдинович Қазақстан Республикасының азаматы 17.10.1964 жылы Семей облысы Шар ауданы Юбилейный қалашығында жұмысшы отбасында дүниеге келді.
1971 жылы Юбилейный қалашығындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепті 1981 жылы бітірді.
1981 жылы Семей медицина интитутына емдеу ісі факультетіне түсіп, 1987 жылы біріді.
1984-1985 жыл аралығында Семей қаласында оқып жүріп, фельдшер қызметін атқарды.
1987-1988ж. аралығында Өскемен қаласында облыстық ауруханада анестезиология-реаниматологияда интернатура өтті.
1988-1990ж аралығында әскери медициналық пункттің бастығы қызметін атқарды.
1990жылдан Жарма орталық аудандық ауруханаға дәрігер анестезиолог-реаниматолог қызметіне орналасты.
1994 жылдан бастап осы аталған ауруханада жан сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін, бүгінгі күнге дейін атқарып жүр.
«Аманат» партиясының мүшесі.
2016-2021 жылдар аралығында Жарма аудандық мәслихатының 6-шақырылымының депутаты болды.
2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап Жарма аудандық мәслихатының7-шақырылымдепутаты.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап Жарма аудандық мәслихатының8-шақырылымдепутаты.
Үйленген, үш баласы бар.





