
Ибрагимов Олжас Илдусович
Жарма аудандық мәслихатының №9 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты
Өмірбаян
Ибрагимов Олжас Илдусұлы - 1982 жылы 28 сәуірде Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Н.К. Крупская атындағы орта мектепті 1999 жылы бітірген. Шалабай ауылында, Семей қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университетке түсті. 2003 жылы заңгер мамандығын алып, Шалабай ауылында Н.К. Крупская орта мектебінде құқық негіздері пәнінен ұстаздық етіп, еңбек жолын бастады.
2007 жылы «Шалабай» ЖШС ұжымына мал маманы, одан кейін 2011 жылы мал шаруашылығының бас маманы болып тағайындалды.
2015 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы «Етті мал шаруашылығы» мамандығы бойынша курсты бітірді.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің № 101 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы аясында шетелдік мамандарды тарта отырып, етті бағыттағы мал шаруашылығы курсында болды.
2014 жылы «Етті мал шаруашылығы» атты халықаралық семинарға қатысты. Сол жылы «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша басшылар мен мамандарды даярлау» курсын аяқтады.
2015 жылдың 29 мамырында «ТМД елдері мен Моңғолиядағы АӨК менеджменті» бағдарламасы бойынша Жапонияда білім алды.
2022 жылдың 04 сәуірінде «Шалабай» ЖШС-нің атқарушы директоры болып тағайындалды.
2022 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін «Шалабай» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Ұзақ жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және «Шалабай» ЖШС дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірнеше рет марапатталған.
Бірнеше алғыс хаттары, Құрмет грамоталары және медальдары бар
2008 жылы «Мал бригадасы жұмысындағы жетістіктері үшін» грамотасымен марапатталды.
2010 жылы «Ауыл шаруаштығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» грамотасымен марапатталды.
2013 жылы «Жыл маманы 2013» номинациясында ұлттық сертификаты бар.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес рейтингін ұйымдастыру комитеті төрағасының қолынан «Ерен еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен марапатталды.
2015 жылы«Шалабай» ЖШС-ның он жылдық мерейтойына орай «Еңбектегі ерекше жетістіктері және «Шалабай» асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
2015 ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтің Құрмет грамотасы.
2015 жылы «Шалабай» ЖШС-ның он жылдық мерейтойлық медальмен марапатталды.
2016 жылы Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықовтың Алғыс хаты
2016 жылы «Үздік басшы, мал шаруашылығы жетекшісі» номинациясы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкері күніне арналған құрмет грамотасы.
2020 жылы 15 жылдық мерейтой күні «Шалабай» ЖШС мерейтойлық медальмен марапатталды.
2021 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашокеевтің Құрмет грамотасы.
2022 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашокеевтің Құрмет грамотасы.
2023 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Е.Қарашокеевтің «Ауыл шаруашылығы саласынын үздігі» төсбелгісімен марапатталды.





