«Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурс жариялайды.
«Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ ұйымдастыратын конкурс телеарналар, мерзімді баспа басылымдар және интернет-ресурстар арасында, Талас және Т. Рысқұлов аудандарында мерзімді баспа басылымдар мен интернет-ресурстар арасында, Қордай ауданында телеарналар және Тараз қаласында интернет-ресурстар арасында өткізіледі.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 1, 3-қабат, 306-кабинет мекенжайында орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ кеңсесінде 2026 жылғы9 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін қабылданады.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 1 мекенжайында 2026 жылғы 10 қыркүйек сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.