Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
«Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА ТАРАЗ – ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА МЕКЕН – ТАЗА БОЛАШАҚ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Басқарма басшысы азаматтарды жеке қабылдады
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық жастар сенбілігі өтті
Таразда «Тарихи өлкенің тазалығы» экологиялық акциясы өтті
Өңір экономикасын өрістететін табысты талпыныс
Құжаттар
Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру туралы хабарлама
«Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурс жариялайды. «Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ ұйымдастыратын конкурс телеарналар, мерзімді баспа басылымдар және интернет-ресурстар арасында, Талас және Т. Рысқұлов аудандарында мерзімді баспа басылымдар мен интернет-ресурстар арасында, Қордай ауданында телеарналар және Тараз қаласында интернет-ресурстар арасында өткізіледі. Тапсырысқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 1, 3-қабат, 306-кабинет мекенжайында орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ кеңсесінде 2026 жылғы9 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін қабылданады. Тапсырысқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 1 мекенжайында 2026 жылғы 10 қыркүйек сағат 11:00-де ашылады. Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды. Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы. Жылдар аралығында 558 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025 жылы – 72 ҮЕҰ). ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес)https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_): 1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; 3) қоршаған ортаны қорғау; 4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; 5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау; 7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету; 8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; 10) мәдениет пен өнерді дамыту; 11) тарихи-мәдени мұраны қорғау; 12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту; 13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу; 14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу; 15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу; 16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі2026 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықтарды беру қағидалары негізінде беріледіhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041). Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі: -Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ; - 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынған ҮЕҰ; - Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ. Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар: - үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері; - 2025 жылдың қортытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған ҮЕҰ; - соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды: 1) Қағидаларға1-қосымшағасәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш; 2) осы Қағидаларға2-қосымшағасәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға3-қосымшағасәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге); 4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған сала бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес); 5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда); 6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда); 7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін; 8) әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда). Ескерту: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі. Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін) [email protected](PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады. Өтінімді Сізге ыңғайлы тілде тапсыруға болады (қазақ немесе орыс тілдерінде). ҮЕҰ-ның өтінімдері екі кезеңмен қаралады: - бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды; - өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды. Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17. Ескерту! Өтінімді [email protected]электрондық мекенжайға жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз. Толтыруға қажетті қосымшалар нысандары Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылардыберу қағидаларына1-қосымша Нысан Кімге: Қазақстан РеспубликасыМәдениет және ақпарат министрлігіКімнен:____________________________(өтініш берушінің толық атауынкөрсету) Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға өтініш Осы өтінішпен ____________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауын көрсету) «______________________________________________________________» («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес саланы көрсету) саласы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді. Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________. ________________________________________________________________ Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 2-қосымша Сыйлықақыға ұсынылған ізденушінің сауалнамасы Р/с № Атауы Ақпарат (сыйлықақыға ұсынылған ізденуші толтырады) 1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үсынылған ізденушінің атауы 2. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні 3. Бизнес сәйкестендіру нөмірі 4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы 5. Нақты мекенжайы 6. Қызметінің нысанасы (Жарлыққа сәйкес) 7. Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес) 8. Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________. _________________________________________________________________________ Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына3-қосымша Нысан Сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама _________________________________________________ (үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету) 1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттап беріңіз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________ 2. «____________________________________________________________» (ұсынып отырған саланың толық атауын көрсету) саласы бойынша жұмыс тәжірибесі. р/с№ Әлеуметтік жобаның атауы(негізгі қызметтің қысқа сипаттамасы) Әлеуметтік жобаны іске асыру мерзімдері Әлеуметтік жобаның нәтижелері * Ағымдағы жобаларды қоса отырып, үкіметтік емес ұйымдар беретін ұсынып отырған саланың тақырыбына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда іске асырылған әлеуметтік жобалар көрсетіледі (ұйымның мамандары жеке негізде өздігінен өткізген немесе басқа ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен көрсетілетін қызметтер ұйымның өзінің тиісті тәжірибесі болып саналмайды). 3. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде Сіздің ұйымыңыздың тарапынан қандай қызмет инновациялары қолданылды, сипаттап беріңіз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________. _______________________________________________________________ Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)