Оспанбаев Мейрхан Мелисович
Жарма аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Оспанбаев Мейірхан Мелісұлы 1980 жылдың 28 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген.
1987 жылы аталмыш ауданға қарасты Қосағаш ауылының Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1997 жылы ойдағыдай тәмамдап, 1998 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы журналист мамандыған алып шықты.
2004 жылға дейін түрлі салада жұмыс істеп, осы жылдың тамыз айында Жарма аудандық қазіргі «Қалба тынысы» газетінде өз мамандығы бойынша тілші болып еңбек жолын бастады. Аз уақыт ішінде газеттің жауапты хатшысы, редактор орынбасары болып еңбек сатысымен көтерілді.
2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығын иеленді.
2016 жылы Жарма аудандық мәслихатының депутаты ретінде сайланып, аудандық мәслихаты құрамындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясына басшылық етті.
2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдап, құқық магистрі атанды. Дәл осы жылдан бастап Қазақстан Журналистер одағына мүшелік етеді.
Қоғам дамуына қосқан үлесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы төсбелгісімен марапатталды.
2021 жылдың қаңтарында өткен сайлау нәтижесінде «АМАNАТ» партиясы атынан Жарма аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты ретінде сайланды. 2021 жылдың 14 қаңтарында VII шақырылымның бірінші ұйымдастыру сессиясында Жарма аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2023 жылдың 30 наурызында, Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының VІII шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессия отырысында мәслихат төрағасы лауазымына сайланды.
Үйленген. 3 баланың әкесі.
2004 жылға дейін түрлі салада жұмыс істеп, осы жылдың тамыз айында Жарма аудандық қазіргі «Қалба тынысы» газетінде өз мамандығы бойынша тілші болып еңбек жолын бастады. Аз уақыт ішінде газеттің жауапты хатшысы, редактор орынбасары болып еңбек сатысымен көтерілді.
2016 жылы Жарма аудандық мәслихатының депутаты ретінде сайланып, аудандық мәслихаты құрамындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясына басшылық етті